Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
69
темекі бұйымдарын өндіруге;
тұрғын үй құрылысына;
мемлекеттік оқу және медицина мекемелерін, қоғамдық-
сауықтыру кешендерін салуға;
геологиялық барлау жұмыстарына.
Қазақстан Даму Банкінің қаржыландыру көмегімен жаңғыр-
тылған өндірістер пайдалануға берілді
,
оның ішінде келесілерді
атап өтуге болады:
көлік саласында (Ақтау Теңіз Халықаралық Сауда
Портын солтүстік бағытта кеңейту және Түпқараған
шығанағында теңіз операцияларын қолдау базасын
дамыту шеңберінде айлақ салу жөніндегі жобалар);
Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін құруға
байланысты тоқыма және тігін өнеркәсібі («Ютекс» АҚ,
«Меланж» АҚ);
құрылыс индустриясында («Экотон+» АҚ, «Амитех
Қарасай Пайп» ЖШС, «Хобас Пайпс Қазақстан» ЖШС);
машина жасау саласында («Агромашхолдинг» АҚ,
«Оңтүстік полиметалл» өнеркәсіп корпорациясы» АҚ);
целлюлоза-қағаз өнеркәсібіндегі жобалар («Іле Картон-
қағаз комбинаты» АҚ, «Қазақстан қағазы» АҚ),
биоэтанолды өндіру жөніндегі «Биохим» өндірістік
кешенін құру жобасы және т.б. көптеген жобалар.
Негізгі несие қызметін жүзеге асырумен қатар, Қазақстан
Даму Банкі келесілерге қызмет көрсету бойынша агент
функцияларын орындайды:
қайтарымды негізде қаржыландырылатын республика-
лық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар
(бағдарламалар);
мемлекет кепілдік берген қарыздардың есебінен қаржы-
андырылатын жобалар.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ шетел валютасымен теңгеге қар-
сы және валютаны басқа валютаға қарсы айырбастау операция-
ларын жүргізеді.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
70
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ төлемдерді негізгі әлемдік валю-
таларда жүргізеді және шоттарға түсетін ақшалай қаражаттар
туралы ақпаратты шынайы уақыт режимінде алады. Банк
корреспонденттік қарым-қатынастар белгілеген және әлемдік
клирингтік банктерде JPMORGANCHASE BANK (США), ING
BANK AG (Голландия) және т.б. корреспонденттік шоттары
бар. Сонымен қатар, SWIFT (Sosiety for Worldwide Interbank
Financial Telecommunication) қатысушысы болып табылады, бұл
әлемнің кез келген еліндегі банктермен тез және құпия, жабық
түрде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсуін қамтамасыз
ету және Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға
көп көңіл бөледі. Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту тек
ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес,
сонымен қатар экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндет-
терді тез арада шешу мақсатында елге шетелдік инвесторларды
тартуға мүмкіндік береді.
Банк құрылған сәттен бастап Дүниежүзілік банк, HSBC,
Merrill Lynch, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Bank of
Tokyo Mitsubishi UFJ және т.б. ұйымдармен бірқатар
меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.
Достарыңызбен бөлісу: