Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет162/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

СЫРТҚЫ ҚҰЛАҚ
Сыртқы құлақ (auris externa) құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолынан тұрады.
Құлақ қалқаны (auricula) иілген жұп құрылым, бедері бойынша сопақшаға жақын, екі жағынан жұқа тері қабатымен қапталған шеміршекті табақша түрінде болады. Адамның құлақ қалқанының сыртқы жиегі шиыршық (helix); шиыршықтың алдындағы құрылым қайық (scapha); қайықты алдынан шектейтін шиыршық алды (antehelix); сыртқы есту жолын алдынан шектейтін кішігірім төмпе - бүртік (tragus); құлақ қалқанының шеміршек болмайтын төменгі бөлігі - сырғалық (lobus auriculae).
Адамның құлақ бұлшықеттері рудименттелгендіктен құлақ қалқанының қозғалысы өте аз немесе мүлдем қозғалмайды.
Сыртқы есту жолы (meatus acusticus externus) құлақ қалқанының иілген бетінің сыртқы есту тесігімен (porus acusticus extenus) басталатын терең бөлігі болып табылады. Сыртқы есту жолы ұзындығы 24 мм шамасында, кішігірім бұрыш жасап иілетін, алға және төмен ашылатын түтік. Оның сүйекті (үштен екі бөлігі) және шеміршекті (үштен бір бөлігі) бөліктерін ажыратады. Есту жолының шеміршегі құлақ қалқанының иілген жалғасы болып табылады. Ал сүйекті бөлігі самай сүйектің дабыл және қабыршақты бөліктерінен түзілген. Оның ішкі жиегінде дабылдық тілік (incisura tympanica) болады. Сыртқы есту жолы қасындағы тіндермен тығыз бітісетін, кейбірі құлық бөлетін тер бездері болатын терімен жабылған.


ОРТАҢҒЫ ҚҰЛАҚ
Ортаңғы құлақ (auris media) есту ағзасының самай сүйек тереңінде, оның қабыршақты, тасты және дабыл бөліктерінің қосылған жерінде орналасатын күрделі дыбыс өткізетін бөлігі болып табылады. Ортаңғы құлаққа дабыл қуысы, дабыл жарғағы, есту сүйекшелері және есту түтігі жатады.
Дабыл қуысы (cavitas tympanica) дұрыс емес пішінді, көлемі 1 cм3-ден аспайды. Оның алты қабырғасын ажыратады: дабыл қуысы төбесінен түзілетін - жамылғылық (paries tegmentalis); мойындырық шұңқырына сәйкес келетін - мойындырықтық (paries jugularis); ұйқы өзегінің қабырғасымен шектелетін - ұйқылық (paries caroticus); емізіктәрізді өсінді ұяшықтарымен жанасатын – ұяшықтық (paries mastoideus); дабыл жарғағының көп бөлігімен шектелетін - жарғақтық (paries membranaceus); ішкі құлақ лабиринтінің сыртқы беті болып табылатын - лабиринттік (paries labirinthicus) қабырғалары. Лабиринттік қабырғасында екі кішігірім тесік болады: үзеңгі негізімен жабылатын сопақ немесе кіреберіс терезесі (fenestra vestibuli) және екіншілік дабыл жарғағымен (membrane tympani secundaria) жабылатын дөңгелек немесе ұлу терезесі (fenestra cochleae). Қалыпты жағдайда дабыл қуысындағы ауа қысымы қоршаған ортадағы ауа қысымымен бірдей болады. Бұл оның есту түтігі (евстахиев түтігі) арқылы жұтқыншақтың мұрын бөлігімен байланысуымен негізделеді. Есту түтігінің дабыл тесігі (ostium tympanicum tube auditivae) дабыл қуысының алдыңғы медиалды бөлігінде орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет