Бүгінгі күнде бағдарлама негізінде 50 астам оқулықтар аударылған. Кітаптар Қазақстанның беделді университтеріне таратылып беріліп, электронды нұсқасы openu.kz сайтында орналастырылған. Авторлық құқықты сақтау мақсатында “pdf” нұсқасы жоқ. Сол себепті, оқушылармен оқулықтардың электрондық нұсқасын сайт көзінен скрин жасау арқылы немесе онлайн режимде оқуға мәжбүр болып отырмыз. Кітап дүкендерінде оқулық бағасы қалтамызды көтере бермейтінін атап өту керек. Сол себепті тек онлайн режимде оқу кейде қиындыққа ұшыратады. Осы мәселені шешу мақсатында Ұлттық аударма бюросына хабарласып, біздің мектепте жоба жүргізіліп жатқанын айтып, оқулықтар сұраған болатынбыз. Алдағы уақытта бізге оқулықтар келіп қалуы әбден мүмкін.