Оқу жылының басында оқушылар алдында іріктеліп алынған 40 жуық әдебиеттер тізімі 2 сыныпқа (жобаға қатысушы 9 және 10 сыныптар) берілді. Оқушылар 2 адамнан топтастырылып, қызығушылық танытқан 15 оқушыға бөлініп берілді. Таңдалынып алған әдебиеттер: Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы», Данн Росс Е., Лора Дж. Митчелдің «Panorama: Дүниежүзі тарихы» еңбегі, Джордж Ритцер, Джеффри Степницкидің «Әлеуметтану теориясы» оқулығы және Карен Армстронгтің «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты еңбегі. Әртүрлі балалар бір еңбекті қалай оқитындығын тексеру мақсатында 4 оқушыға бір оқулық берілді. Осы ретте мен нұсқаушы ретінде кітапты тиімді оқу тәсілдерін түсіндірдім. Біріншіден, тапсырма ретінде 300 беттік кітапты оқып бітіргеннен кейін 3 бет кітап бойынша өзінің ойын тұратын эссені жазуды бердім. Екіншіден, өз ойларыңызды қойын дәптерге жазуға, бөлуге болады. Кітапты бүктелген қағаздар қатарына айналдыру. Осындай мазмұнды оқудан кейін кітап шынымен сенікі болатындығы түсіндірілді. Үшіншіден, Кітапта не оқығаныңызды ұмытпас үшін достарыңызға бұл туралы айтып беруді және әлеуметтік желілерде, жеке блогтарында өз ойларымен бөлісуді нұсқау бердім. Smart Reading клиенттерінің көпшілігі ішкі семинарларды өткізеді, онда қызметкерлер кітаптармен бөліседі және әңгімелер айтады. Мұндай семинарлар достарыңыздың немесе тіпті отбасы мүшелерінің арасында өткізілуі мүмкіндігін айттым.