Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет76/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Халық кітаптары
Мәдениеттің дамуы нәтижесінде ескіліктен бас тартатын жаңа 
түсініктер пайда болды. Халықтың билеуші топқа қарсы наразылығы 
көркем әдебиетте де айқын көріне бастайды. Кітап шығару ісінің 
дамуы салдарынан әмбебап шығармалар қаһармандық ертегілерді 
біртіндеп ығыстырып шығарады, енді әдебиетке талантты, қайсар 
қаламгерлер келді. Олар өз мүдделерін батыл түрде қорғап, билеуші 
топ өкілдерін аяусыз әшкерелейді.
Халық кітаптарының туу негіздері әр қилы еді. Олардың кейбірі 
француз және неміс эпикалық дастандары, серілік романдары, 
христиан әпсаналары мен шванктерінің прозалық түрдегі 
баяндамасы болатын.
Халыққа арналған барлық кітаптардың мазмұны бірдей, барлығы 
да еңбекші халық мүддесін қорғайды деп айтуға әрине, болмайды. 
Қанаушы топ өкілдері тарапынан шығарылған және көбінесе 
христиандарша бағыныштылық рухты насихаттауға негізделген 
туындылар да көп болды.
XV ғасырдың соңы, XVI ғасырдың бастарында туып, даңққа 
бөленген шығармалардың бірі - қаңғыбас «Тиль Эйленшпигель» 
туралы халық кітабы.
Аңыздарда айтылуына қарағанда, XIV ғасырда Тиль есімді өте 
айлакер бала өмір сүрген, ол тапқырлығы арқасында халыққа кең 
танылып, аты аңызға айналады. Осы дәуірдегі көптеген қызықты 
хикаялар мен әңгімелер Тильдің есімімен байланысты болып келеді. 
«Тиль Эйленшпигель» атты халық кітабы (бірінші басылымы 
шамамен 1480 жылы) солар негізінде жазылған.
Қарапайым шаруаның ұлы болған Тиль жастайынан 
пысықтығымен көзге түседі. Ер жеткен соң, ол поптармен тартысады, 
маскүнем, тойымсыз князьдер мен дворяндарды мазақ қылады, 
өткір сөз, әзіл-әжуалармен аңғал мещандарды аяусыз сабалайды. 
Бір күні Тиль «науқастардың ішіндегі жағдайы нашарын отқа өртеп, 


213
олардың күлімен қалғандарын емдеуге дәрі жасамақшы» болады. 
Емдеудің мұндай «жаңа әдісін» естіген аурулар қаша жөнеледі. 
Тиль Эрфурдта «есекке сауат үйретемін» деп оқымысты-сымақ 
кісілерді де алдап соғады. 
Тиль Эйленшпигельдің тапқыр әзілі, ұтымды сөздері мен 
шешендігі орта ғасырдағы шіркеу тұрмысына қарсы болған халық 
наразылығының айқын көрінісі болатын. Сондықтан да, бұл образ 
әлемдік әдебиетте өз орнын алды. Ганс Сакс (XVI ғасыр) пен Шарль 
Костер (XI ғасыр) сияқты көптеген жазушылар Эйленшпигелъ 
туралы сюжетгі пайдалана отырып өздерінің тамаша туындыларын 
жазды.
«Атақты жәдігөй және сиқыршы доктор Иоганн Фауст туралы 
халық кітабы» Германияда алғаш рет 1587 жылы жарияланды. 
XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың бірінші жартысында өмір 
сүріп, қаңғыбас, қияли адам ретінде кең танымал болған, өзін 
«данышпандардың данышпанымын» деп атаған Фауст жайлы түрлі 
пікірлер бар. Таңғажайып нәрселер жасауда ол тіпті Христоспен де 
бәсекелескен-мыс.
Даңқы мен күш-құдіретін арттыру мақсатында шайтанмен 
одақтасқан дінсіз, жәдігөй туралы орта ғасырларда өмірге келген 
осы аңыз, гуманистік ойлар туып келе жаткан жаңа жағдайда 
өзгеше мазмұнға ие болады. Ерлік пен білімге құмар Фауст ескі 
әдет-ғұрып пен қағидалардан қорықпайды. Схолостикалық ілім 
ықпалынан арыла бастаған тұлғаның табиғат сырларын білуге 
ұмтылып, алға қарай әрекет жасауы халық аңызында осы образ 
арқылы бейнеленген.
Немісше «Фауст туралы халық кітабы» XVI ғасырдағы 
ағылшын драматургі Кристофер Марлоның «Доктор Фауст» атты 
трагедиясының жазылуына негіз болды. Фауст жайлы аңызды XVIII 
ғасырдағы неміс жазушылары да пайдаланды. Бұл тақырыпты ұлы 
неміс ақыны Гете тереңірек және кеңірек баяндады.
Серілік романдарды қайта өңдеу нәтижесінде туған көне «халық 
кітаптарының» қаһармандары да өз қасиеттерімен ерекшеленеді. 
Зигфрид айдаһарды жеңіп, ауыр жағдайда қалған қызды құтқарады. 
Эрнст әрқашан кедейлер мен әлсіздер жағында болады. Барбароссе 
айлакер папаға қарсы күреседі. Магелона туралы ертегіде 
адамгершілік идеялар айқын көрінеді. Шаруа баласы Тиль туралы 
шығарма қарапайым адамның күш-қайратын, ерлігін, даналығын 


214
бейнелеген нағыз халық кітабы дәрежесіне көтеріледі.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қайта өрлеу дәуіріндегі неміс әдебиетін қалай дәуірлейміз?
2. Неміс гуманистерінің «Қасиетті кітаптарды» терең үйренудегі 
мақсаттары не еді?
3. Себастьян Брант «Надандар кемесі» сатирасында кімдерді 
әшкереледі?
4. Иоганн Рейхлиннің тіл білімі саласындағы еңбегінің маңызы.
5. Ульрих фон Гуттеннің саяси көзқарастары қай шығармаларында 
айқын көрінеді?
6. Лютердің саяси көзқарастарында қандай қайшылықтар 
болды?
7. 
Халық 
кітаптарындағы 
мифтік-поэтикалық 
және 
натурпәлсапалық көріністерді түсіндіріңіз.
3-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет