Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет196/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

АЯҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ

Қол-аяқ сүйектерінің сынықтарының 16%-н аяқ сүйектерінің сынығы құрайды.


Сан сүйегінін сынуы.
Аяқ-қол сүйектерінін сынықтарының ішінде сан сүйегінің сынықтары 4% құрайды. Сынықтың орналасқан жеріне байланысты төмендегідей түрлерін ажыратады:

  • жоғарғы (проксимальдық) бөлігінің сынуы, дөңгелек буын басының эпифизиолизі, остеоэпизиолизі, сан сүйегінің мойнының және ұршықтардың (trxhouter) сынуы;

  • диафиздың сынуы – жоғарғы, орта, төменгі бөлігі;

  • төменгі (дистальды) метоэпифиздерінің сынуы.

Сан сүйегінің жоғарғы (проксималдық) метоэпифизінің жарақаттануы: дөңгелек буын басының эпифизиолизі және остеэпифизиолизі, ұршықтарының сынуы балаларда сирек кездеседі. Ол биіктен және бір жақ жанына құлағанда немесе ұршыққа тура тиген соққыдан пайда болады.
Клиникасы және диагностикасы. Сынған аяқ сыртқа қарай бұралып жатады, аяқ басын ішке қарай бұра алмайды, өкшесін төсектен жоғары көтере алмайды. Өзі, немесе басқа біреу сынған аяғын қимылдатса, жамбас буынында, шабында аурсыну сезімі ұлғаяды. Үлкен ұршық (вертел) ығысқандықтан Розер-Нелатон сызығынан жоғары тұрады. Сан сүйегінің мойнының сынуы және дөңгелек буын басының эпифизиолизі, остеоэпифизиолиздері буын ішіндегі сынықтар, ал ұршықтардың, ұршық арқылы немесе ұршықтары арасынан өтетін сынықтар буыннан тыс (латеральный) сынықтар болып есептеледі.
Емі. Сан сүйегінің мойыны сынғанда дөңгелек буын басының эпифизиолизі кезінде қаңқадан тарту әдісі қолданылады. Иммобилизация мерзімі 10-12 апта.
Консервативтік ем көмектеспеген жағдайда операция жасалады.
Үлкен ұршықтың сынуы сан сүйегінің ұршығына тікелей соққы тиген жағдайда туындайды.
Клиникасы. Үлкен ұршық маңайында ауырсыну сезімі білініп, аяқты қозғалтқанда және қолмен ұстағанда ауырсыну сезімінің күшеюі байқалады. Аяқ қимылы (функциясы) көбінесе сақталады.


Сурет VI. 15. Сан сүйегі мойнының базальды сынығы


Емі. Сынған аяқты орта физиологиялық жағдайда 3 аптаға Белер шинасына салып қояды, немесе сонша уақытқа гипстан лонгета салынады.
Кіші ұршықтың сынуы мықын - белдеме бұлшық еттің (m.iliopsas) жедел, үлкен күшпен жиырылуынан туындайды.
Клиникасы. Сынған жерде ауырсыну сезімі, санды ішке қарай тарту, жамбас-сан буынында бүгудің қиындалғандығы байқалады.
Емі. Үлкен ұршық сынған кезде зақымдалған аяқты Белер шинасына салып қояды, немесе гипстен лонгетасы салынады.
Сан сүйегінің диафизінің сынуы көп кездесетін жарақаттар қатарына жатады. Ол тікелей, немесе жанама күштердің әсерінен пайда болады. Көбінесе биіктіктен құлағанда, коньки мен шаңғы тепкенде, өрден сырғанағанда туындайды. Сынықтың орналасқан жеріне байланысты, сан сүйегінің диафизінің, жоғарға, ортаңғы, төменгі бөліктерінің сынуын ажыратады. Сынық жазығының қалай өтуіне байланысты көлденен, қиғаш, винт тәріздес және шытынаған сынықтар. болып бөлінеді. Сүйек сынықтарының ығысуы зақымдаушы күштің бағытына, дәрежесіне, сынықтың орналасқан жеріне байланысты болады.
Диагностикасы. Сан сүйегінін диафизінің жоғарғы бөлігі сынғанда, жоғарғы сүйек сынығы сыртқа, алдыға қарай ығысып, сыртқа айнала бұрылады (ротация), ал төменгі бөлігі - жоғарыға және ішке қарай жылжығандықтан, «галифе» тәріздес деформация пайда болады.
Сан сүйегінін ортанғы бөлігі сынғанда сүйек сынықтарының ығысуы жоғарыда айтылғандай, бірақ ығысу мөлшері азырақ болады, ал төменгі бөлігі сынғанда - жоғарғы сынық ішке қарай, төменгі сынық артқа және жоғарыға қарай жылжиды.
Сан сүйегінің сынуы кезінде сынық орнында ауырсынуды, сүйек бөліктерінің жылжымалылығын, сүйек қытырын, аяқтың қысқаруын, деформацияны анықтауға болады. Диагноз осы аталған клиникалық көрініске және рентгенография белгілеріне негізделіп қойылады.


Сурет VI. 16. Сан сүйегінің диафизінің сынығы


Емі. Балаларда сан сүйегінің сынықтарын емдеудің негізгі әдісі қаңқадан тарту болып табылады, 3 жасқа дейінгі балаларда ем Шеде әдісі бойынша өткізіледі. Ол үшін зақымдалған аяқты лейкопластырмен тік көтеріп, салмағы 1,5 – 2,0 кг гірмен тартып қояды.
Шеде емдеу тәсілі дұрыс жүруі үшін сау аяқты манжеткамен төсек бойына сәйкес ұстап, сынған санды жамбас буынында 900–қа бүгілген жағдайда ұстау қажет. Мазасыз балалардың екі аяғынан да жоғары тартып, асып қояды, бұл баланы күтуге ынғайлы болып табылады. Сан сүйегінің сынығы, 3 жасқа дейінгі балаларда орта есеппен 3-4 аптада бітеді, оны анықтау үшін рентгенография жасалуы тиіс.
Ересек балаларда қанқадан тарту әдісі қолданылады. Ол үшін спицаны сан сүйегінің төменгі метафизінен өткізіп, аяқты Белер шинасына салып, 3-5 кг жүк іліп, тартып қояды. Жүк денені тартып кетпеу үшін төсектің аяқ жағы 20-30 см көтеріледі. Сүйек сынықтарының дұрыс тұруы рентгенография арқылы бақыланады.
Сынған сүйектің біту мерзімі сынықтың түріне, орналасқан жеріне және баланың жасына байланысты. Үш жасқа дейінгі балаларда сынған сүйеіңкт біту мерзімі 3-4 апта болса, 4-7 жас арасында 4-6 аптаға созылады.
Ем дұрыс жүрмеген жағдайда сынған сүйек қисық бітуі немесе қысқаруы мүмкін. Жастары 3-5-тен аспаған балаларда аяқтың 1,5-2 см қысқаруы, өсе келе өздігінен жойылады. Аяқтың қысқару себебінен омыртқаның қисаюы, деформациялаушы артроз туындайды. Аяқ қисық біткен кезде, қысқарғанда, оларды түзету үшін операция жасалуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет