Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
Тізе буынының зақымдануы Балаларда тізе буын аймағында буын ішіндегі, буын манайындағы сынықтар және мениск пен байламдардың зақымдалуы жиі кездеседі.
Гемартроз - бұл тізе буынның ішкі құрылымының зақымдануы салдарынан буын ішінде қанның жиналуы.
Клиникасы мен диагностика. Гемартрозға тән көріністер: буынның ісінуі, сау буынға тән ойыс-қыртыстардың көрінбеуі, тізені бүккенде қатты ауырсыну, пальпация кезінде анықталатын толқын (флюктуация). Буын ішіндегі зақымдалудың бар жағын анықтау үшін рентгенография немесе артроскопия жасалуы қажет.
Сурет VI. 17. Сан сүйегінің төменгі эпифизінің остеоэпифизеолизі