96
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
Санау эдісі.
Науқастан мысалы, 100-ден немесе 200-ден 7, 17, 13 немесе
басқа санды алуын сұрап, қалдығын анықтатады.
Шульте таблицасынан санды іздеу.
5 таблицада шашылып орналасқан 1-ден
25-ке дейін сандарды дауыстап айтып көрсету керек. Қажудың жоғары деңгейінде
бір кестеге кететін уақыт аз болады. Церебральды атеросклерозбен ауыратын-
дар тапсырманы жиі тоқтап, ал эпилепсиямен ауыратындар баяу қарқында
орындайды.
10 сөзді жаттау.
Науқасқа бірнеше рет қайталап (5 ретке дейін) 10 сөзді
жаттатамыз. 50-60 мин кейін науқастан дайындықсыз түрде жаңағы сөздерді
қайталауын сұраймыз. Науқастың есінде қалған ақпарат бекітіледі: қызмет
нәтижесі графикалық, еске сақтау қисық сызығы түрінде көрсетіледі. Қалыпты
жағдайда ақпараттың есте сақталуы қайталаған сайын көбейеді, ал жоғары
қажуда, естің бұзылуында ол біртіндеп азаяды немесе бірқалыпта қалуы мүмкін.
Тұрақсыз назар әсерінен қисық сызық «зигзаг» тәрізді болады.
Келесі тест топтары ойлау мен интеллект мүмкіндіктерін зерттеуде
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: