Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕР ТТЕУ Л ЕР



Pdf көрінісі
бет49/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕР ТТЕУ Л ЕР
Психикалық ауруларды зерттегенде міндетті түрде зәр мен қанның жалпы 
және клиникалық анализдері болуы керек.
Бұдан кейін осындай зерттеулерді аурудың жағдайына байланысты жүйелі 
ж әне кезеңді түрде жүргізіп отырады. Бұл тек аурудың фонды соматикалық 
жағдайын бағалау ғана емес, сонымен қатар, психикалық аурулардың белсенді 
терапиясы үрдісінде соматикалық күйді бағалауға қажет. Бұдан өзге анализ- 
дерде психикалы қ патологияны көрсететін оны сипаттайты н өзгерістер 
болады.
Соматогенді, инфекциялық, интоксикациялық психозда жиі лейкоцитоз, 
Э ТЖ -ны ң көтерілуі, нейтрофилия, қан формуласының солға ығысуы, ал 
аллергиялы қ реакцияларда эозинофильдер көбеюі, созылмалы қабыну 
үрдістерінде лимфоцитоз байқалады. Үдемелі салдануға эозинопения тән. 
Ш изофрениямен сырқат науқастар қанында лейкоциттер 4500-3000 дейін 
төмендейді. Емдеу мақсатында сульфозинді бұлшықетке жібергенде әлсіз лей- 
коцитарлы реакция пайда болады, бұл организм реактивтілігінің төмендеуімен 
байланысты. Аса жедел жағдайларда — фебрильді кататония кезінде науқас 
ағзасының сусыздануы әсерінен зәрдің тығыздығы жоғарылайды, қанда 
эритроциттердің тұну жылдамдығы жоғарылайды, лейкоцитоз, нейтрофильдердің 
улы түйіршіктелуі көрінеді. Маниакальды-депрессивті психоздың маниакаль- 
ды фазасында зәр тығыздығының азаюы мен полиурия байқалады, ал депрес- 
сияда зәр бөлінуі азайып, оның тығыздығы 1030-ға дейін көтеріледі. Эпилеп-


Лабораториялық зерттеулер
103
сиямен ауыратын науқастан эпилепсия ұстамасынан кейін қанның лейко- 
цитарлы реакциясын, зәрде нәруыз пен қантты көруге болады.
Көптеген психикалық ауруларға қан мен зәрдің биохимиялық өзгерістері тән. 
Оның сипаты және қарқындылығы нозологиялық форманың ерекшелігіне ғана 
емес, сонымен қатар оның синдромальды көрінісіне, психикалық бұзылыстардың 
жеделділік дәрежесіне, науқас қозған немесе тежелген жағдайда ма, ауру үрдісіне 
мүшелер мен жүйелердің қатыстылығы дәрежесіне де байланысты.
Қимылдық қозу жағдайындағы әрбір науқаста нозологиялық формаға 
тәуелсіз гипергликемия пайда болады. Сонымен бірге, қанда кортикостероид- 
тар мен катехоламиндер де көбейеді. Анық аффективті бұзылыстарда гипер­
гликемия мен глюкозурия кездеседі. Маниакальды-депрессивті психоздың 
бастапқы ұстамасы негізгі зат алмасудың жоғарылауымен сипатталады, ал 
ұстамаға дейінгі аралық кезеңде негізгі зат алмасу төмендейді де, қанда диа- 
бетке тән өзгерістер болады. Бұрыннан жайсыз ағымда келе жатқан шизофре­
ния үрдісінде алмасу бұзылыстары бар эндокринді ауытқулар байқалады; 
глюкозаға толеранттылығы азаяды. Алкоголизмде бауырлық сынамалар өзгереді, 
церебральды атеросклерозда қанда холестериннің мөлшері көбейеді, тригли­
церид көрсеткіші жоғарылайды. Қан мен зәрдің биохимиялық өзгерісі сома- 
тогения, инфекциялық, интоксикациялық психозбен сәйкес келеді.
Зат алмасудың туа пайда болған ауыр бұзылыстары олигофренияның кейбір 
түрінде анықталады: фенилкетонурияда, лейцинозда, клен шырыны ауруында 
және т.б.
Белсенді емдеудің кейбір түрлерінде бағытталған биохимиялық зерттеулер 
жүргізу міндетті болып табылады. Инсулинокоматозды терапия жүргізгенде, 
глюкозаға толеранттылық зерттеледі, ал литиймен емдеу жүргізгенде, оның 
мезгіл-мезгіл қандағы мөлшері анықталып отырады. Литий тұздары қанда 
0,8—1,0 ммоль/л көп болған жағдайда асқынулар мен жағымсыз әсерлер туады, 
ол дәрінің артық мөлшерде берілуімен байланысты. Қанды серологиялық 
зерттеу әдістері негізінен мерезге реакция-Вассерман (RW), Закс-Витебский, 
Кан болып табылады. Кейбір жағдайларда органикалық қабынулық церебраль- 
ды ауруларда тиісінше антигенмен токсоплазмоз реакциясы жүргізіледі.
Жулын суйықтығын зерттеу.
Мида органикалық патологияның бар екеніне 
күдіктенгенде, жұлын сұйықтығына зерттеу жүргіземіз.
Ж ұлын сұйықтығын қауіпсіз алу м ақсаты нда лю мбальды пункция 
қолданылады, жұлынның төменгі жағының аяқталуы аймағынан III және IV не­
месе IV және V бел омыртқасының арасынан алынады. Бұл жерде ми қабығы 
жұлын сұйықтығына толған қалташа құрайды. Манипуляцияға байланысты 
науқастың жүрегі айнып, құсуы мүмкін. Сондықтан, пункцияны тағам қабыл- 
дамай тұрып жасау керек, болған соң басы ауырмас үшін 3 -4 сағат жастықсыз 
төсекке жатқызу керек, жату режимінің ұзақтығы 2 -3 күн. Пункция кезінде 
науқас столға еңкейіп отыруы керек немесе аяғын бүгіп, бір жақ бүйірімен 
жатуы керек.
Қалыпты жағдайда жұлын сұйықтығы мөлдір, түссіз, жиі тамшылап ағады. 
Бас іші қысымы көтерілгенде сұйық жылдам ағады, ал төмендегенде сирек 
тамшылайды. Отырған науқаста оның қысымы 240-300 мм с.б. тең, ал жатқан


104
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
науқастағы қысым 120-200 мм с.б. тең. Жұлын сұйықтығына қан араласқан 
кезде ликвордың түсі қоңыр қызыл ж әне тұндырған кезде өзгермейді. Қан 
араласудың себебі — тері қан тамырларын тескен кезде зақымдалғанның белгісі. 
Сұйықтықтың қанм ен боялу қанықтылығы келесі порцияларда азаяды, 
тұндырғанда, центрифугирлеу кезінде эритроциттер тұнбаға түседі де, сұйық- 
тықтың мөлдірлігі қайта қалпына келеді, мұндай жағдай мидан қан кеткен 
кезде болмайды. М енингитте, ми ісігінде, киста жарылған кезде жұлын 
сұйықтығы лайланған болады.
Люмбальды пункция кезіндегі жұлын сұйықтығының қалыпты жағдайдағы 
негізгі көрсеткіштері: тығыздығы 1,005-1,008, реакциясы — әлсіз сілтілі
pH - 7,4-7,8. Цитоз 0 - 5 клетка 1 мкл. Қант мөлшері 2,22-3,33 ммоль/л. 
Нәруыз — 0,16-0,3 г/л. Альбумин мен глобулиннің арақатынасы 1:1. Тұнба 
глобулинді реакция Н онне — Апельта аммония сульфатымен теріс ( - ) . 
Нәруызға — сезімтал. Панди реакциясы карбол қышқылымен теріс ( - ) не­
месе әлсіз оң (+). Сулемамен Вейхбродт нәруызды реакциясы теріс ( - ) . Вас­
серман реакциясы теріс ( - ) . Ланге реакциясында коллоидты алтын мен жұлын 
сұйықтығын қосқанда ерітіндінің алқызыл түсі өзгермейді.
Ликворды зерттегендегі көрсеткіштер өзгеруінің диагностикалық маңызы 
зор. Гидроцефалиямен ауыратын науқастарда сұйықтықтың салыстырмалы 
тығыздығы азаяды, ал мидың және оның қабықтарының қабынулық аурула- 
рында цитоз көбейеді. Лимфоцитарлы реакциямен әлсіз цитоз (1 мкл 10-100 
клетка) арахноидиттің созылмалы түрі мен нейромерезге тән. Жедел іріңді 
менингитте 1 мкл-ға шаққанда полинуклеарлар 150-ден бірнеше мыңға дейін 
жиналады. Кейде сұйықтықта ауру қоздырғыш стафилококк, стрептококк
менингококк, пневмококк, бозғылт спирохеталар кездеседі. Қатерлі ісіктермен 
ауыратын науқастар ликворында ісік жасушалары болуы мүмкін.
Жұлын сұйықтығында қант мөлшерінің азаюы ми қабығындағы қабыну 
үрдісінің күшеюін көрсетеді. Ақуыз санының көбеюі мен глобулиндердің пай- 
да болуы, табиғи әр түрлі церебральды органикалық патологияда, ісіктерде, 
энцефалитте, менингитте, арахноидитте, сифилис ауруларында кездеседі. Бұл 
жағдайда ақуыздың тұну реакциясы оң болады. Ланге реакциясы ны ң 
патологиялық өзгерістерде дифференциалды диагностикалық маңызы зор. 
Реакцияны 10, 20, 40, 80 есе және одан да көп сұйылтылған жұлын сұйықтығын 
16 түтікшеге құяды. Әрбір түтікшеге 5 мл коллоидты алтын қосады. Сұйықтық 
түсінің өзгерісін санмен белгілейді: 1 — қызыл, 2 — қызғылт-күлгін, 3 — күлгін, 
4 — көк-күлгін, 5 — көк, 6 — көгілдір, 7 — түссіз. Ми мерезіне түстің аздап 
өзгеруі тән, 2 -5 түтікшеде айқындау болады.
Вассерман реакциясы үдемелі салдануда күрт оң (4+); басқа да серологиялық 
реакциялар (Закс, Витебский, Кан) оң болады. Ми мерезімен ауыратын 
науқастардың қан мен жұлын сұйықтығының серологиялық реакциясы анық 
нәтиже бере алады. Полиомиелитте, безгекте және басқа ауруларда Вассерман 
реакциясы оң мәнді болуы мүмкін. Күмәнді жағдайда күрделі реакция 
қолданылады: иммунофлюоресценциялық (ИФ Р) — бозғылт трепонеманы 
иммобилизациялау реакциясы (БТИР). Ми мерезінде ИФР 95-100% оң нәтиже, 
ал БТИР 98-100% оң нәтиже береді.


Нейроморфологиялық зерттеулер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет