15. Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
Магматизм бедердің ұрылуында маңызды және әр түрлі роль атқарады. Магма өзінің жер қойнауынан көтеріліп шығуы, суып қатаюы жағдайларына қарай интрузиялык және эффузиялық таужыныстарға бөлінеді. Интрузиялық таужыныстары (лат. intrusio - итеру) магманың жер бетіне шығып үлгермеген жер қыртысы қабаттарына еніп кристалданған магма есебінен қалыптасқан таужыныстар. Жердің ішкі қабатында атқан магма баяу суиды да оның толық кристалдануына жағдай туады. Бұған гранит, сиенит, диорит, габбро, дунит т.б. жатады. Бұлар жер қыртысында түрлі пішінді интрузиялық шоғырларды (батолиттер, лакколиттер т.б.) құрайды. (28-сурет).
Батолиттер негізінен гранитоидтерден тұратын, қатпарлы құрылымдар өңірінде біршама жиі ұшырасатын ауқымы жүздеген км2-ге жететін интрузиялық шоғырлар. Бұлар жер қойнауларында суынып кристалдануы нәтижесінде қалыптасьш, кейіннен олардың үстіндегі таужыныстары қабаттарының мүжілуі нәтижесінде ашылып, сырты күштердің әсеріне төзімділеу болғандықтан, жер бетінде қоршаған ортадан анық дараланатын тау жотасы түрінде көрініс береді. Ірі граниттік батолиттерге мысал ретінде Зеравшан жоталарының батыс жағындағы массив және Кавказдағы Конгур-Алагез жотасының сілемі жатады.
Лакколиттер - саңырауқұла пішінді, үсті күмбез тәріздес, асты тегіс шоғырлар. Магма жарып сиыстыру қабаттары арасына кірген кезде кейінгілер күмпиіп жоғары көтеріледі де сонда пайда болған қуысқа кептеледі. Сөйтіп мұндай интрузия кіріккең таужыныстары қабаттарымен үйлесімді астасқан. Беткі шөгінді таужыныстары экзогендік процестер әсерінен шайылып кетсе, лаколиттер жердің бетінде түрлі пішін құрайды. Әдетте лакколиттер жеке дара немесе тобымен кездеседі де күмбез тәрізді кіші-гірім қыраттарды түзеді. Солтүстік Кавказдағы Минеральные воды қаласының жанындағы лакколиттер - Бестау, Такыр, Темір, Жыланды және басқа таулар баршаға аян. Сонымен қатар Қырымда да жер бетінде ерекшеленген лакколиттер бар (Аюдаг, Кастель тауы).
28-сурет. Негізгі интрузиялы және эффузиялы ұрылымдарын суреттейтін сұлбасы. A - жанартау және интрузия әрекеттерінің өзара байланысының кескін-пішіні. Б - ұзак уақыт шайылу нәтижесінде жер бетіне көрініс берген негізгі интрузиялык және эффузиялык ұрылымдар (Edward J. Tarbuk, Frederick K.Lutdens, 1990).
Лакколиттерден басқа жер қыртысында тастамыр (жила) тәрізді интрузиялық шоғырлар кездеседі. Олар сиыстыру таужыныстарын әр түрлі бағыттарда кескілейді. Сыртқы күштердің әсерінен қашалған магмалық тастамырлар жердің бетінде қабырға тәрізді тік жатан тақта пішіндес сығылма немесе дайка деп аталатын геологиялық құрылымдарды ұрады. Бұл жер қыртысындағы тік немесе көлбеу бағыттағы тектоникалық жарылымдардың магмаға толуынан пайда болған интрузиялық шоғыр. Оның қалындығы бірнеше мм-ден бірнеше м-ге дейін болады.
Тақташа интрузиялар немесе силл (пластовые интрузии) жер бетінде саты тәрізді болып келеді. Мұндай пішіндер таңдамалы денудациясы әсерінен құрылады. Осындай қашалған қабатты интрузиялар Орталық Сібір қыратында кең тараған (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
Достарыңызбен бөлісу: |