Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет



бет16/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

Аналогия — мұнда предметтер кейбір таңбалардың ұқсастығы бойынша бұл предметтер басқа таңбалар бойынша да ұқсас деген болжамдық қорытынды шығарылады.
Мысалы, үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін көп таңбалы сандарды қосу және азайтуға өткізу аналогия тәсілін қолдануға негізделген. Сол мақсатта методикалық әдебиеттерде көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтумен таныстыруда сондай мысалдарды шешу ұсынылады, мұнда әрбір кезектегі мысал өз ішіне алдынғысын алады. Мысалы:
126 4752 54752 837 6837 76837
+172 +3246 +43246 - 425 - 2425 - 52425
Мұндай мысалдарды шешкен соң, оқушылардың өзі көп таңбалы сандарды жазба түрде қосу мен азайту үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту сияқты орындайды, деген қорытынды шығарады.
Жоғарыда қарастырылған методтарын (индукция, дедукция, аналогия) пайдаланудың негізінде анализ, синтез, салыстыру, жалпыландыру және абстракциялау тәрізді операциялар жатады.
Бүтінді оның ұйымдастырушы бөліктеріне бөлуге бағытталған пікірлеу (ой-сана) тәсілі анализ деп аталады.
Предметтердің немесе оқиғалардың ішінде байланыстар орнатуға бағытталған ой-сананың тәсілі синтез деп аталады.
100 санында неше ондық пен неше бірлік бар деген сұраққа жауап беруде оқушылар санға анализ жасайды.
Осы сөздерге мойынсұнады (яғни, талқылау өткізеді), ал бұлай ету көбінесе қателікке, яғни қате синтезге әкеледі.
Салыстыру әдісі қарастырылып жатқан сандар, арифметикалық мысалдар мен мәселелердің ұқсас және ерекшеленетін белгілерін бөлуден тұрады.
Математика бастауыш курсы салыстыру әдісінің қолданылуы үшін үлкен мүмкіндік ашып береді: сандарды, өрнектер мен сандарды салыстыру; екі өрнекті салыстыру; мәселелерді салыстыру, т.б.
Жаңа математикалық түсініктерді, заңдарды құрастыруда балалар жалпыландыруға кез болады.
Жалпыландыру — бұл үйреніліп жатқан объектілердің жалпы маңызды жақтарын бөлу және олардың маңызды болмағандарын бөлуден тұрады.


Бақылау үшін сұрақтар





  1. Оқыту методтары дегенде нені түсінесіз?

  2. Оқыту методтарының түрлерін айтыңыз?

  3. Бастауыш сыныптарда қандай ауызша методтары қолданылады?

  4. Индукция, дедукция және аналогия методтарының маңызы неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет