Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет



бет9/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)

Бақылау үшін сұрақтар


  1. Дидактикалық принциптердің маңызы мен мазмұны неден тұрады?

  2. Сабақ және сабақтың талқылауынан үлгі көрсетіңіз.

  3. Бағдарлама мен сабақтың үздіксіздігін талқылаңыз.

  4. МБС-тың мақсат пен міндеті неден тұрады?

  5. Алгоритмдердің қолданылуын талңылаңыз.
  1. §. Балалар бақшасында және бастауыш сыныптарда математика пәнін үйретудің арасындағы үздіксіздік


Балаларда элемантар матемтаикалық ойды дамытудың міндеттері мен балалар бақшасында арифметикалық негіздерді құрастыру, мөлшер, мекен және заманға тиісті ойды дамыту оқытудың негізгі шарты болып табылады.
Әрбір жаттығуда тәрбиеші тақырып мазмұнының негізгі мәселелері мен оны сабақта қолдану методикасын ашып береді. Мұнда мынаны есепке алу қажет, яғни, беріліп жатқан ұсыныстар, әдетте балаларға берілуі тиіс болған тапсырмалар, жаттығулар, сұрақтардың типтік үлгілері болып табылады. Мұндай жаттығулардың санын оқытушы сыныппен жұмыс істеудің анық жағдайларын ескере отырып, ерікті түрде анықтау қажет.
Үлкен топтардағы балалардың арасында дидактикалық материалдарды кеңінен пайдалану маңызды. Практикалық жұмыстар, көргезбелерді ұйымдастырумен байланысты тапсырмалар да үлгі ретінде қаралуы мүмкін. Оқытушы оларға өзіндегі қолданбаларды есептей отырып, жөндеулер енгізуі мүмкін. Көп жағдайда ұсынылып жатқан ауызша жаттығудың материалын оқытушы түрлі тәсілдер арқылы беруі, ал кейде топтың дайындығына қарап, ауыстыруы да мүмкін. Оқытушы ұсынып жатқан дидактикалық ойындарға да шығармашылық тұрғыдан жанасуы қажет. Мұнда ойындарды өткізуде пайдаланылатын, әрбір жаттығудың анық шарттарын есепке ала отырып, өзі ойындарды пайдалану мүмкін.


Дайындық топтарда математиканы үйрету методикасы


Балалар бақшасының дайындық тобы аптасына екі, жылына 72-74 жаттығу өткізуді жоспарлайды.


Жаттығулар сентябрь айынан бастап, май айының соңына дейін әрбірі 25-30 минуттан өткізіледі.
Жаттығуларда дидактикалық ойындарды, көрнекі материалдарды кең түрде пайдаланады.
Балалар жаттығуларға қызығып қатысулары үшін тәрбиеші төмендегі талаптарға мойынсұнуы тиіс:

  1. Бағдарлама материалдарын жақсы меңгеруі.

  2. Тыңғылықты материал (ұсынатын және үлестірме) дайындау. 3.Балалардың қызметін өзгертіп тұруға және олардың қызығуларына

көңіл бөлу.
4.Жаттығудың арасында қозғалыс ойындарын өткізуде жоспарлау. 5.Жаттығу барысында балалардың еркін қорытынды жасауына қол
жеткізу.
6. Балалардың әр түрлі жауаптарын ынталандыру.

Бағдарламаның материалын жаттығуларда бөлуде балалардың білімі мен дағдыларына, олардың дайындығына көңіл бөлу қажет.


Арнаулы терминдерді дұрыс қолдану үлкен маңызға ие. Мысалы, сан және цифрларды араластырмау қажет.
“Қайсы сан үлкен, қайсысы кіші” деп сұрайды (қайсы цифр үлкен деп сұрау мүмкін емес).
Жаттығуда барлық балалардың белсенді қатысуы үшін әрбір баланың алдында үлестірмелі қағаздармен қоса көрнекіліктер тұруы ұсынылады.
Мұнда барлық балалар достарының жауаптарын мұқият тыңдауға әрекет етеді, тәртіп бұзылмайды, сонымен қатар балалардың тест сынақтарына дайындығы да есепке алынуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет