Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет


-§. 10 ішінде жаттығулар өткізу методикасының жалпы мәселелері



бет48/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

18-§. 10 ішінде жаттығулар өткізу методикасының жалпы мәселелері


I 1-сыныпта математикамен шұғылданудың негізгі оқу-тәрбиелік қызметі
1-сыныптың бағдарламасы бұдан кейінгі білім негізделетін басты білім, біліктіліктер мен дағдыларды құрауды көздейді. 1-сыныпта сан, санақ, қосу және азайту амалдары туралы елестердің құралуы, сандардың реті саналы меңгерілуі тиіс (балалар қатардағы әр санның қалай пайда болуын меңгеруі, сандарды салыстыруды үйренуі керек). Қосу және азайту тәсілдерін саналы меңгеруге жеке көңіл бөлінуі қажет.
1-сыныпта оқытудың нәтижесі 10 ішінде сандарды қосу кестесін, сол сандар құрамының тиісті жағдайлары мен азайтуыды саналы түрде меңгеруді сондай-ақ меңгеруді нәтижелі ең жоғары денгейіне жеткізуден тұратын болуы тиіс. Балалар 3+6=9 екенін, 9 бұл 4 және 5 екенін, 9-6=3, өйткені 9 бұл 3 пен 6 екенін ауызша білуі қажет.
Бұдан тыс, балалар 20 ішінде предметтерді санай алатын, 0-ден 20-ға дейінгі болған сандарды оқи алатын және жаза алатын, олардың ондықтар мен бірліктерден тұратын құрамдарын білуі (12-бұл 1 ондық пен 2 бірліктен тұратын екенін, 1 ондық және 7 бірлік бұл 17 екенін) білуі қажет. 20 ішінде қосу және азайтуға тиісті мысалдарды (10+6, 13-3, 16-10) шеше алатын болуы тиіс.
Бұдан тыс, балалар берілген санды бірнеше бірлік арттыру немесе азайтуға тиісті мәселелерді шешуді үйреніуі қажет. Жыл барысында балалардың кеңістік елестерін анықтау және кеңейтуге қатысты, олардың “артық”, “аз”, “сонша” қатынастарының түсініктерін анықтау және кеңейтуге тиісті, предеметтердің ұзындығын (алдын қалаған ұзындықтағы өлшеу таспасы, сосын ұзындығы 1 сантиметр болған таспаның көмегінде) өлшеумен байланысты болған кесіндінің ұзындығын (бүтін сантиметрлерде) сызғышпен өлшеу және берілген ұзындықтағы кесіндіні сызумен байланысты болған практикалық дағдыларды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Балалардың жалпы дамуына қол жеткізу үшін әр сабақта мүкіндікке қарап, предметтердің тобын, кейбір предемттерді бақылау, олардың классификациясы, балалар қателерінің жаттығуларымен байланысты болған жұмыс өткізілуі тиіс. Мұнда балаларға есте сақтап қазайтудың оңай тәсілдерін үйрету маңызды саналады. Мысалы, қосу кестесін үйренуде бір түрлі сандарды қосу (4+4, 5+5 т.б.), нәтижелерін есте сақтап қалу 4+5, 5+6 және басқа да қосу жағдайларын есте сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Көптеген бақылаудың нәтижесінде жинақталған есептеулерді жеңілдетуге көмек беретін материалды оқытушы оқушылардың әлі жететін жалпыландыруда пайдалану керек. Мысалы, балалар 4+5, 5+4 түріндегі мысалдың жұптарын бақылап және салыстырып, қосынды сандардың қосылу ретіне байланысты емес, деген қорытынды шығарады және қосындының бұл қасиетінен кіші санға үлкен санды қосу жағдайларында пайдаланылады (2+7, 1+9 т.б.).
Балалардың білу қабілетін (бірінші кезекте олардың ой-сана мен сөйлеуін) дамыту негізгі мәселе болып, балалармен орындалатын оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны да, методтары да бұл мәселеге мойынсұнылған болса ғана табысты шешіледі. Математиканың жаттығулары үшін мұндай тапсырмаларды таңдау үлкен маңызға ие. Бұл жаттығулар балалардан өзіндік бақылаулар өткізуді, қарастырылып жатқан оқиғаларды, предметтерді, өз қозғалысы мен осы сияқтыларды салыстыру, сипаттауларды талап етеді. Балалардың сөйлеуі оқытушының сұрақтарына жауап беруден ғана құралмай, онда қажетті сөз бен өрнектерді өз ішіне алған әңгімені жақсы бейнелеуі маңызды (мысалы предметтердің қасиеттерін үйренуде, әсіресе олардың реңдерін ажырата білуді үйретуде, реңнің атын, айналадағы предметтердің реңдерін айтудан тыс оқушыларға өздері білетін жемістер және көкөністер туралы айтып беруді, мұнда олардың реңдерін айтуды ұсынуы мүкін).


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет