Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет


-§. Көп таңбалы сандарды номерлеу методикасы



бет57/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

19-§. Көп таңбалы сандарды номерлеу методикасы


Бұл тақырыпта оқытушының міндеті төмендегілерден тұрады:


а) прендметтерді біреулеп, ондап, жүздеп, топтарға біріктіріп санау;
ә) 1000 ішінде сандарды оқу және жазу сондай-ақ олардың натурал қатарды келуін білу;
б) сандарды жүздік, ондық және бірліктерден пайда ету.
в) оңынан солға қарай есептегенде, бірліктер, ондықтар, жүздіктер қай орында тұруын білу;
г) санды таңба қосылғыштарының қосындысы түрінде жаза алу және таңба бірліктерін білу.
1000 ішінде сандарды номерлеуді үйренудің нәтижесінде оқушылар төмендегі білімдер, біліктіліктер мен дағдыларды иелеп алуы тиіс:

  1. 1000 ішінде сандарды номерлеуді, санның пайда болуын, өзінен алдынғы және кейінгі сандармен байланысын білу.

  2. Әрбір санды сандардың қатарындағы орнын білу.

  3. Сандардың орын мәндерін білген жағдайда оқу және жаза алу.

  4. Салыстыру.

  5. Санды таңбаның жиынтығы түрінде жаза білу.

  6. Сандардың натурал реттігін білген жағдайда қосу мен азайтуды орындау.

  7. Үш таңбалы сан мен үшінші таңба бірліктері ұғымын білу.

8. 100, ...., 200, ....., 300, ...., 400, ...., 500, ....., 600, ...., 700, ....., 800, .....,
900, ...., 1000 сандарының арасын толықтыра білу. Сол негізінде 100-ден 1000-ға дейінгі сандарды номерлеу.
9.Жұмыстың кезектегі басқышында үш таңбалы сандардың ондық ретін, яғни, олардың жүздіктерден, ондықтардан, бірліктерден пайда болуын түсіндіру керек. Мұның үшін жоғарыдағы шыбықтардың саны немесе квадрат формаларды пайдалану мүмкін. Абак, шыбық сияқты көрнекіліктер де пайдалы.
Үлкен бірліктерде өрнектелген сандарды майда сандармен ауыстыру және керісінше ауыстыруға жаттығулар орындауы тиіс. Мысалы, 2м, 3, 5,-ді см-ге айналдырыңыз. 600 см неше метрге тең, т.б.
Жазбаша номерлеу. Бұл жерде де алдын екі таңбалы сандарды номерлеуді қайталау қажет: 1) “Сан” және “цифр” атауларының мағыналары мен олардың арасындағы ерекшеліктер. 2) Сандардың жазылуында цифрлардың орындық мәні. 3) Екі таңбалы сандардың таңба құрамының талқылауына тиісті жаттығулар орындалу тиіс.
Төмендегі жаттығуларды жазбаша номерлеуге тиісті білімдерді дамытады:

  1. Сандарды дәптеріңізге ретімен жазып шығыңыз:

  2. Үш жүз бір саны мен үш жүз он санын жазыңыз.

  3. 696 мен 703 санының арасындағы сандарды жазыңыз.

  4. 5, 7, 9 цифрларымен жазылатын барлық сандарды жазыңыз.

  5. 635, 67, 306, 666 сандарындағы 6 цифыры нені білдіреді?

  6. 6 жүздік және 3 бірлік, 5 ондық пен 2 бірлік, 10 жүздік, 4 ондықтан тұратын сандарды жазыңыз.

7. 71 және 701, 333 және 33, 500 және 501, 600, 601 және 160 сандарын жазу үшін неше цифр және неше сан керек.
Бұл тақырыпта негізгі тапсырма мыңдық ұғымын құрастыру, сыныптың ұғымының маңызын анықтау және сол негізде көп таңбалы сандарды оқу және жазуға үйрету, балалардың ондық санақ жүйесіне қатысты білімдерін, натурал ретін, сандарды жазудың позициондық принциптеріне тиісті білімдерін жалпылаудан тұрады.
Көп таңбалы сандарды номерлеу методикасы алдын өтілген тақырыптардың жалғасы ретінде жалғастырылады.
Көп таңбалы сандарды номерлеуді (ауызша және жазбаша) үйрену жұмысын бірнеше басқышқа бөлу мүмкін:

  1. Дайындық жұмыс.

Бұл басқыштың қызметі бір таңбалы, екі таңбалы және үш таңбалы сандарды номерлеудың негізгі мәселелерін қайталау.

  1. Сандарды оқыңыз. 526, 308, 700, 999, 1000, 528. Бұл сандардың әрқайсысында жалпы қанша ондық, бірлік, жүздік бар?

  2. Төмендегілерден тұратын сандарды жазыңыз: 8 жүздік, 2 ондық, 6 бірлік; 9 жүздік, 4 бірлік.

  3. Мыңда неше жүздік, ондық, бірлік бар?

  4. 2,5, 3 цифырларын пайдалану мүмкін болған үш таңбалы сандарды жазыңыз. Сол сандардың бірін оның таңба қосылғыштарының жиынтығы түрінде суреттеңіз.

  1. Номерлеуді үйрену

Бұл басқыш балаларды I класс — бірліктер сыныбы және II класс — математикалар сыныбымен әр класс бірліктерінің аттарымен таныстырудан тұрады.

  1. Екінші класс сандарының пайда болуы, оқылуы және жазылуымен таныстыру.

  2. Алты таңбалы сандардың пайда болуы, оқылуы және жазылуымен таныстыру.

  3. Оқушылардың білім және біліктіліктерін нығайту.

  4. Миллиондар класының пайда болуымен таныстыру.

Бұл тақырыпты үйренуде класс ұғымына жеке көңіл бөлінеді. Өйткені бұл оқу материалын оқушылар жағынан жақсы түсініп алуы көп таңбалы сандарды ауызша немесе жазбаша цифрлау жемісті болуына фактор болады. Сондықтан I класс — бірліктер класы және II класс — мыңдықтар класымен, олардың құрылымымен және әрбір класс бірліктерінің атауларымен таныстырудан тұрады. Төменгі класс таңба бірліктерін жоғары класс таңба бірліктері қандай пайда болуын оқушылардың санасына жеткізу керек.
Көп таңбалы сандарды номерлеуге үйренуде оқытушының негізгі қызметі, яғни санақ бірлігі — мыңдық ұғымын құрастыру,класс түсінгінің маңызын ашу және соның негізінде көп таңбалы сандарды оқу және жазуға үйрету, балалардың ондық санақ жүйесіне қатысты білімдерін, натурал реттік, сандарды жазудың мазмұндық тұрғыдан принципке тиісті білімдерді анықтау және жалпылаудан тұрады.
Көп таңбалы сандарды номерлеуді үйрену нәтижесінде оқушылар:

    1. Миллиондар класының ішінде қатар сандардың аттарын меңгеруі, олардың қалай пайда болуын түсінуі және олардың ондық құрамын біліп алулары қажет.

    2. Кластардың атауларын және әр кластың ішіндегі бірліктерді білуі керек.

    3. Миллиондар класының ішінде кез келген санды оқи алуы және жаза алуы тиіс.

    4. Сандарды салыстыра білуі тиіс.

    5. Кез келген санды бірлік қосылғыштарының қосындысы түрінде суреттей алуы тиіс (берілген сандағы бірліктердің, ондықтардың, т.б.).

    6. Жалпы санды таба білуі, майда бірліктерді үлкен бірліктермен немесе керісінше, үлкен бірліктерді майда бірліктермен ауыстыра алуы тиіс.

    7. Сандарды 10, 100, 1000 есе үлкейте алатын және нөлдермен аяқталатын сандарды 10, 100, 1000 есеге азайта алатын болуы да тиіс.

  1. тапсырма. Номерлеу методикасын меңгеру процесінде төмендегі көп таңбалы сандарды пайда етуде: 999, 9999, 99, 999, ....., .... пайдаланып, көп таңбалы сандарды пайда ету методикасын талқылаңыз.

Бұл жерде таңба бірлігі бойынша жаңа санақ бірлігінің пайда болуында, мысал, 9+1, пайда болады. 10 бұл жаңа санақ бірлігінің пайда болуы.
Оқушыларға негізінен қиындық 10 000-1, 100 000-1,т.б. Бұл үшін төмендегі заңдылықты пайдаланымыз:

9+1=10 10-1=9


99+1=100 100-1=99
999+1=1000 1000-1=999
9999+1=10 000 10 000-1=9999
Мұны төмендегідей етіп жалғастыру мүмкін:
9999-1=(9900+99)+1=(99+1)+9900=100+9900=10 000
10 000-1=(9990+10)-1=9990+(10-1)=9990+9=9999



  1. тапсырма. Оқушыларға “Номерлеуді” қалыптастыру бойынша тапсырма, жаттығуларды үйренудің концентрлері бойынша аналогияны пайдаланып талқылаңыз.

  2. тапсырма. Мектеп оқулығын пайдаланып төмендегілерді нығайтатын жаттығулар түзіңіз:

а) көп таңбалы сандардың реттігін сақтайтын натурал қатарды анықтаңыз;
ә) сандар мен сыныптардың құрамын анықтаңыз;
б) ондық, жүздік, мыңдық және көп таңбалы сандардың ондық құрамын талқылауға қатысты жаттығуларды бөліңіз;
в) цифрлардың орналасуы бойынша пікірін жүргізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет