Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет



бет70/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

100 ішінде көбейту мен бөлу.


Тақырыппен жұмыс істеуде оқытушының алдында тұрған негізгі міндеттер төмендегілерден тұрады:

  1. Оқушыларды көбейту мен бөлу арифметикалық амалдардың мағынасымен таныстыру, олардың кейбір қасиеттері (көбейтудің орнын ауыстыру қасиеті, санды қосындыға және қосындыны санға көбейту қасиеті қосындыны санға бөлу қасиеті) олардың арасындағы байлансытармен бұл амал компоненттерімен нәтижелерінің арасындағы өзара байланыстармен таныстыру.

  2. Көбейту кестесін шебер білуді және одан бөліндіні табуда пайдалан алуды да қамтамасыз ету.

  3. Оқушыларды кестеден тыс көбейту жолы, бөлу тәсілдерімен көбейту және бөлудің арнайы жағдайлары (нөл санымен көбейту және бөлу) қалдықпен бөлудің кестесімен таныстыру.

100 ішінде көбейту және бөлуді бірнеше басқыштарға бөліп үйрену мүмкін:
1.Дайындық басқышы. 100 ішінде көбейту және бөлу 2 сыныпта үйреніледі, бірақ үйренуге дайындық 1-сыныпта 10 және 100 ішінде номерлеуді қосу және азайтуды үйренуден басталады.
10 ішінде қосу мен азайтудың бастапқы кестелерін қараудан бастап, бірілген санға 2-ден қосып санауға тиісті (3-ден, 4-ден...т.б.) жаттығулар көзделеді

Әр санды бір түрлі қосылғыштардың қосындысы түрінде суреттеңіз. 12=....+...+.... 10=...+... 18=...+...


15=....+...+.... 12=...+... 16=....+...
Бөлу амалын орындауға дайындау мақсатында 1-сыныпта практикалық жаттығулар орындауға тиісті жұмыс көзделеді.

  1. басқыш. Көбейту мен бөлудің кестелі тәсілін саналы түрде меңгеру үшін негіз болған теориялық мәселелерді қарастыру, көбейту амалының тиянақты мазмұынын ашу бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға қатсыты мәселені шешуден бастау мүмкін. Мұндай мәселелерді шешуде пайдаланылатын көрсетпе балаларға тиянақты түрде қайсы қосылғыш қайталанғанын түсінуге жәрдем береді. Қосу және көбейту арасындағы байланысты оқушылар саналы түрде меңгерулері үшін төмендегідей жаттығуларды орындау мақсатқа сай болмақ:

    1. Қосылғышқа тиісті мысалдарды көбейтуге тиісті мысалдармен ауыстырыңыз:

3+3+3+3+3= 6+6+6+6+6+6=

    1. Нәтижелерді есептеңіз және мүмкіндігі болған орындарда қосуға тиісті мысалдарды көбейтуге тиісті мысалдармен ауыстырыңыз:

2+2+2+2+2= 8+8+8+9=
7+7+7+7+7= 9+9+9+4+4+5=

    1. Көбейтуге қатысты мысалдарды қосуға қатысты мысалдармен ауыстырыңыз және нәтижелерін есептеңіз:

4х2, 5х3, 3х7.

    1. Өрнектерді салыстырыңыз және “<”, “<” немесе “=” белгілердің тиістісін қойыңыз.

4+4+4+4 4х3 7х4*7+7+7+7
9х6 9+9+9+9

    1. Бірінші мысалдың нәтижесі бойынша екінші мысалдың нәтижесін табыңыз:

5х7=35 8x3=24
5x8= 8x4=
Бөлудің тиянақты мағынасы алдын мазмұнына орай бөлуге қатысты мәселелерді шешуде ашып беріледі.

  1. сынып үшін математика оқулығында көбейтіндінің орын ауыстыру қасиеті доп, дөңгелек, түйме, жұлдыз, т.б. пайдаланып түсіндіріледі. Мысалы, оқушылар тіктөртбұрышты сызады, оны квадраттарға бөледі.

Барлығы неше квадрат пайда болғанын екі тәсілмен білу ұсынылады.
(5 х 3=15, 3x5=15) соған ұқсас тапсырмаларды орындау процесінде оқушылар қасиетті еркін өрнектейді. Көбейткіштердің орындарын ауыстырғанмен көбейтінді өзгермейді. Көбейтумен таныстыруға кезектегі қадам көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланысты қараудан тұрады. Бұл байланыс көрсету қолданбаларының көмегінде ашып беріледі. Мысалы, көбейту амалы орын ауыстыру қасиетін ашуында істетілген қолданбаны пайдаланып, оқушылар алдын көбейтуге тиісті екі мысал түзеді: 30:5=6, 30:3=10. Бұдан оқушылар еркін қорытынды шығарады: егер екі санның көбейтіндісі көбейткіштердің біріне бөлінсе, екінші көбейткіш шығады.

Көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасында орнатылған байланыс әртүрлі тапсырмаларды орындауымен нығайтылады.


6 х 4=24, 4x6=24, 28:4=7, 24:4=6
Кейінірек бөлу амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланыс мәселесі осыған ұқсас түрде шешіледі.
Бірді кез келген санға көбейтуде көбейтіндіде сол сан шығады: 1х0=0. Оқытушы сабақ өтуде төмендегі міндеттерді атқаруы тиіс:

  1. көбейту және бөлу амалдарының мағынасымен таныстыру; көбейтудің орын ауыстырымдылық және көбейтудің қосуға қарағанда үлестірімділік қасиеттерін түсіндіру;

  2. көбейту кестесін үйрету (жаттау);

  3. кестелерден тыс көбейту мен бөлуді үйрету (0-ге көбейту, 1-ге көбейту, 1-ге көбейту және бөлу, қалдықпен бөлу).

100 ішінде көбейту мен бөлуді бірнеше басқышқа бөліп үйретеміз:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет