Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет



бет8/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

Математика сабағын талқылау.

Бастауыш сыныпта математикадан сабақты талқылау жасау және бағалау бірінші кезекте оның тәлім-тәрбиелік маңызын көрсетеді. Сондықтан сабақты қай дәрежеде түзгенін, өтілгенін қазіргі заманның психологиялық- педагогикалық талаптарының денгейінде қандай орындалғанын және негізгі дидактикалық принциптерді қалай қолданғанын көрсету қажет. Сабақты талқылауда оның мазмұны, уақыттың үнемделуі, жұмыс орындау тәсілдері, қолданылған көрнекіліктер мен басқа дидактикалық материалдарды көрсету тиімді. Сабақтың әрбір бөлігі оқушылардың қызметін қалай бағыттауды, одан қай орында белсенділік пен еркіндік бұзылғанын, қобалжу болғанын, басқа тәрбиелік жақтардың жүзеге асырылғанын есепке алу керек.
Сабақты талқылау төмендегі бағытта жазылуы мүмкін:

  1. Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын түсіндіру және негіздеу. Мұнда тақырып бойынша сабақ жүйесінде талқыланған сабақтың орны,

маңызы, басқа сабақтармен байланыстылығы, сабақтың мазмұынын бағалау, дұрыс түсіндірілуі, оның жүйесі, жұмыстағы метод пен тәсілдері көрсетіледі.

  1. Сабақ мазмұнының талқылануы.

Сабақтың мазмұнын талқылауда есептеу жаттығуларын қалай қолданғаны, математикалық түсініктерді арифметикалық мәселелер шешуге қаратылған және басқа жаттығуларды орындауға берілетін методикалық бағада төмендегілерді есепке алу тиіс:
а) берілген білімнің ғылымилығы және жеткілікті қатаңдығы; б)үйренілген материалдың шеберлігі мен түсіну деңгейі, жұмыс
барысында оқушылардың жеткілікті тапсырмамен қамтамасыз етілгені; в)сабақ материалының тәлім-тәрбиелік мақсатқа қатыстылығы;
г) оқу материалының мазмұны сабақтың барлық бөлігін қамту деңгейі;



  1. Оқушылардың қызметін шығармашылыққа бағыттау.

Сабаққа неше оқушы белсенді түрде қатысқанын және еркін қызмет еткені, оған қандай жолмен жету қажеттігін анықтау;
а) оқу материалын, сондай-ақ жұмыс методы мен тәсілдерін таңдау, оқушылардың жасы, олардағы білім, біліктілік пен дағдылардың денгейін есепке алу;
б) оқушылардың индивидуал және топпен бірге атқарған еңбектерін есепке алу;
в) оқытуда дифференциал жандасу;
г) жаңа математикалық түсінік, жаңа есептеу бөлімдері, мәселелер шешудің жаңа тәсілдерімен таныстыру, білім мен іскерліктерді жасауда өтілген материалды нығайтуға бағытталған жұмыстар есепке алынады;
д) сабақтың әрбір бөліміне уақыттың белгіленуі.

  1. Сабақта қолданылатын көрнекілік пен дидактикалық қолданбалардың маңызын ашу.

  2. Сабақ нәтижесінің рейтингі (бағалау). Бағалаудың негізгі белгілерінің бірі, сабақ өз мақсатына жеткендігі, әрбір оқушыға толығымен еркін жұмыс орындалғаны және олардың бәрі оқытушының басшылығында жүзеге асырылғаны көрсетіледі. Сабақты талқылауда мынаны есепке алу қажет, яғни оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық кезеңдері бір мақсатқа қаратылса, сабақ дұрыс бағаланады.

Бастауыш математика курсының ең басты ерекшелігі оның практикалық тұрғыдан бағытталғаны. Егер жоғары сыныптарда математика бағдарламасының кейбір мәселелері теориялық характерде болса, бастауыш сыныпта әрбір жаңа түсінік, қасиет, заңдылық практикалық қызметтің нәтижесінде және практикалық қызмет үшін енгізіледі. Мысалы, VII сыныпта оқушылардың тіктөрбұрыш туралы түсінігін меңгерулері, алдағы уақытта тіктөрбұрыштың ережесін білуін, оның қасиеттерін логикалық тұрғыдан шығаруы және кейбір қасиеттерін дәлелдеуді білуін, ережесі, қасиеті мен қасиеттеріне тиісті мәселелерді шешу үшін пайдалануды білдіреді. Бастауыш сыныптарда оқушылар тіктөрбұрыштың қарама-қарсы жақтарының теңдігін өлшеу жолымен анықтайды және тіктөрбұрышты жасау, оның периметрі мен ауданын өлшеуді, есептеуді үйренеді.
Бастауыш мектепте оқушыларда қалыптасатын практикалық оқулардың көпшілігі мектеп математикасы курсы үшін үлкен маңызға ие. Бірақ ой-елес туралы мұндай деуге болмайды. Мысалы, III-IV сынып оқушыларының сан туралы ие болған ой-елестерінде үлкен айырмашылық бар. Дегенмен төменгі сыныптарда қалыптасқан арифметикалық амалдарды жазбаша немесе ауызша орындау оқуларынан орта сыныптарда да, жоғары сыныптарда да пайдаланылады.
Сөйтіп оқушыларда жақсы практикалық оқу және біліктілігін қалыптастыру бастауыш сынып оқытушысының негізгі міндеттерінің бірі. Мұнда ол өзара байланысты болған екі методикалық проблеманы шешу керек; 1) белгілі практикалық жұмыстардың орындалу кезеңі мазмұнының мәтінін жазу; 2) оқушылардың меңгеру методикасын және меңгерудің үстінен нәтижелі бақылауды жасау.
Айталық, бір кезеңді элементар жұмыстардың шектеулі, анық кетпе- кеттігі ретінде суреттеу мүмкін болсын (элементар жұмыс деп, орындалу кезеңі белгілі болған жұмысты түсінеміз). Берілген кезеңді жүзеге асыру үшін қай элементар жұмыстарды және қай кетпе-кеттікті орындау керектігін нұсқаушы бұйрық алгоритм деп аталады.
Егер бір жұмысты орындау алгоритмі белгілі болса, ондайда оны жүзеге асыру оқуын қалыптастыру, жалпы айтқанда оқытып жатқан балаға жеткізіп
беру мүмкін. Сөйтіп, алгоритмдерді істеп шығу негізгі методикалық маңызға ие.
Барлық сыныптың мәселелері үшін де алгоритм түзуге болмайды. Мысалы, арифметикалық мәселелердің шарттары бойынша өрнектер (теңдеулер) түзу үшін, берілген сандық мәліметтер, өрнектер (теңдеулер бойынша мәтінді мәселелер түзу үшін және бұл мәселелердің шарттарын қысқаша жазу үшін алгоритм істеп шығу мүмкін емес.)
Екінші жақтан, көп сызықтар, бұйрықтар сыртқы жақтан алгоритмге ұқсас болғанымен, алгоритм емес. Бұл, әсіресе, оқушыларға мәселенің үстінде жұмыс алып баруы бойынша ескертуге де тиісті:

  1. Мәселені мұқиятпен оқы және ондағы әрбір санның нені білдіруін ойлап көр. Мәселеде айтылып жатқан жағдайды пікірлеп көр.

  2. Егер мәселе күрделі болса, оның шартын қысқа түрде жаз және оған тиісті сызба сыз.

  3. Мәселені екінші рет оқы және оның мазмұнын ішіңмен айтып көр.

  4. Мәселенің сұрағына жауап беру үшін нені білу қажет екенін ойлап көр, т.б.

Бастауыш сыныптарда алгоритмдеу мүмкін болған кезеңдердің ең басты кластарын санап өтеміз: 1) “үлкен”, “кіші”, “тең” қатынастарды орнату; 2) ауызша және жазбаша есептеулер; 3) теңдеулерді шешу; 4) геометриялық фигураларды жасау; 4) санның үлесін, санның бөлшегін, санның үлесі бойынша оның өзін анықтау.
Екінші методикалық проблемаға қараймыз, ол оқушыларға алгоритмдерді орнатудың жалпылама заңдылықтарын ашудан тұрады.
Жоғарыда айтқандай, алгоритмдеу мүмкін болған белгілі практикалық қызметті оқыту принцпіне орай, мынадай басқыштарға бөлінеді: оқытушы алгоритмді істеп шығады; оқытушы оқушыларды алгоритмнің мазмұнымен таныстырады; оқушылар осы алгоритмнен көп пайдаланып, меңгереді;
Математика бағдарламасының талқылануы бастауыш мектептің жоғарыда көрсетілген алгоритмдік мәселелерінің сыныптарға қарағанда міндеті әралуан. Мысалы, ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін оқушылар толық меңгеруі қажет. Бұл “үлкен”, “кіші”, “тең” қатынастарын орнату алгоритіміне де тән. Ал теңдеулерді шешу, геометриялық фигураларды жасау, үлес пен бөлшек сандар үстінде амалдарды орындау тәсілдерін үйрену жоғары сыныптарда жалғасын табады. Бастауыш сыныптың оқушылары теңдеулерді шешумен арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелерінің арасындағы байланысты, геометриялық фигураларды жасаумен олардың ережесін, кейбір қасиеттерін санның бөлшегін және үлесін табумен үлес пен бөлшек түсініктерінің мағынасын меңгереді. Солай етіп, бастауыш сыныптарда бұл практикалық оқулардың қалыптасуы негізгі мақсат емес. Сондықтан оқушыларға тиісті алгоритмдерді оқытуда оқытушы жеткілікті түрде сақ болуы тиіс: Оқушыларды алгоритмдермен таныстыруда екі түрлі методикалық жандасу болуы мүмкін:

  1. Бұрын үйренілген элементар жұмыстарды белгілі кетпе-кеттікте, жүйеде орындау мүлдем жаңа мәселені шешу мүмкіндігін беруі оқушыларға

анық мысалдармен көрсетіледі. Оқушылар оқытушының басшылығында осы алгоритмді қайта жүзеге асырады. Бұл тәжірибе схема түрінде жалпыландырылады және индивидуал немесе арнаулы кестеде беріледі. Схемадан пайдаланып жатқанда, оқушылар бастапқы кезеңдерде әрбір элементар жұмыстың атын, оның мазмұнын дауыстап айтады. Содан соң кейбір оқушылар элементар жұмыстардың орындалуын кейде дауыстап түсіндіреді, ал қалғандары оны іштен орындайды. Алгоритмнен пайдалану мәселенің дамып баруымен оқушылар тиісті жұмысты схемаға қарамай орындайды. Алгоритмді қалыптастыруға бұлай жандасуда бұл алгоритмді ұйымдастырушы элементар жұмыстар мен олардың орындалу тәртібі оқушыларға дайын түрде беріледі.

  1. Алгоритмнің қалыптасуы жайлап және мақсатқа бағытталған түрде болады. Оқушылардың белсенділікпен қатысуында элементар жұмыстар аңғарған түрде таңдалады, олардың орындалу тізбегі анықталады. Мұның үшін түзілу алгоритмі істеп шығарып жатқан объектілердің бұрыннан белігілі болған ережелерінен, қасиеттерін пайдаланады, “ұқсас” объектілер үшін алда белгілі алгоритмдерден толығымен немесе жартылай пайдалану мүмкіндіктері тексеріледі. Мұндай жандасуда оқушылардың алгоритмді түзудегі қатысуы жеткілікті түрде болуы мүмкін, ал түзу кезеңінің өзі мазмұны бойынша зерттеу жұмысына жақын болады. Осылай жандасуды жүзеге асыруға тиісті бірнеше мысалдар келтіреміз.

Тіктөрбұрышты жасау алгоритмін істеп шығу қажет болсын:
1. Ерікті туры сызыққа АD кесім, яғни тіктөрбұрыштың жағы қойылады. Тіктөрбұрыштың ережесі еске түсіріледі: бұл барлық бұрыштары тік бұрыш болған тіктөрбұрыш. Демек, тіктөрбұрыштың жалпы нүктеге ие болған екі жағы тік бұрышты пайда етеді.
Оқушылардың кейбір практикалық оқуларын алгоритм көрінісінде меңгерулері оқудың барысын нәтижелі бақылауға, оқушы алгоритмдандырылған жұмысты орындауда жол қойып жатқан жүйелі қателіктері мұндай қорытынды шығаруға жағдай жасайды: оқушы алгоритмге енген бір жұмысты (немесе жұмыстарды) надұрыс орындауда, немесе элемантар жұмыстардың орындалу тәртібін бұзуда. Оның үстіне, надұрыс жауап белгілі жағдайларда оқушының дәл қайсы жұмысты надұрыс орындап жатқанынан дерек береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет