ЗООЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жануарлардың құрылысы мен тіршілік етуі туралы мәліметтер адамзат
баласына бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған. Олар өздері аулаған
жануарлардың сырт пішінін паналайтын үңгірлер кабырғасындағы тастарға
және күркелерінде калдырған сүйектерге ойып салып отырған. Мысалы:
Австрия үңгірлерінің бірінде жүрегі айқын көрсетілген піл суреті бар.
Сонымен катар аралар балын жинап жүрген әйел бейнесі де салынған. Бұлар
бізге қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр.
Ал жануарларды ғылыми негізде зерттеп, зоологияның дамуына ең
алғаш жол ашкан гректің ұлы ғалымы және философы Аристотель (384-322,
IV ғасыр біздің заманымызға дейінгі) болды. Аристотель жануарлар
классификациясын жасап, зоология систематикасынының негізін салған. Ол
жануарлардың 500-ден аса түрлерін зерттеп, оларды 2 топқа бөлген:
1) "энойма" - қаны бар жануарлар; 2) "анойма" - қаны жоқ жануарлар.
Бірінші топқа, қанды жануарларға: 1) тірі туатындарды (аңдарды); 2)
құстарды; 3) бауырымен жорғалаушыларды; қосмекенділерді; 4) балықтарды
жатқызды.
Екінші топка, қансыздарға: 1) басаяқты моллюскаларды; 2)
шаянтәрізділерді;
3) моллюскаларды (басаяқтылардан басқа); 4)
насекомдарды, өрмекшілерді және құрттарды жатқызды.
Төменгі сатыдағы ұсақ жәндіктерді үшінші "chaos" - тобына жатқызды.
Аристотель көптеген кітаптар жазған. Ол насекомдардың толық және
шала дамуын, құстардың көшу және қайту мерзімін, сүткоректілердің зәр
шығару және жыныс мүшелерін айқын бейнеледі, сүткоректілерді
жұптұяқтыларға, балықтарды шеміршектілер мен қатты сүйектілерге бөлді.
Аристотель "Жануарлар тарихы" деген еңбегінде жануарлар туралы
көзқарасын білдіре отырып, жануарлардың және адамның сыртқы және ішкі
мүшелеріне сипаттама берді, ал бұл жануарлардың салыстырмалы
анатомиялық сипаттамасына алып келді. Аристотель "Жануарлардың дене
бөліктері туралы" еңбегінде организмдерде бірыңғай тканьдер және бірыңғай
емес "мүшелер" бөлімдерін ажыратты, ал "Жануарлардың пайда болуы
туралы" еңбегінде жануар мен адам эмбриологиясы туралы айтты.
Аристотель өз еңбектерінде суреттерді негіз етіп алған, бірақ олардың көбісі
сақталмаған. Аристотельдің бірінші зоологиялық сипаттамасы көп уақыт
бойы қолданылып келеді.
Орта ғасырда жануарлар жайындағы алғашқы түсініктердің
бастамалары әрі қарай дами алмады, өйткені феодалдық коғам жағдайында
табиғатқа тәжірибе жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу діннен
тайғандардың ісі деп саналып, зерттеушілер қатты қуғынға ұшыраған. Тек
XV ғасырдан бастап капитализмнің, өнеркәсіптің, сауданың дамуымен қатар
зоология да дами бастады.
XVI - XVII ғасырларды жинақтау ғасыры деп атауға болады.
Жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы негізгі түсініктер қалыптаса бастады.
Жануарлардың көптүрлілігі, олардың ішкі құрылысы туралы да шығармалар
шыға бастады. Олардың авторлары швед ғалымы К. Геснер және француз
ғалымдары Г. Ронделе, П. Белона.
Зоологияны дамытуда үлкен үлес қосқан голланд ғалымы Антон ван
Левенгук (1632-1723) және ағылшын ғалымы Роберт Гук (1635-1703). А.
Левенгук қарапайым құрылысты микроскоптарды жасап, тұңғыш рет бір
клеткалы тірі жәндіктерді ашты, ал Р. Гук өсімдік тозағашының құрылысын
зерттеп, оның клеткадан тұратынын анықтады. Р. Гук "Микрография немесе
үлкейтетін шыны арқылы ұсақ денелілердің физиологиясын бейнелеу" (1665)
деген еңбегінде тұңғыш рет "клетка" ұғымын қолданды.
XVIII ғасырда швед ғалымы Карл Линнейдің (1707-1778) жасаған
системасын жұртшылық мойындады. Ол өзінің "Табиғат системасы"
(Systema naturae, 1735) деген үлкен еңбегінде өсімдіктер мен жануарлардың
негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сүйене отырып, ең кіші
бірлікті түр деп атап, ұқсас түрлерді - туысқа, туыстарды - отрядтарға, ал
отрядтарды класқа біріктірді. К. Линней өсімдіктердің 7540 түрін зерттеп,
оларды 24 класқа бөлді, ал жануарлардың 4200 түрін зерттеп, оларды 6
класқа бөлді: 1) Сүтқоректілер - Mammalia; 2) Құстар - Aves; 3) Хайуандар -
Amphibia - бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер; 4) Балықтар -
Pisces; 5) Насекомдар - Insecta; 6) Құрттар - Vermes (бұл класқа моллюскалар
және басқа да омыртқасыз жануарларды жатқызған).
К. Линнейдің өсімдіктер мен жануарлардың түр және туыс аттарын
латын тілінде атауды ұсынуы ең негізгі бағалы жаңалығы болды. Мұны
ғылымда қосарлы немесе бинарлық ("би" - екі) номенклатура деп атайды.
Осы күнге дейін барлық елдің ғалымдары түрлерді қосарлы аттарымен
атауды қолданып келеді. Мысалы, Cimex lectularius - төсек қандаласы, С.
hirundinis – құс қаңдаласы, Tabanus sabuletorum - құм сонасы, Т.
subsabuletorum - тоғай сонасы, Т. brunneocallosus - тақыр сонасы, Т. bovinus -
өгіз сонасы. Түрлердің барлық особьтары үшін туыс аты ортақ болады.
Мысалы, төсек және құс қандаласына Cimex туыс аты ортақ. Ал соналарға
Tabanus туыс аты ортақ. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен
жазылады.
К. Линней ботаника тіліне өзгерістер енгізіп, ботаникалық тіл қорын
жетілдірді. Ботаникадан еңбектері: "Ботаника негіздері", "Ботаника
философиясы", "Өсімдіктер туыстары", "Өсімдіктер түрлері" т. б. К. Линней
табиғат туралы метафизикалық түсініктерді толық қуаттап, түр өзгермейді
жаратушы қанша түр жаратса, сонша түр тіршілік етеді деген үғымда болған.
XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басында органикалық
дүние жөнінде эволюциялық көзқарастар тұрғысынан пікірлер айтыла
басталды. Француз ғалымы Жорж Луи Бюффон (1707-1788) өзінің "Табиғат
тарихы"
(1749)
деген еңбегінде үй жануарларының өзгеріске
ұшырайтындығын дәлелдеген.
Эволюцияны қолдаушылардың бірі француз ғалымы Жан Батист
Ламарк (1744-1829) болған. Ол өзінің "Зоология философиясы" (1809) деген
еңбегінде, жер тарихының ұзақ жылдар бойында сыртқы ортаның әсерінен
организмдердің үздіксіз өзгеріп отыратындығын көрсеткен.
Ж. Б. Ламарк систематиканың дамуына көп еңбек жасады. Ол барлық
жануарларды екі топқа бөлді: омыртқасыз жануарлар, омыртқалы жануарлар.
Омыртқасыз жануарларды 10 класқа топтастырды: 1. Инфузориялар класы. 2.
Полиптер.
3. Сәулелілер. 4. Құрттар. 5. Насекомдар. 6. Өрмекші тәрізділер. 7. Шаян
тәрізділер. 8. Буылтық құрттар. 9. Мұртаяқтылар (төменгі сатыдағы шаян
тәрізділер). 10. Моллюскалар. Омыртқалы жануарларды 4 класқа
топтастырды: 1. Балықтар класы. 2. Бауырымен жорғалаушылар, қос
мекенділер класы. 3. Құстар. 4. Сүтқоректілер. Осы 14 класқа бөлінген
жануарларды Ж. Б. Ламарк сатылай орналыстырды, оның төменгі сатысына
инфузорияларды, полиптерді (құрылысының күрделілене түсуіне
байланысты жоғары сатыға көтеріледі), жоғары сатысына құстар мен
сүтқоректілерді орналастырды. Тірі организмдер құрылысының күрделілене
түсуін Ж. Б. Ламарк "градация" (жоғары көтерілу) деп атады. Организмдер
құрылысының күрделіленуін Ламарк, олардың іштей прогреске
ұмтылушылық қабілеті болуынан деген пікірде болған.
Ж. Б. Ламаркпен қатар француз ғалымы Жорж Кювье (1769-1832)
салыстырмалы анатомия негіздері мен корреляциялар туралы ілімнің негізін
салды. Сонымен қатар систематиканың да дамуын жалғастырды. Ж. Кювье
және оның шәкірті Блинвиль 1825 жылы системаға "тип" деген ұғым енгізді.
Жануарларды олар 4 типке бөлді: 1) омыртқалылар типі, 2) жұмсақ
денелілер, 3) бунақтылар (мүшелілер), 4) сәулелілер.
Достарыңызбен бөлісу: |