Педагогика ғылымының ерекшеліктері. Педагогика ғылымы да кез келген басқа ғылыми пән сияқты қызметтер атқарады: сипаттау, түсіндіру және өзі зерделейтін шындық болмыстың бөлігіндегі құбылыстарды алдын ала болжай білу. Бұл қызметтер өзара байланысты. Педагогика басқа ғылымдарда түрлі пәндер арасында бөлінген екі қызметті атқарады: ғылыми-теориялық және құрастырушылық-техникалық (нормативтік, реттеушілік).
Педагогиканың ұғымдық аппараты. Әрбір ғылымның пайдаланатын ұғымдары мен түсініктерінде жинақталған білім көрініс табады. Барлық ғылыми ұғымдар негізінен екі топқа бөлінеді: философиялық және жеке ғылымилық, яғни ерекеше сол ғылымға ғана тән. Одан басқа да ұғымдардың ерекше тобы - жалпы ғылымилық ұғымдарды бөліп қарастырылады. Педагогика барлық осы топтарға жататын ұғымдарды қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |