Оқушыларды аудандық олимпиадаға іріктеу
(мектепішілік кезең)
І тур шығарма жазу
11-сынып
Жазба жұмысты бағалау тәртібі:
1. Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
2. Әдеби материалдарды пайдалану деңгейі - 10 ұпай
3. Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай
4.Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай
5.Емле (орфография) – 10 ұпай
Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50 ұпай
ШЫҒАРМА ТАҚЫРЫПТАРЫ
Ұлт ұстазы-Ахмет.
«Ауыл өмірінің жыршысы» (Бейімбет шығармашылығы жайлы).
Мәңгілік ел-мәңгілік мұрат.
ІІ тур
11 - сынып
(Қазақ тілі мен әдебиеті)
Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғары ұпай– 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары ұпай ала білген оқушы 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.
№
|
Пән атауы
|
Мазмұны
|
1
|
Қазақ әдебиеті
|
Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық... Үзінді қай ақынның өлеңінен алынған? Бұл жерде қандай мәселе туралы айтылған?
|
2.
|
Қазақ әдебиеті
|
а) Нақыл өлең?
ә) Синтаксистік параллелизм.
|
3.
|
Қазақ тілі
|
а) Қазіргі шешендіктің түрлері туралы айтыңыз.
ә) Тіл көрнекілігі. Мысал келтіріңіз
|
4.
|
Қазақ тілі
|
а) Анықтауыш пен айқындауыштың айырмашылығы. Мысал келтіріңіз
ә) Сөйлем соңына қабаттаса қойылатын тыныс белгілер.
|
5.
|
Тіл мәдениеті
|
Пікірталастың түрлері
|
Достарыңызбен бөлісу: |