Оқушылардың сыртқы келбеті.
Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)
Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек.
Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.
Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.
Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.
Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.
1.2 Оқушылар:
Оқушы мектепке мектеп үлгісімен (формасымен) ;
Үлкендерге құрметпен қарауға;
Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге;
Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;
Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;
Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;
Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге;
Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға;
Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға;
Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;
Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға;
Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;
Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға;
Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға
МІНДЕТТІ
1.3. Оқушылар мұғалімдерді , өзінен жасы үлкен адамдарды «Сіз» деп атайды.
1.4. Оқушылар үлкенге жол береді. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына , ер балалар қыз балаларға жол берулері тиіс.
1.5. Өзара түсініспеушілік жағдай болғанда ешқашан күш қолдануға , лас сөздермен балағаттауға болмайды.
1.6. Оқушыларға:
Сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, сынып жетекшілерінің рұқсатынсыз кетуге;
Сыныптан тыс және спорттық, мәдени көпшілік іс-шараларды өз бетінше тастап кетуге;
Мектепке және мектеп маңына қару, өртке қауіпті жарылғыш, жанғыш сұйықтық, газ баллонын, темекі, спирттік ішімдіктер, есірткі, адамды жындандыратын, естен тандыратын, қанын қыздыратын құралдар, сонымен бірге улы және токсиндік заттар әкелуге;
Мектеп маңы мен мектепте шылым шегуге;
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Достарыңызбен бөлісу: |