Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы. «Сабақ беру үйреншікті, жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»



бет1/12
Дата11.01.2022
өлшемі52,58 Kb.
#110818
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы
document name, 1584587371499, Хеопс пирамидасы

Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы.

«Сабақ беру үйреншікті, жай ғана шеберлік емес,

ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»

Ж. Аймауытов


Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.

Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой – талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі кезенде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диагностикалық, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керек. Мен тәжірибе барысында, өтілген сабақтарымда оқушыларды бағалау кезінде және олардың білімдерін анықтау мақсатында формативті оқытудың он екі стратегиясын басшылыққы алып жүрмін.

Осы мақсатта «Хандық биліктің жойылуы» тақырыбындағы сабақта өзін – өзі бағалау стратегиясын оқушылардың білімдерін анықтауға пайдаланам. Бұл сабақты ұйымдастыру кезеңінде тапсырмалар және бағалау өлшемдері туралы оқушыларға ескере отырып бағалау парағын тараттым.

Кездескен қиындықты жеңу үшін түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланғанда кері байланыс жасап, оқушыларды ынталандыру, мадақтау арқылы олардың өзін – өзі бағалауына мүмкіндік бердім. Оларды бұлай бағалау олардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Сонымен бірге жұбымен, тобымен ақылдасып, ортақ шешімге келе отырып, олар өзін – өзі бағалап отырды. Жұптағы жұмыстарына баға қойып, одан әрі өзім бағалап отырдым.

Өзара бағалау оқушылардың өзінің жеке жұмысы немесе бір бірінің жұмысы үшін баға қоюға қарағанда үлкен маңызға ие. Мақсат оқушыны өзінің жұмысын сапасын қолдауда және оның жақсарту мүмкіндігін талдауда тұжырымдалған. Соңында, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдету керек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек қана мұғалім жауапты емес екендігін түсінеді.

Өзара бағалау оқушыларға олар бір – бірінен үйрену үшін және бір – бірін демеуі үшін, бір –біріне қажетті кері байланысты орнатуға көмектеседі, бұл оларға сөйлесу, талқылау, түсіндіру және бір – біріне сыни бағалау мүмкіндік береді. Сәтті өзара бағалау оқушылар соңында оқуға өзінің дербес алға басу үшін өсетін жауапкершілікті өзіне алатындай өзін – өзі бағалауды дамытуға көмектеседі. Мысалы: осы сабақта жұптық жұмысқа «Болжау» әдісі бойынша тапсырма бердім. Бұл әдісі баланың ішкі түйсігіне cүйене отырып, өзара талқылау арқылы мағынаны тануға арналған стратегия. Осы стратегияны пайдалану арқылы оқушылар шағын топтарда жұптасып жұмыс жасау барысында мынадай тапсырма берілді: XIVғ. басында Кіші жүздің Ресеймен шекаралас аудандарын ашаршылық жайлады.

Себебі: (әрі қарай өз ойынды өрбіт...)

Оқушыларға әрі қарай өз ойларын өрбітіп, өз ойларын ортаға сала отырып, ашаршылықтың себебін анықтайтындай болжамдар айтты. Нәтижесінде мұғалімнің берген дұрыс жауабын өз болжамдарымен салыстыра отырып, дұрыс – бұрыстығын анықтады. Бағалауға ең алдымен жасалған жұмысты мұқият зерделеп, өздерінің сыныптастарымен жұмыс жасау пікірі қалыптасты. Мұғалім жағдайларға араласпай тек бақылаушы ретінде жүріп, оқушылардың жұмыс кезінде қателерді болдырмауға және оларды түзетуге мүмкіндік берді. Бұл ретте оқушылардың өзара бағалауының тиімді екенің байқадым. Осы берілген тапсырмаларда бағалау кезінде оқушылар бір – бірінің жұмысын сараптады.

Сонымен бірге сабақтарымда қлданып жүрген бағалаудың бірі критериалды бағалау.

Бағалаудың осы түрін өз сабағымда пайдалана алдым. Қазақстан тарихынан «Елдің жаңа орталығы – Астана» тақырыбын өткенде оқушыларға он минуттық эссе жазуға бердім. Оны бағалау үшін бағалаудың критерийлері жазылған бағалау парағын оқушыларға бердім. Бұл тексеру жұмысын жеңілдетуге, олардың сыни ойлауын, сөздік қорын дамытуға, бір – бірін тыңдап құрметтеуге мүмкіндік берді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет