Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы. «Сабақ беру үйреншікті, жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»


Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар



бет10/12
Дата11.01.2022
өлшемі52,58 Kb.
#110818
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы

Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар

Үйрену тиімділігі немесе, дәлірек айтқанда, жаттығулар нәтижесінде дағдыны өндіру көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде: жаттығуды уақыт бойынша дұрыс бөлу, үйренушінің әрекетті орындаудың негізгі жоспарын, принципін саналы түсінуі, орындалған әрекеттің нәтижесін білу, бұрын игерілген білімдер мен қалыптасқан дағдыларды үйренудің қазіргі сәтіне әсер етуі, қайта өндірушілік пен өнімділіктің ұтымды арақатынасы. Әрине, үйрену тиімділігі осы факторлардың барлығының жиынтығының әрекетімен анықталады, бірақ олардың әрқайсысы автономды әсер етеді. Д. Уолфл бірнеше бөлек, бірақ аталған факторларға өте жақын факторларды келтіреді. Ол келесі бес факторлардың әр қайсысын жете қарастырады:

  1. нәтижелерді білу, оларды хабарлаудың кешеуілдеуі оқушыға жаттықтыру тиімділігіне кері пропорционалды;

  2. елеулі мөлшерде ұқсас ынталандырушы жағдайды жасаудың заңсыз болмауына негізделетін интерференцияның алдын алу;

  3. жаттығу шарттарының түрліше болуы, олар жаттығу материалын ұсыну шарттарының, көлемінің, тәртібінің қажетті өзгеруінен көрінеді;

  4. жаттығуда пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді білу. Д.Уолфл мәліметтері бойынша «моторлық» механикалық үйренудің вербалдыға қарағанда тиімділігі біржарым, екі есе аз;

  5. әрекеттің жалпы жүйелерін, принциптерін түсіну қажеттілігі. Принципті «тура» түсіндіру Д. Уолфл бойынша, оқушының байқап көру және қателесу әдісімен сол принципті өз бетінше іздегенінен гөрі жақсы нәтиже береді. Д. Уолфл, сонымен бірге, нұсқау сипаты мен уақыт берудің үйрену нәтижесіне әсерін атап көрсетеді.

К. Ховланд жұмыстарында факторлардың саны бірнеше көбейеді, мысалға жаттығуды тұтас немесе бөлшектеп тарату есебінен [225]. Жаттығыуларды уақыт бойынша таратудың маңыздылығы туралы айта отырып, К. Ховланд олардың шоғырлануының немесе таратудың материалдың өзіне байланыстылығын атап кетеді. Шоғырланған, үйренуге қолайлы ықпал ететін факторлардың ішінен К. Ховланд келесілерді атайды: а) жинақталып, жұмысқа кірісу қажеттілігінің пайда болуы, б) «тапсырманы орындауда көрінген үлкен икемділік», оның өзі күрделі тапсырмаларды орындауда қажетті. Сонымен қатар, үйренудің таралуына қолайлы ықпал ететін факторлар да айқындалды: а) демалу кезеңінде іс-жүзіндегі немесе қияли қайталаулар формасында жүретін өзіндік ерекше қосымша жаттығу, б) жұмысты демалыспен алмастырып отыру және демалыс кезінде жаттығу барысында пайда болатын бір-біріне ықпал етуші құбылыстардың жоғалып кету мүмкіндігі [225, 156-157 б.].

Үйренудің тиімділігіне әсер етуші екінші фактор тұтас па, әлде бөлшектеп үйрену артық па деген сұраққа жауаппен байланысты. Автор келесі шешімге келеді: «практикалық жағдайда шаршау, қызығушылық және т.б. сияқты факторлар тұтастай немесе бөлшектеп үйрену артықшылықтарын бағалауда маңызды рөл ойнауы мүмкін. Бірақ, осы факторлар жеткілікті мөлшерде үнемі болып қалса, онда жаттап алуды батыл ұсынуға болады, яғни мағыналық бірлігі бар және үйренуші үшін қол жеткілікті неғұрлым көп бірліктермен жаттау. Оның жасы неғұрлым үлкен болмаса, соғұрлым оның интеллектуалдық қабілеттері көп, неғұрлым оның практикалық тәжірибесі бай болса, соғұрлым ол үлкен бірліктермен жұмыс істеуге қабілетті» [225, 161 б.]. Осы ойды ертеректе отандық психологтар Л.В. Занков, А.А. Смирнов және т.б. айтқан. Осы материал бойынша К. Ховланд үйренудің тиімділігі мен жылдамдығының (немесе дағдыны өндірудің) материалдың ұзақтығына, мағыналығына, қиындығына және т.б. тәуелділігін атап көрсетеді.





        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет