Ас қорытуферменттері - қоректік заттарды химиялық қосылыстарға ыдырататын биологиялық катализаторлар. Ас қорыту ферменттері химиялық құрылысы жағынан белок, ал физикалық күйі жағынан коллоидтық зат. Олар ас қорыту бездерінің клеткаларынан шығады. Әрбір фермент бір реакцияға қатысады. Сілекей бездерінің Ас қорыту ферменттерінің бірі птиалин крахмалды мальтозаға ыдыратады, екіншісі мальтозаны жүзім қантына айналдырады. Асқазан безінің ферменті - пепсин белокты альбумозаға және пептонға ыдыратады. Ұйқы безінің ферменті - пептонды амин қышқылдарына, липаза-майды глицерин мен май қышқылдарына, амилаза углеводтарды қантқа айналдырады. Ішек безінің сөліндегі және өт құрамындағы түрлі ферменттер белоктарды амин қышқыддарьша, углеводтарды қантқа, майларды глицерин мен май қышқылдарына одан әрі ыдырата түседі.