Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсатын және міндеттерін, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіріңіз



бет8/20
Дата13.06.2023
өлшемі327,29 Kb.
#178709
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
1 деңгейдегі ОФД
2 тоқсан БЖБ №2
Кемелденген кезең – ақыл-ой, санасы, ойлау қабілеті жетіліп, шығармашылық іс әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді.
Қарттық кезең - бұл кезеңде барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяу жүреді.
312Адам қаңқасын талдап сүйектердің байланысын түсіндіріңіз
Қаңқа (skeletos) – адам денесіндегі барлық сүйектердің жиынтығы. Адам денесінің қатты бөлігін құрайды. Адам қаңқасы төрт бөліктен тұрады: 1. тұлға ( омыртқа жотасы, қабырғалар, жауырын, бұғана, төс сүйегі) 2. қолдың ( қар, білек, қол сүйектері) 3. аяқтың ( жамбас, сан, аяқ басының сүйектері) 4. бастың қаңқалары ( ми, бет сүйектері) Қаңқа қызыметі: 1. Механикалық: - адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы. Сондықтан адам тік жүреді, қозғалады. 2. Биологиялық: - қаңқа зат алмасуға қатысады, - қан сүйектерде пайда болады, - минералды тұздардың алмасуына қатысады .Сүйек қалыңдап өседі, сол себепті жасқа байланысты сүйектің қалыңдығы әр түрлі болып келеді. Сүйектердің периост қабығы жұқа, бірақ берік дәнекер ұлпа жапқышы. Ол сүйекті қоректендіріп тұрады.Денедегі сүйектердің жалпы саны 200-ден астам. Олар адам денесінің қатты бөлігін құрайды. Сүйектің химиялық құрамы: 1.Органикалық заттардан (1/3), негізі оссеиннен; 2. Бейорганикалық заттардан (2/3), негізінен кальций тұздары. Бейорганикалық және органикалық заттардың тірі сүйекке аралас болуы оған аса беріктік пен серпімділік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде оссеин көптеу болғандықтан олар өте иілгіш көп сына бермейді.
313Жүйке жүйесінің құрылысы талдап сипаттаңыз

Жүйке жүйе — адам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология (гр. neurologia; neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет