Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. Желтоқсан 2019 ж



Дата12.04.2022
өлшемі152,41 Kb.
#138982
Байланысты:
орта буынға бейімделуі


Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. Желтоқсан 2019 ж.
Мектебімізде 5 «а» сыныбында 9 оқушы, оның ішінде 5- ұл, 4-қыз оқиды. Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, мектепішілік шараларға қатысуы жақсы.
5 «а» сыныбының орта буынға бейімделуі жақсы. Анықтау мақсатында оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясына арналған сауалнама алынды.
Сауалнама нәтижесінде сынып оқушылардың көбі жақсы көңіл күймен келетіндіктерін айтты. Оқушылардың пәнге деген көз қарастарын анықтауда Олжас, Даяна, Исламбек ағылшын пәнінен оқуда аздап қиналатындықтарын көрсеткен. Өмірзақ Айсуға әдебиет сабағы қиындық тудыратындығы анықталды.
Оқушылардың барлық мұғалімдер мен және сынып жетекшілермен қарым- қатынасы өте жақсы.
Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау барысында 5 «а» сыныбы бойынша есту арқылы есте сақтау- 25% , көру арқылы есте сақтау- 55%, көріп –қайталау арқылы есте сақтау- 75% нәтиже көрсетті.
Сынып оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін», «Мен және менің әлеуметтік рөлім» , «Өз мінез құлқынды қалай тәрбиелейсің?» атты тақырыптар да психологиялық тренингтер өтілді .Онда оқушылар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай нені білу керек екендігін білді. 5- сыныптың бастауыш сыныптан қандай айырмашылықтары бар екендігі туралы ойларын ортаға салды.
Оқушыларға мейірімділік, көңіл-күй, пәнге деген қызығушылық (көрнекіліктер), мұғалімнің көңіл аударуы қажет. Оқушыларымыздың мінез-құлқына келетін болсақ , мұғалім зейінін көбірек қажет ететін оқушылар бар. Олар: Қайратұлы Мұхамед (өте тұйық), Тоқсанбай Аяулым. Жалпы 5-сыныптың бейімделуі қалыпты жағдайда өтуде.

Мектеп психологы: Белгібай А.С

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет