Оқушылардың оқуға мотивациясы



бет1/23
Дата13.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#100083
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Мақала. Сүндетбек.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Сулейман Демирель атындағы университет мекемесі

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті

Педагогикалық бағыттағы жаратылыстану ғылымдар және математика кафедрасы

Жаңабаев Сүндетбек



Оқушылардың оқуға

мотивациясы

7M015001 MAT 1 COURSE




Қаскелең, 2020


Мазмұны

Абстракт.

Кіріспе.

Әдебиетке шолу.

Оқушылардың оқуға мотивациясы.

Оқушылардың жалпы оқуға деген мотивациясының төмен болу себептері.

Мотивацияның болмауының мүмкін себептері және олармен не істеу керек?

Оқушының оқуға деген ынтасын арттырудың 9 жолы.

Математика сабақтарында мотивацияны қалыптастыру.

Мотивацияның қалыптасуына әсер ететін әдістемелік әдістер.

Гарвард университетінің студенттеріне айтылатын мотивациялары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиетер мен сілтемелер тізімі.

Абстракт

Мотивация – әрекетке шақыру; адамның мінез-құлқын басқаратын психофизиологиялық процесс, оның бағытын, ұйымдастырылуын, белсенділігін және тұрақтылығын; адамның өз қажеттіліктерін іс жүзінде қанағаттандыру қабілеті. Оқу мотивациясы – оқушылардың оқу мақсаттарына жету жолындағы мотивациясы.

Кез келген жетістік мотивациямен келеді. Сондықтан да мотивация оқытудағы ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Қазіргі оқыту жүйесінде оқуға деген мотивацияның көрсеткіші төмендегені байқалады. Әлбетте бұл құбылыс барлық оқу процесіндегі қатысушыларға әсер етуде. Атап айтқанда мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары – бәріне қатысты. Бұл жағдай дәстүрлі білім беру жүйесінің айқын көрінісі.

Білім алушыларда оқу орнына барудан жағымды эмоцияларды қалай жандандыруға болады? Мектеп білімінің қажеттілігін сезіну бар ма? Ол қалай көрінуі керек? Оқушылардың жалпы оқуға деген мотивациясы не себепті төмен болады? Онымен күресу үшін не істеу керек? Олардың ынтасын қалай арттыруға болады? Біз мақаламызда осы және тағы да басқа оқушылардың мотивациясына байланысты сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

Кіріспе

Оқушылардың оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру – бүгінгі күні өзектілігін жоғалтпаған мәселе. Бір мұғалімде оқитын оқушылардың білім деңгейі мен біліктері әртүрлі болады. Оқыту барысында мұғалімнің бір түсініктемесін, бір материалды әр оқушы әртүрлі қабылдайды және меңгереді.

Әр мұғалім өзінің білім алушыларының өмірде табысты болуына, тек жақсы білім алуына, пәнге қызығушылық танытуына және мектеп сабақтарына қуана қатысуға, үй жұмысын мерзімінде орындауға бағытталатыны сөзсіз. Бірақ, өкінішке орай, педагогтар өз жұмысында көп жағдайда оқушылардың оқуға деген салғырттығымен кезігеді.

Егер оқушылар оқуға, жаңа материалды меңгеруге жағымсыз мінез-құлықты көпшілік алдында көрсетуден тартынбаса, сабақта толық қайтарыммен жұмыс істеу қажеттігін сезінбесе, оларды тиімді оқыту мүмкін емес.

Педагогтер мен психологтардың бақылауларынан оқушылардың оқу үшін жасалған әрекеттен келетін жақсы нәтижелері, жетістіктері – осы әрекетті ынталандыруға себеп болған уәждерге, мотивтерге байланысты болады деп келіседі. Сондықтан мотивация – оқу қызметінің ең маңызды компоненттерінен болып табылады.

Әдебиетке шолу

Мотивация ұғымы бұрыннан зерттеледі. Осы тақырып бойынша көптеген теориялық деректер, зерттеу еңбектері бар болса да, көптеген бағыттар бойынша мотивацияны арттыру мәселесі толық шешілмеген. Хармерге сәйкес (Harmer, 2001) мотивация – жетістікке жету үшін адамды бағытпен қозғайтын ішкі итермелеудің бір түрі. Сондай-ақ, Уильям мен Берден (William and Burden, 1997) мотивацияны "когнитивті жандандыру жиынтығы" нәтижесінде "әрекет ету шешімін" арандататын, адамды "тұрақты зияткерлік және/немесе физикалық күшке" итермелейтін құбылыс ретінде түсіндірген.

Балалардың оқуға деген ынтасы аясында М.В.Матюхиннің «Оқушының оқуға деген мотивациясының құрылымы» атты тестін пайдаландық. Бұл тест баланың білімділігін, коммуникативті және оқуға деген мотивтердің (мақтау-алғыс, жазалау) жетістігі мен сыртқы көрінісінен хабар береді. Статистикалық талдау болғандықтан Фишердің критериі (F) және Пирсон корреляциясын қолдандық.

Осы тақырыпты зертеуде 6-шы және 10-сыныптар арасында 621 оқушы қатысты. Олардың 424-і дәстүрлі білім алатын оқушыларды құраса, ал 90 бала мамандандырылған арнайы мектеп оқушылары. Қалған 107 оқушы – тереңдетілген пәндер бойынша білім алушы балалар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет