Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану



Дата16.11.2022
өлшемі25,43 Kb.
#158564
Байланысты:
соц-социограмма




Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану: Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұны, әсіресе, сынып жетекшінің білгені өте маңызды. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, сүйікті және белгілі оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.
Бұл тәсіл бойынша мен төмендегідей тәсілді қолдандым.
Социометрия методикасы
Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу
Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалнама үлестіріледі:

  1. Кіммен бір партада отырғың келеді?

  2. Кіммен бірге саяхатқа шыққың келеді?

  3. Кімді туған күніңе шақырғың келеді?

Оқушылардың жауаптарын алғаннан кейін төмендегідей кесте толтырылады:
Таңдау матрицасы



Кім таңдайды?

Кімді таңдайды?

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

ЕРМҰХАМЕТ




























2

ЕРМҰХАМЕТ




























3

ЕРМҰХАМЕТ




























4

ЕРМҰХАМЕТ




























Т.б.

ЕРМҰХАМЕТ































Қанша рет таңдалды?































Өзара (бірін-бірі) қанша адам таңдады?




























Таңдау матрицасындағы мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалады


Социограмма
4 шеңберден тұрады:
1-дөңгелекке (орталыққа) ең көп таңдалынған оқушылар түседі (2 есе көп таңдалынғандар)
2- дөңгелекке орташа сан таңдалынғандар
3- дөңгелекке елеусіз балалар (орташа саннан төмен)
4- дөңгелекке оқшау қалған, шеттелген балалар (бір де бір рет таңдалынбаған)


Бұл зерттеу бойынша ең көп таңдалынған оқушыларды ұйымдастыру жұмыстарында басшылыққа алып отырдым. Партаға бірге отырғысы келетін өзара бірін-бірі таңдағандарды оқушылардың өздеріне білдіртпей бірге отыруларына мүмкіндік бердім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет