Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан – жақты болуы керек.Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен,мұғалімнің дайындығы,ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс – тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы іске асады.
Өз іс – тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін:
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
Оқушылармен жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізуге баулу;