УДК 370.36
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың тиімді жолдары
Касимов И.Р., Уалиханова А.А.
(Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.
Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі. Себебі, оқушылар ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерімен жұмыс жасауда өздеріне қажет мағлұматтарды өз бойларына игеріп, шығармашылық қабілетін дамытады. Ақпараттық технологиялар мектеп пен ақпараттық қоғамды өзара байланыстырады. Оқушылар ақпараттық технологиялар туралы нақты білімге негізделе отырып, олардың ғажайып сырларын ашады, ал аталған технологиялар оқушылардың білімге, еңбекке деген құштарлығын арттырады, ақпараттық қоғамға, өз еліне аз да болса пайда келтіруге ынталандырып, ақпараттық технологиялар жайлы түсінігін кеңейтеді.
Ақпараттық технологиялар оқушылардың сабақтан немесе оқулықтан дайын білімді алуын ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзіндік жұмыстарын, ізденіс-зерттеу әдістерін қамтиды. Бүгінгі таңда жас ұрпақты шығармашылық қабілеті дамыған тұлға етіп тәрбиелеуде және оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруда сабақтан тыс жұмыстар мен үйірмелердің де маңызы зор. Олар оқушының жеке тұлға болып қалыптасып, жан-жақты білім алуының, шығармашылық қабілетінің дамуының негізгі жолдарының бірі.
Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет».
Осы тұста «Информатика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық және логикалық қабілеттерін арттырудың тиімді жолдары» - тақырыбындағы өз баяндамамды ұсынамын.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, оқушы үшін маңызды жақтары төмендегідей:
• оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасады;
• сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
• ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ
ұжырым жасауға үйренеді;
• оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
• мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастықта
олып, сенмділіктері артады.
Бұл сәтте мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
• өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуге;
• оқушы дарындылығының моделін білу;
• қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
• оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
Әр баланың бойындағы шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Оқу іс-әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ал, оқушының қабылдау түйсігі мәтін, видео, анимация, графика, дыбыс элементтері арқылы қалыптасады. Ол үшін мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерін ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал, оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімдігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады.
Бірақ, шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезім, екінші - өзіне тым риза болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу:
- оқушылардың шығармашлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.
Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар шығармашылығын арттыруға үлес қосуға болады.
Шығармашылық жұмыстың оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс - әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек.
Оқу процесіндегі негізгі мәселе – оқушылардың белсенді іс - әрекеті және шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс - әрекеті неғұрлым үйлесімді, икемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді. Шығармашылыққа баулуда кез – келген әдісті тиімді қолдану өзіміздің құзырымызда. Оның сабақ үстінде болсын, сыныптан тыс жұмыс түрінде болсын, қай жұмыс түрінде де жемісін көруге болады. Тек әр жұмыс жетістігін марапаттауды естен шығармайық. Барлық жұмыстарда оқушының қалауын, таңдауы мен ұсыныстарын ескере отырайық. Сонда ғана шығармашылық жұмыс нәтижесіне жетуге болады. Шығармашылық жұмыс нәтижесі көп жылдық еңбекті талап етеді.
Шығармашылық дарындылықтың белгілері әр түрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез-келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек.
Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса да бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім мапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с., өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Информатика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды компьютерлік технологиялар арқылы оқыту оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру мен қатар оларды өз бетімен ізденуге де ұмтылдырады.
Біздің осы атқарылып жатқан жұмыстарымыз арқылы оқушылардың өз білімдерін ұштауға, қабілеттерін шыңдауға қосқан үлесіміз деп білемін. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.
Әдебиеттер:
1.Халықова К.З Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2000.
2. Кудинова В.И. Внеклассная работа по информатике. М., 2001 N 1. Информатика и образование.
3. Б.А.Тұрғынбаева, «Дамыта оқыту технологиялары». Алматы, 2000 ж
4. Рахымбердиева Д.С. Информатика және ақпараттық технология. Алматы 2005 ж.
5. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту. Алматы, “Мектеп” 2005 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |