Қазақ тілі және әдебиет сабақтарымда:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;
Дамыта оқыту технологиясы;
Деңгейлеп оқыту технологиясы;
Сатылай кешенді технологиясы;
Ақпараттық-комуникативті технологиясы
Қазақ тілі және әдебиеті сабағында берілген тапсырмалар:
Өлең құрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем» - оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады.
Мысалы, «Қазақстан» тақырыбына арнайы ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
… менің,
… менің.
… өсе бер,
… жылың.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Қазақстан – елім менің,
Гүлдей болған жерім менің.
Көркейе бер, өсе бер,
Құтты болсын 20 жылың.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
1. Талдау жұмыстары:
лексика тақырыбы бойынша толық лексикалық талдауды үйрету.
Фонетикалық –математикалық талдауды үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |