Оқушылардың шығармашылық білім дағдысын дамытудағы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы тиімді тәсілдер



бет2/5
Дата22.08.2020
өлшемі1,41 Mb.
#76424
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
doc1553838571

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй жұмысын тексеріп,оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтауға болады, бұл әдісті қолданғанда оқушылар төмендегі үлгідегі сұрақтарға жауап беру арқылы ыстық орындыққа таласып, сабаққа деген қызығушылығы артатынына көзім жетті:

  1. Орхон – Енисей жазба ескерткіштерінің табылған жерлері.

  2. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер, шығармаларды ата.

  3. Көне түркі әдебиеті неше әріптен тұрады?

  4. Оларды ашқан тапқан кісілер кімдер?

  5. Орхон жырларының негізгі ойы.

  6. Құлыптастағы жазулар қалай аталады?

  7. Күлтегін жырының батырлар жырына ұқсастығы.

  8. Ескерткіштерде суреттелетін, баяндалатын оқиғалар не туралы?


«Көк диван» әдісі : «көк диванға» ортаға үш оқушы шығады, ортада отырған оқушы екі оқушыға ортақ сұрақ қояды, жауаптарын тыңдап,өзіне ұнаған жауабы бар оқушыны өзімен бірге алып кетеді.Бұл әдіс арқылы сабақ бергенімде оқушылардың зейіні, қабылдау қабілеті және жұпта жұмыс жасау дағдысы артатынын анықтадым. Тағы да атап айтсам, әр сабақ барысында өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Кластер» әдісін қолданамын. Мысалы:«Отан» сөзіне кластер жасау тапсырмасын бергенде, оқушылар төмендегідей үлгіде тапсырманы орындады:
Туған жер ОТАН біртұтас ел

Қазақ халқы

Қазақстан

Егемен ел


6-сыныптағы «Қазақстандағы қандай тауларды білесің?» тақырыбындағы «Миға шабуыл» әдісімен сауалдар қою арқылы оқушыларды ауызша қазақ тілінде сөйлетуге тілін жаттықтырамын:

  1. Адамзат табиғатқа қандай зиянын тигізеді?

  2. Жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғай аламыз?

Сонымен қатар, «Сауда тарихы» қазақ тілі сабағымда «Стикердегі диалог» әдісін пайдаландым. Бұл топтық жұмыс, топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі, кейін пікірлерін қорғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет