Келесі: Жемістер арқылы
ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ
тапсырмасы
Бұл картинкаларда неше түрлі заттар болуы мүмкін.
Жануар болуы
мүмкін, жеміс болуы мүмкін. Мен сіздерге жеміс нұсқасын ұсындым. Енді
қараңыздар бесбұрышты жемістің ішіне + таңбасын қояды. Алманың
ішіне – таңбасын қояды. Саңырауқұлаққа V деген таңба қояды. Әртүрлі
белгілерді қоюы керек. Дәл осылай ең алдымен жемістерді жаттатып
аласыз. Жемістердің ішінде қандай таңба тұр оны бөлек жаттатасыз.
Үстіндегі команданы парақ немесе
бір зат қойып жауып қоясыз, кейін
астындағы тапсырманы соған байланысты орындауы керек. Мысалы:
мұнда алма тұр не істейді? «–» таңбасын қоюы керек. Келесі бізде
алмұрт тұр алмұртқа «0» деген таңба қояды. Басында үйренгенше
таймерді қоймауға болады. Үйренген соң таймермен жұмыс жасаңыз.
• «БОЯУ» әдісі
Тапсырма: Жаттығудағы үлгіні
жаттап алып, дәл сол түспен бояуға
тырыс
Бұл тапсырма баланың оң жақ миын дамытады, яғни шығармашылық
ойлануын дамытады. Жүрек болса сарымен бояу керек .Бұл жерде бала
түстермен
жұмыс істейді, сонымен қатар есте сақтау қабілетін
дамытады. Зейіні тек қана суретте, таңбаларда болады.
ЕСТЕ
САҚТАУДЫ дамыту
Есте сақтау қабілетін дамыту оң және сол жақ ми бөліктерінің
арасындағы байланыс жасаумен басталады. Білетін болсаңыздар,
адамның оң жақ
миы шығармашылыққа бағытталған, ал сол жақ миы
күнделікті тұрмыс-тіршілік,
математика, есептер, жазу, іс-әрекеттерге
жауап береді. Ал, есте сақтау деген осы екі жақ мидың арасындағы
байланыс.
Есте сақтауды дамытудың ең БАЗАЛЫҚ әдісі - АССОЦИАЦИЯ.
Ассоциацияны әдемі түсіндереп берген видео бар. Ол
видеоны мына
сілтемемен көре аласыздар.
Достарыңызбен бөлісу: