Дайын әңгіме бойынша мазмҧндама жазыңдар.
Суреттер бойынша мазмҧндама жазыңдар.
Кӛрген кино, диафильмдер бойынша мазмҧндама жазыңдар.
3-тақырып. Шығарма және оның тҥрлері
Жоғары сыныптарда шығарма жаздыру әдістемесін зерттеуші Е.Дайрабаев шығарма мен мазмҧндаманық айырмашылығын айқын атап кӛрсетті. "Мектепте жҥргізілетін шығарма дегеніміз - белгілі тақырып бойынша ӛз ойын жоспарлы тҥрде баяндау. Шығармада Оқушының ӛзі туралы, ӛнер жӛнінде, оқыған немесе талдаған әдеби туынды жайындағы ойлары баяндалады. Оқушы тиісті тақырып бойынша мәтінді ӛзінше жазады".
"Шығарма" терминін бастауыш мектеп балаларының жҧмыстарына қолданғанда, оқушылардың ӛмірде ӛз кӛрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымында тҥсінікті тҥрде, жҥйелі әңгімелеп беруін айтамыз.
Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады:
Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;
Экскурсия бойынша;
Ӛнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрының спектакльдері, т.б.) байланысты;
Оқушының іс-әрекетіне (ойын, еңбек, т.б.) байланысты тақырыптар.
Шығармада оқушылар ӛз ойларын қандай кӛлемде кӛрсетуіне ерікті болатҧрғанмен, әр сыныптағы шығарма кӛлемінің шамасын белгіледік. Оқушылардың жазған шығармаларының кӛлемі шамамен:
I сыныпта 20 - 30 сӛз.
IIсыныпта 30 - 60 сӛз.
IIIсыныпта 60-130 сӛзге дейін барады.
Енді шығарманық жоғарыда кӛрсетілген тҥрлеріне жеке-жеке тоқталайық.
1. Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты шығарма жҧмысы. Бастауыш сынып оқушыларының сӛйлемді дҧрыс қҧру дағдысын қалыптастыруда оларды ҥйде немесе сыныпта оқыған шығармалары мен ҥлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сӛйлетіп, ҥйретудің пайдасы зор. Шығарманық бҧл тҥрінің білімділік, тәрбиелік мәні де зор. Мҧндағы ҧтымды мәселенің бір ҥшы бала ӛзін қоршаған айналаға сын кӛзімен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, іскер мен кертартпаны, кішіпейілділік пен дәрекілікті байқайды; Бҧлар жӛнінде ӛз сезімін білдіреді.
Бҧл жҧмысты мҧғалім алдын ала, жан-жақты ойластырып, дҧрыс ҧйымдастыра білуі қажет. Балаларды сӛйлеткенде олардың сӛйлемдерінің қысқа әрі тҥсінікті, жҥйелі қҧрылуына назар аударған жӛн. Ол ҥшін мҧғалім жетекші сҧрақ қойып отырады.
Сҧраққа жауап беру арқылы оқушылар естіген, оқыған әңгімелерінің мазмҧнын ӛз сӛздерімен айтып ҥйренеді және тілдік Кӛркемдікті пайдаланып, нәрлі ойларын еркін білдіруге әдеттенеді.
Бастауыш сынып мҧғалімдері оқушылардың оқыған, яғни естіген әңгімелерінің мазмҧны бойынша шығарма жаздыруды тҥрліше ҧйымдастырып жҥр:
Оқушылар оқыған немесе естіген әңгімелерінің мазмҧнын сақтай отырып, ӛз сӛздерімен еркін шығарма жазады.
Оқыған немесе естіген әңгімелерінің ҥлгісіне еліктеп, ӛздері ойдан шығарып жазады.
Дҧрыс ҧйымдастырылса, Бҧл жҧмыстың екеуінің де пайдасы мол. Әңгіменің мазмҧнын сақтай отырып жазған шығармадаоқушылар әңгімедегі оқиғаға, қҥбылыстарға ӛз білгендерін қосып, одан алған әсерлерін білдіреді. Бҧл - оқушының шығармашылық қабілетін дамытады, тілін ҥстартып,
ойын жҥйелі баяндауға тәсілдіреді.
Шығарманық бҧл тҥрлерін "сендер мынадай әңгіме оқыдыңдар, сол бойынша шығарма жазыңдар" деген сияқты нҧсқау беру арқылы ҧйымдастыруға болмайды. Бҧл жҧмыста мҧғалім ҥлкен шеберлікпен, дҧрыс басшылық етуі тиіс.
Оқушылар тіпті ӛздері жақсы білетін әңгімелерінің мазмҧнын да бірден ӛз сӛздерімен жазып бере алмайды. Сондықтан алғашқы кезде оқыған мәтіндердің мазмҧны мҧғалімнің кӛмегімен әңгімеленеді де, кейін балалар- дың ӛздері айтып және жазып бере алатын болады.
Мысалы: 1-сыныптың "Ана тіліндегі" "Сырғанақ" деген мәтіннің мазмҧнын мысал ретінде басшылыққа ала отырып, шығарма жаздыру ҥшін бастапқы кезде мынадай дайындық жасалады. Мҧғалім оқушылармен жақында "Анатілі" кітабынан " Сырғанақ" деген мәтін оқығандары жӛнінде әңгімелесіп, сол мәтіннің мазмҧнын еске тҥсіреді. Сонан кейін оқушыларға ескертеді: -Сендер қазір осы мәтіннің мазмҧнын ӛз сӛздеріңмен айтып беруге дайындалықдар. Айбол туралы мәтінде айтылмай қалған жерлерін ӛз
жандарыңнан қоса айтықдар. Мысалы: Мәтінде Айболдың сырғанаққа қай кҥні барғаны айтылған ба? Оқушылар: - Жоқ, Айболдың сырғанаққа қай кҥні барғаны айтылмаған, - деп жауап береді.
Айбол тӛбеге сырғанақ тебуге қай кҥні барды деп ойлайсыңдар? (Ол сырғанақ тебуге демалыста барды).
Айбол сырғанақ тебуге асыққан ба екен? Сендер ше? (Біз де сырғанақ тебуге асығамыз. Айбол да демалыс болуын асыға кҥткен шығар).
Ол кҥні ауа-райы қандай болды екен? (Демалыста кҥн жылы болатын). Ал осылар жӛнінде мәтінде айтылған ба? (Жоқ, Бҧл жӛнінде мәтінде ештеңе айтылмаған).
Ендеше, алдымен Айболдың демалысты асыға кҥткені, ол кҥні ауа- райының қандай болғаны жӛнінде сӛйлем қҧрастырайық (Айбол демалыстың болуын асыға кҥтті. Демалыста кҥн жылы болды).
Айбол сырғанаққа бармас бҧрын не істеді? Сендер не істейсіңдер? Бірден шығып жҥре бересіңдер ме?
Жоқ, біз алдымен киінеміз, сонан соң шанамызды аламыз.
Олай болса, Айбол да солай істеген шығар, Бҧл жӛнінде әңгімеде бар ма? Оны қалай айтсақ екен?
Ол жылы киініп, шанасын алды. Тӛбеге барды.
Онда кімдер бар екен? (Онда сырғанақ тепкен балалар кӛп).
Айболға ойын қызықты болды ма екен? Қалай ойлайсыңдар? (Ойын қызықты болды.)
Айбол ҥйге қандай сезімде оралды? (Айбол ҥйге кӛңілді оралды).
Алдымен осы мәтіннің мазмҧнын оқушылар еркін ауызша айтады.
Оқушылардың әңгімесі:
"Қыс қызығы басталды. Айбол демалыс кҥнін асыға кҥтті. Демалыста кҥн жылы болды. Ол жылы киініп, шанасын алды. Тӛбеге барды. Онда сырғанақ тепкен балалар кӛп. Ойын қызықты болды. Айбол ҥйіне кӛңілді оралды.
Достарыңызбен бөлісу: |