Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет81/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
asanova zh

Төл сөз. Қазақ тілі білімінде қалыптасқан дəстүр бойынша төл сөз деп жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішіндегі қолданылған біреудің сөзін айтамыз.
Біз бұл арада қалыптасқан атауды өзгеріссіз қолданып отырмыз. Шындығында,
«төл сөз» деген грамматикалық атау бұл арада өзінің мазмұнына сай қолданылмаған.
«Төл» деген сөз «меншікті», «тəн» деген мағынаны білдіреді жəне осы сөздермен синонимдес. Ал сөйлеушінің я жазушының өз сөзі ішінде келтірілген басқа біреудің сөзі оған, яғни авторға, төл сөз бола алмайды, қайта керісінше, ол бөгде сөз болады.
Қолдану орнына жəне қолдану мақсатына қарай төл сөз цитат немесе диалог түрінде келеді. Цитат түріндегі төл сөз негізінде, саяси əдебиеттерде, ғлми жəне əр алуан публицистикалық еңбектерінде қолданылады. Цитат ретінде келтірілген төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының я сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол-автор сөзі деп аталады. Төл сөздің айналасында қолданылатын автор сөзінің атқаратын қызметі-төл сөздің кімдікі екендігін, қайтадан алынғандығын, төл сөз иесінің алынып отырғн үзіндінің алдында нелерді айтқанын, оның үзінді қандай күнде, қандай жағдайда, ішкі сезім дүниесінің қандайлық құбылыстары жағдайында
айтқандығын жəне қалай қандайлық құбылыстары жағдайында айтқандығын жəне қалай айтқандығын тағы сол сияқтыларын білдіру.
Автор сөзі диалог түрінде келетін төл сөздерде де болады. Бірақ диалог түріндегі төл сөз қолдану орны жағынан да, функциясы жағынан да цитат түріндегі төл сөзден басқа қолданнылу орны жағынан алғанда, диалог төл сөз көркем əдебиет жанрларында қолданылады. Мұндағы төл сөз болып саналатындар-көркем шығармалардағы персонаждар сөздері. Ал персонаждарға сөз беріп, оларды сөйлестіріп отырған жазушының өз сөзі автор сөзі болып есептеледі. Сондықтан диалог төл сөз, цитаттағыдай, оны қолданнушы автордың пікірін дəлелдеу үші қолданылмайды. Жеке адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, əңгімелесуі болады.
Диалог төл сөздің айналасында қолданылатын автор сөзінің атқаратын функциясында да цитаттағы автор сөзінен біраз өзгешеліктері болады. Мұндағы автор сөзі төл сөздің кімдікі екендігін білдіру, оны қандай құбылыста, қандай күйде, калай айтқандығын жəне кімге айтқандығын байқату сияқты функциялар атқарады. Сонымен бірге, автор сөзінің əрбір сөйлеушінің сөзі сайын қолданылып отырылуы шарт емес. Оны мына мысалдан да көруге болады:
-Мынау аттан түсі жатқан кім?-деді Шұға.
-Əбдірахман ғой,-дедім.
-Əбдірахманың кім?
-Қазақбайдың баласы.
-Иə, əлгі учитель балсы ма?
-Иə.
-Жап-жас жігіт екен ғой,-деп, бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.
-Бір сөздің ретінде Əбдірахмаға:
-Еліңді қыстан шығардың ба, бала?-деді бай,
-Шүкір, шығардым,--деді Əбдірахман.
Төл сөз құрамы жағынан əр алуан болып келеді: ол жеке бір сөз болуы да мүмкің, бір сөйлем немесе əлденеше сөйлемдер тізбегінен қалған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін.
Төл сөзді сөйлемдердің мағыналық жағынан да, құрамы мен мүшеленуі жағынан да тіліміздегі төл сөзсіз сөйлем түрлерінен ешқандай өзгешеліктері болмайды. Тілімізде қандай құрамда, қандай мағыналық сазда айтылатын сөйлемдер болса,соның барлық түрі де төл сөйлемдерде де болады.
Төл сөз қандай құрамда, қандай мағынада айтылса да, ол автор сөзімен байланысты болады. Құрам жағынан автор сөзі де əр түрлі құрылыста айтылады. Оның қандай құрамда айтылуы автордың төл сөзге байланысты нелерді байқатқысы келетініне, контекске байланысты болады. Егер автор төл сөздің кіvдікі екендігін көрсетумен ғана тынатын болса, автор сөзібір-екі сөзденғана құралады.
Төл сөз автор сөзімен байланысты болады дедік. Бірақ ол байланыс төл сөздің бастапқы құрылысын өзгерту, оған грамматикалық жаңа дəнекерлер қосу арқылы болмайды. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін, оның тіпті жеке бір сөзінің грамматикалық формасын өзгертіп айтатын болса да, ол төл сөз болудан қалады. Сондықтан төл сөздің автор сөзімен байланысы оның бастапқы құрылысында ешқандай өзгеріс енгізбей,өз дербестігін толық сақтау жағдайында жүзеге асырылады. Төл сөз бен автор сөзі арасындағы байланысты қамтамасыз ететін байлауыш дəнекер де көмекші етістігі.
Төл сөздің бастапқы дербестігін толық сақтай отырып, оны автор сөзімен байланыстыру функциясын де етістігінен басқа ешбір сөз, ешбір грамматикалық форма атқара алмайды. Де етістігінің-төл сөздің төл сөз екенін танытудағы қасиеті де осы функциясында.
Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру функциясында қолданылғанда де етістігі деді, дегенде, дейін, дейді, депті, деп,мдесе жəне есімшенің əр алуан септік жалғаулы түрлерінде айтылады.
Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады: төл сөзден бұрын келуі де, төл сөзден кейін келуі де, төл сөздің екі жағында бірдей келуі де, төл сөздің ішінде келуі де мүмкін. Соған қарай оның синтаксистік құрылысы да əр түрлі болады.
Автор сөзінің төл сөздің алдында гана келуі, оның басқа орнында қолданылатын түрлеріне қарағанда, сирегірек қолданылады. Автор сөзінің бұл түрі формалық жағынан тиянақты болып, төл сөзбен онша тығыз байланыста айтылмайды. Ондай кейін төл келтірілетіндігі оның тек мағынасынан ғана байқалып тұрады.
Автор сөзінің мұндай құрамды түрінде де етістігінің дəнекерлік қызметінен гөрі, сөйлемге тиянақтылық мəн беру, аяқтап тұру қызметі басым болады. Ол төл сөзді өз жетегіне алады да, сонымен бірігіп барып, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.
Төл сөзден кейін келген автор сөзі кейде өз алдына жеке бір немесе бірнеше жай сөйлемдерден құралған күрделі болып та келеді. Мұндай жағдайда де етістігі есімше, көсемше я де шылаулы формада айтылып, төл сөзді автор сөзімен байланыстыру қызметін атқарады.
Автор сөзінің төл сөзден кейін келуі көркем шығармаларда болатын диалогты сөйлемдерде өте жиі қолданылады да, цитат түрінде келетін төл сөздере өте сирек болады. Ол-төл сөздің бұл екі түрінің өзіндік ерекшелігіне байланысты.
Автор сөзінің қазақ тілі синтаксисінде көп қолданылатын жəне ертеден бері келе жатқан көне түрі-төл сөздің екі жағында келетін түрінің аткаратынын қызметінде немесе мағынасында алдыңғы екі түрінен ерекше өзгешелігі жоқ. Бұл, негізінде, алдыңғы екі түрдің бір жерге топталуы деуге олады.
Автор сөзінің төл сөздің ішінде келетіні де болады. Төл сөз бен автор сөзінің мұндай қатынасы əдеби тілімізде кейінгі дəуірлерде қалыптасты. Оның қалыптасуына орыс тілінен жасалған аудармалардың ерекше əсері болды. Төл сөз бен автор сөзінің бұл құрылыстағы түрі қазірдің өзінде де онша етек алып кете қоймағанымен, төл сөздің диалог түрінде болсын, цитат түрінде болсын, сирегірек болса да, кездесіп қалып отырады.
Автор сөзі төл сөздің ішінде келгенде, төл сөзді бір сөйлемнің ішінде келуі де, екі сөйлемнің арасында келуі де мүмкін. Мысалы: -Үйренбеген кісіге солай да,-деді қазақ əйелге қарап жымиып қойып,-тұрғын елдің адамына мұндай елдің адамына мұндай ыстық түк те емес. Олар жұмыстарын істеп жүре берді.
-Рас,-деді Байжан,-күріш расында суда өседі. Екі айдан артық суда тұрады ол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет