Өзбекстан республикасы мектепке дейінгі және мектеп білімі министрлігі республикалық білім орталығЫ



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата04.05.2023
өлшемі377,3 Kb.
#176021
1   2   3
Байланысты:
МАТЕМАТИКА-9-СИНФ-ҚОЗОҚ-2023

 


 
МАТЕМАТИКА 
IX-СЫНЫП 
2022-2023 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің 9-
сыныптарында математика пәнінен қорытынды емтихан осы ұсынылған билет 
сұрақтары негізінде өткізіледі.
Жалпы орта білім беру мекемелері әдістемелік бірлестіктері жиналысының 
қаулысына орай қорытынды емтихан материалдарына 
15%-20%-ға дейін 
өзгертулер енгізуге болады. 
Жалпы орта білім беретін мектептердің 9-сыныбында математика пәнінен 
қорытынды мемлекеттік аттестатциясы жазбаша жұмыс түрінде, ұсынылған 
тапсырма нұсқалары негізінде өткізіледі. Емтиханға арналған тапсырмалар 5 
нұсқада берілген. Бұл тапсырмалар 9-сынып бітірушісінде болуы тиіс болған 
білім, дағды, біліктілік пен компетенцияны тексеруге қызмет етеді.
Емтихан басталауынан алдын емтихан комиссиясының төрағасы үстелге 
мөрленген 5 конвертті қояды. Сыныптағы бір оқушы осы конверттердің бірін 
таңдайды, конверт мөрінің бүтіндігіне көз жеткізіп, сыныптың алдында 
конвертті ашып, нұсқа нөмірін жариялайды. Жарияланған нұсқа барлық 
оқушыларға тиісті деп есептеледі. Оқушыларға партада екеуден отыруға жол 
берілмейді. Оқытушы тапсырмаларды тақтаға жазады. Содан кейін оқытушы 
әрбір нұсқаның тапсырмаларын түсіндіріп, жазбаша жұмысты жазуға 
қойылатын талаптарды айтады.
Оқушылардың жазба жұмыстары 50 балдық жүйе негізінде 0-55% – “2”; 
56-70% – “3”; 71-85% – “4”; 86-100% – “5” баға түрінде бағаланады. Әрбір 
тапсырма үшін белгіленген балдан төмен немесе жоғары балл қоюға жол 
берілмейді. 
Қорытынды мемлекеттік аттестациясы уақытында “Пайдалануға мүмкін 
болған формулаларды” пайдалануға болады.
Қорытынды аттестацияға 180 минут ажыратылады.
Жазбаша жұмысқа берілген уақыт жарияланып, емтиханның басталу және 
аяқталу уақыты тақтаға жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет