Өздігінен оқыту технологиясы Өздігінен даму технологиясы



Дата27.05.2022
өлшемі17,89 Kb.
#145257
Байланысты:
Өздігінен оқыту технологиясы


Өздігінен оқыту технологиясы
Өздігінен даму технологиясы (Монтессории мектебі) - бұл баланы жан-жақты 
дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің 
бірігуіне, мұнда оқыту бала дамуына сәйкес болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта 
алады. Итальян психологі М.Монтесори түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға 
дейін барлық өмірі - оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Бұл 
технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат 
берген даму жолымен жүреді. Балабақшада сабақ болмайды әр күн жалпы жиыннан 
басталады және жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Әр 
баланың іс-әрекеті өз еңбегіне қарай үлкендермен бағаланады. Мұндағы басты мәселе, бала 
өз-өзін бағалайды. Балалар, әртүрлі жастағы топ болып жұмыстанады, мысалы 2 жастағы 
баланың қасында 4 жасар бала жұмыстанады, олар бір-біріне кедергі келтірмейді, керісінше 
бір-біріне көмектеседі.
Монтессори – топ көп орталықтардан тұрады: 

Бала сезімін дамыту орталығы 
Баланың сезім тәрбиесі, баланың қабылдауын дамыту және қоршаған әлемдегі 
заттардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру: пішіні, көлемі, түсі, салмағы, 
кеңістіктегі орны, иісі, шығаратын дыбысы, т.б. болып табылады. 


Іс-әрекет жасау орталығы 
Бұл орталықта балалар өздерін күтуге арналған заттар орналасады. М.Монтессори 
балаға өзбетімен жұмыстануға үйрету, баланың инттелектуальдық қабілеттерін дамыту, өз-
өзін тәрбиелеу және жоғарғы баға беру күшті түрткіш болып келеді деп тұжырымдайды. 
Сонымен қатар практикалық жаттығулар орындау арқылы бала өзінің қимылын 
жетілдіреді. 


Тіл дамыту және жазу орталығы 
Материалдар баланың дұрыс тілін дамытуға көмектеседі, сөздік қорын байытады, 
қолын жазуға дайындайды, фонематикалық есту қабілетін дамытады, оқуға және жазуға 
үйретеді. 


Математика орталығы 
Математика орталығында балалар 10-ға дейін сандармен, жиынтықтармен, 
арифметикалық операциялармен танысады. 
Осы орталықтың Монтессори-материалы балаға қиын абстрактылық математикалық 
түсініктерді және операцияларды түсінуге көмектеседі. [3] 

Ғарыш орталығы 
Осы орталық балаларды қоршаған ортамен таныстырады. Осы орталық материалы 
ботаника, зоология, анатомия, география, физика, астрономия негіздерін меңгеруге 
көмектеседі. Бала орталықты және Монтессори-материалын өзі тандайды. Монтессори- 
тәрбиеші бала әрекетіне қажет болғанда қатысады. Өсе келе бала қажетті дағды мен 
іскерлікті меңгереді, сонымен қатар балада тәуелсіздік, өзіне деген сенімділік сезім 
қалыптасады.
М. Монтессори әдісі балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, 


жаңа білімді тануға деген құштарлығын оятады. Бала не істегісі келеді емес, неге дайын 
соны істейді. Ересектер ереже ұсынады, балалар өз бағытымен сол ережелерді орындап, 
дамиды. Сонымен бала өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды. Қорыта 
келіп айтатын болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар 
балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау 
мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті 
әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен 
көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне 
көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. [4] 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет