8.1-тапсырма 1. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды зерделеңіз.
«Қозғалыс дағдысы арқылы шығармашылық қабілеттері мен сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру» 1 - тапсырма
Оқу мақсаты
10.2.3.3. Қолайлы оқу ортасын құру мақсатында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын таңдау және пайдалану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Қолайлы оқу ортасы үшін тиімді жұмыс дағдысын пайдаланады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма «Аударыспақ» ойынын ойнаңыз.
1) Гимнастикалық бөренені жұмсақ маталармен ораңыз
2) Ат үстіндегі спортшы секілді қарсыласыңызбен қарама-қарсы отырыңыз.
3) Ойынның ережесі бойынша қарсыласты бөрененің үстінен аударып тастаңыз.
Ескерту: Бөрененің үстінде ұзақ уақыт қалған ойыншы жеңіске жетеді. Бірнеше қарсыласпен күш сынасып көріңіз.