Өзін – өзі тану пәнінен 02-13. 02. 2017ж аралығында өткен «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің есебі



Дата27.02.2020
өлшемі17,92 Kb.
#58737
Өзін – өзі тану пәнінен 02-13.02.2017ж. аралығында өткен

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

атты онкүндігінің есебі.

2017 жылдың 02-13 ақпан аралығында өзін-өзі тану пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Бұл апталықтың негізгі мақсаты оқушылардың бойында ең басты сүйіспеншілік, дұрыс іс-әрекет, қиянат жасамау, тыныштық құндылықтарын кеңейту, сонымен қатар осы құндылықтарға сәйкес рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру, оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру, оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету, мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу. Онкүндік әдеттегідей, ашылу салтанатынан басталды. Ашылу салтанатын біздің мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразалина З.З. мен өзін-өзі танудың мұғалімі Хасен Н. бастады. Ашылу салтанатында өзін-өзі танудың мұғалімі Хасен Назым онкүндікте өткізілетін іс-шаралармен жоғары және бастауыш сынып оқушыларын, ұстаздарын таныстырды.

Өзін-өзі тану пәнінің апталығына орай мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме арқылы мектеп кітапханашысы Искакова Айнагуль Аманбаевна оқушыларды Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірбаянымен таныстырды. Сара Алпысқызының білім беру жүйесіне енгізген өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығын түсіндірді. Оқушылар қызыға тыңдап, Сара Алпысқызы жайында көптеген мәлімет білді.

Сонымен қатар, 5-8 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью» атты әдеби оқу сайысы өтті. Әдеби сайыстың негізгі мақсаты оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Әдеби сайыста оқушылар өлеңдерін үш тілде айтты. Оқушылардың барлығы белсенді қатысты. Сайыстың нәтижесі бойынша 5 оқушы (Орынбаев Н, Кенжина Г, Сайранбек І, Аманхан А, Мишустина В.) – 1орынға, 3 оқушы (Ермухаметова А, Хайдар Д, Нұржанова А.) – 2 орынға, 4 оқушы (Григорьевских Г, Яковлев А, Оңдасынова А, Усачева Е.) – 3 орынға ие болды.

Ал жоғары 8-11 сыныптар аралығында «Поступки – язык души», «Все начинается с любви», «Как прекрасен этот мир» тақырыптарына эссе жазу сайысы өтті. Эссе жазу сайысын қазақ тілі және орыс тілінің мұғалімдері өткізді. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша І орынға - 4 оқушы (Жанасилина Т, Купреева К, Жакупова Н, Таурбаева А.),

ІІ орынға – 2 оқушы (Манапова М, Смаилов Т.), ІІІ орынға – 2 оқушы (Кабдолла М, Черномазова Е.) ие болды.

Өзін-өзі тану апталығына аясында «Әнші балапан» атты шағын ән фестивалін музыка мұғалімі Садвакасова Анар Каирбековна өткізді. Бұл концертте біздің өнерпаз оқушыларымыз ән айтып, би биледі. Барлығының көңіл-күйі көтеріңкі болды. Әрине, осы апталық жақсы істерсіз өткен жоқ. Қарабұлақ орта мектебінде «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты науқаны аясында біршама іс-шаралар өтті. Орта буында оқитын оқушылар шағын-орталықтың бүлдіршіндері еркін ойнап, қозғала алуы үшін кішігірім аумағын қардан тазалады. Ал жоғары сынып оқушылары бос уақытын таза ауада өткізіп, денесін шынықтыру мақсатында мектеп аумағындағы сырғанақтың қарын тазалауға көмек көрсетті. Бұл жасалған істер шағын болғанымен, оқушыларды жақсылыққа, еңбекке тәрбиелейді.

Әрине, өзін-өзі тану апталығы біздің бастауыш сынып оқушыларының қатысуынсыз өткен жоқ. 1-4 сынып оқушылары "Мейірімділік – ыстық жүректе" тақырыбына сурет салды. Әрбір сурет өзінің мазмұнымен, әдемілігімен, салу мәнерімен ерекше болды. Бұл сайысқа барлық дерлік оқушылар қатысты. Алайда, суреттер көрмесіне ерекше көзге түскен суреттер ғана ілінді.

Өзін – өзі тану мұғалімі Хасен Н. 9 «а» сыныбында «Жақсылық - жан шуағы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Бұл ашық сабақтың негізгі мақсаты оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін аша отырып, оның қазіргі заманда алатын орнын, қажеттілігін түсіндіру арқылы дұрыс іс-әрекет құндылығының маңызын ашу еді. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Балалар жақсылық жасаудың біздің өмірімізге, әсіресе қазіргі заманда өте қажет екендігін түсінді. Онкүндіктің жабылу салтанатында онкүндікте ат салысқан оқушылар мараппатталды.

Қорытындылай келе, өзін-өзі тану апталығы өте мәнді өтті. Барлық оқушылар, тіпті мұғалімдер те тыс қалмады. «Өзін-өзі тану-өмірді тану», - дейді көне грек философы Сократ. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Оның адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығын түсінуіне негіздеу. 




Өзін-өзі тану мұғалімі Хасен Н.
Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет