Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Қалданова Дәметкен Астамқұлқызы. Мектеп



Дата26.06.2018
өлшемі316,91 Kb.
Қызылорда обылысы, Қармақшы ауданы.

Алдашбай Ахун ауылы, № 111 орта мектеп.

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Қалданова Дәметкен Астамқұлқызы.
Мектеп: №111 орта мектеп

Тақырыбы: Ән көгінің сұңқары.

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірімділік,сыйластық.

Мұғалім: Қалданова Дәметкен

Сыныбы: 8 Оқушы саны: 17

Мақсаты:

-Тәлім – тәрбиесі мол әндерді үйретіп, әндерді тыңдату арқылы оқушылардың музыкалық – эстетикалық білімдерін кеңейту.



Міндеттері:

  • Көркем сөз өнерімен еркін сусындатып, өлең мен әнді рухани азық етіп өскен оқушы жастарды, тіл өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Қазақтың ақындық өнері туралы ой – өрісін дамыту.

  • Музыкалық шығармаларды тыңдатып, рухани жан дүниесіне әсер ету

Ресустар (материалдар, деректер) үнтаспа, оқулық, дәптер.т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 т: Тыныштық, тәртіп, татулық, талап, тазалық,)



Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ескертулер.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны, әндері туралы материалдар жинақтап, оқып келу. Шәмші ағаның өз аузынан жазылып алынған өмірбаяны оқылады.



  1. Шәмші Қалдаяқов қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

  2. Шәмші Қалдаяқов қандай отбасында дүниеге келген?

  3. Шәмші Қалдаяқовтың қандай әндерін білесің?

  4. «Арман» әні не туралы? Автор осы әні арқылы не айтқысы келеді?

  5. «Ой түбі алтын,

Ойлай берсең аларсың» - деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?




ІІІ. Әңгімелесу. Ұстаз сыйы.

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев: «1973 жылы қарашаның 26- да партия – үкіметі делегациясының құрамында Дели қайдасың деп тартып отырдық. Үндістан! Аса көрнекті саяси қайраткерлер, ұлт – азаттық қозғалыс серкелерінің бірі бейбітшілік жолындағы жалынды күрескер Джавахарлал Нерудің елі. Халқының бақыты үшін тер төккен сондай күрескер жанның сүйікті қызы Индира Ганди үнді халқына тән ашық – жарқын көңілмен, ән – жырымен қарсы алды. Ән –би галереясынан

Ш. Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» деп аталатын әнін естігенімізде көзіме еріксіз жас үйірілді. Аэропортқа жиналған елде есеп жоқ. Құшақтары гүлге толған сан мыңдаған үндер толқындай тербеліп, қазақ әнін қалықтата салғанда олар түгел қазақ болып кеткендей көрінді. Мен үшін бұдан асқан сый, бұдан асқан қуаныш жоқ еді. Дәл осындай рухани ләззатты бұрын – соңды сезінген емеспін. Рас Кеңес Одағының атынан 17 рет шет жұртқа ұлы державаның аманатын арқалап барып қайтыппын. Қазақ боп туғаным үшін тәубе дейтін сәттер аз емес еді. Бұл жолы қазақ әні Үндістан аспанында шырқалған тұста үш рет «тәубә, тәубә, тәубә» дедім. Осы сапардан оралысыммен Шәмшіні іздестіре бастадым. Ол өз алдына бір әңгіме ... ».




ІҮ. Дәйексөз.

«Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын».


  1. Неге өнерлінің қолын алтынға теңеген?

  2. Ал неге өлеңшінің сөзін алтынға теңеген?

  3. Өнерші мен өлеңшінің айырмашылығы неде?




Ү. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Шәмші Қалдаяқовтың естеліктерін оқи отырып, шағын эссе жазу. Әр топ Шәмші Қалдаяқовтың әндерін жатқа айту.






ҮІ. Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр» әнін айту.






ҮІІ.Үй тапсырмасын беру.

Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен жаттап келу.






ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті.

Әннің арқасында барлық бала, барлық адамдар қуанышқа толы болады. Оқушылар осы қуанышымызбен бөлісіп, бақытты өмір сүйрейік.








Мектеп: №111 орта мектеп..

Тақырыбы: «Өмір несімен қымбат»

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: жақсы өмір сүру, сүйіспеншілік, табандылық, қайсарлық, жігерлік.

Мұғалім: Қалданова Дәметкен

Сыныбы: 9. Оқушылардың саны: 17

Мақсаты:

-Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым – қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.



Міндеттері:

  • өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

  • Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

  • Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Ресустар (материалдар, деректер) үнтаспа, оқулық, дәптер.т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»

(5 т: Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық).



Ескертулер.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Тамаша өмір сүрудің 10 кілті.

Әр халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады.



  1. Өзіңді өзің таны. (Сократ)

  2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта. (Мәулана)

  3. Ең жоғарыда ғашықтық бар. (Азиз Паул)

  4. Дүниені қиял – ойдың күші шыр көбелек айналдырады. (Альберт Энштейн)

  5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек. (Мае Вест)

  6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі. (Сун Цзу)

  7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! (Иода)

  8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады. (Антоние де С. Ехуперю)

  9. Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды. (Эмиль Золя)

  10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұқтаж емес сияқты өмір сүру ... Екіншішісі, барлық нәрсеге мұқтаж сияқты өмір сүру. (Альберт Энштейн)

Шүкір етуді ұмытпау керек!




ІІІ. Әңгімелесу. Ұстаз сыйы.

«Өмір жаңғырығы».

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет ол сүрініп кетіп: «А –а-а-а!» деп айқайлап жіберді.Сол кезде жоғарыдан «А-а-а-а!» деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап:



  • Сен кімсің? – деп дауыстағанда, Ғаниға:

  • Сен кімсің? – деген жауап келді.

Ғани түкке түсінбей жынданып:

  • Сен қорқақсың! – деп айқайлады. Таудан шыққан дауыс та:

  • Сен қорқақсың! – деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап:

  • Әке, бұл кім өзі? – деп сұрады. Әкесі:

  • Ұлым, менің сөзіме құлақ сал, - деді де тауға қарап тұрып: - Мен сені жақсы көремін! – деп айқайлады. Таудан:

  • Мен сені жақсы көремін! – деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап:

  • Сен әдемісің! – деді. Жауап:

  • Сен әдемісің! – деді.

Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді:

  • Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!

Бұл - өмір заңдылығы. Өмірде кездейсоқтық деген нәрсе жоқ. Сондықтан өзің түзелмесең, өзгелерді түзей алмайсың. Өмірдің әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз. Олай болса, өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір – бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.




ІҮ. Дәйексөз.

«Өмір деген – бұйым емес қолдағы,

Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы».

М. Мақатаев.






Ү. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

  1. І топ . «Ауру бала» ойыны.

  2. ІІ топ. «Кінәлі бала» ойыны.

  3. ІІІ топ. «Дәрігер» ойыны.

  4. ІҮ топ. «Мұғалім» ойыны.

Бір бала ортаға шығып ауру баланың рөлінде ойнайды. Ол үнсіз қимылмен, түрлі мимикалар, ым – ишара арқылы, күлдіргі түрде ауру баланың қай жері ауырып тұрғанын , қайда бара жатқанын, қалай ауыртып алғанын бет әлпеті, эмоциясы арқылы жеткізуі қажет.




ҮІ. Топпен ән айту.

«Өмір өзен» әнін орындайды.






ҮІІ.Үй тапсырмасын беру.

«Өмір - теңіз» тақырыбында шағын әңгіме жазып келу.






ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті.

Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар – ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгеруде ең алдымен ішкі жан дүниеңе сапар шегуден баста.







Мектеп № 111 орта мектеп.

Тақырыбы: Кітап - білім бұлағы.

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттері: Дарынды, қайырымды, мейірімді, және т.б.

Мұғалім: Қалданова Дәметкен Астамқұлқызы.

Сыныбы: 5 Оқушылар саны: 15


Мақсаты:

  • Оқушыларға «кітап» - адамдарды рухани байланыстыратын буындардың бірі екендігін ұғындыру.

Міндеттері:

  • адамдарды өз қайнар – бастауларына қайтып оралуға ұмтылдыру;

  • рухани қазынаның терең тұңғиығына бойлауға шақыру;

  • бүгінімен, өткендегімен және болашақпен сабақтастыққа баулу.

Ресустар (материалдар)

Үнтаспа, оқулық, дәптер.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

( 5 т: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».


Ескертулар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ғұлама ақын Ахмед Иүгінекидің «Әлемнің сырын ашатын кілт» атты өлеңін оқу.



  1. Ғұлама ақын адамның бақытты болуы және бақытсыз болуын неге байланыстырды?

  2. Білімді адам мен надан кісіні неге теңеді?

  3. Ал шын сөз бен жалған сөзді неге теңеді?




ІІІ. Дәйексөз.

«Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін»

Араб жазушысы Әл – Жиһаз


  1. Жазушы өз сөзінде не туралы айтқан?

  2. Неге кітапты қайырымды көрші, әділ дос, елгезек жолсерік, көнбіс ұстаз, дарынды ақылшы деген?

  3. Біз кітаптан нені үйренеміз?




ІҮ. Әңгімелесу. Ұстаз сыйы.

Бірде, Шоқан Уәлиханов Саққұлақ биге сұрау қойып:



  • Ақсақал, біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды? - дейді.

  • Шырағым, көнеден сұрайды, - дейді шешен.

  • Көне адасса кімнен сұрайды?

  • Көне адасса көргендіден сұрайды.

  • Көргенді адасса кімнен сұрайды?

  • Көргенді адасса көптен сұрайды.

  • Көп адасса көп оқығаннан сұрайды.

  • Көп оқыған адасса кімнен сұрайды?

  • Көп оқыған көзі шықпай неге адассын!

  1. Саққұлақ би не туралы айтқан?

  2. Би кейінгі ұрпаққа қандай өсиет қалдырған?




Ү. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Артық білім кітапта» тақырыбында шағын әңгіме, өлең шумақтарын жазу.






ҮІ. Топпен ән айту.

«Ұстазым » әнін орындайды.






ҮІІ. Үй тапсырмасын беру.

«Кітаптың шығу тарихы» аңыз әңгімені оқу.






ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті.

Не нәрсеге болса да талап ету міндет, мақсат адал ниет пен талапта, талаптың өзінің біраз шарттары бар. Мысалы, Белсенділік танытып, білмегеніңді сұрауға арланба. «Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» дейді халық даналығы. Үздіксіз ізден.








Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу