«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық техноло-гияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы айрықша[1 б.6].
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдары. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмай, қолданбалы және ғылыми – зерттеушілік бөлімшелерін құрып, олардың жұмыс жасау деңгейін белсенді дамытуы тиіс[1б.6].
Педагогтың негізгі мақсатының бірі – білім сапасын көтеріп, жүйелі түрде ғылымды жетілдіру болса, тәжірибе, ғылыми зерттеу жұмыстарында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі. Білім сапасын көтерудің бір негізі – білім беруді демократияландыру және ізгілендіруді көздейтін оқытудың жаңа технологиясын енгізу. Әр студенттің жеке басының дамуын анықтайтын басты бағыт: білімділік – түсінушілік – ізденіс - пайдалану – талдау – жинақтау – пайымдау. Мақсаттың нақтылығы, логикалық ойдың жүйелілігі, тұлғаның мақсатқа сай дамуы, педагог іс – әрекетінің және білім мазмұнының тиянақтылығы, бағаның не үшін қойылатындығын анықтау, оқу процесін жобалаудың өзіндік ерекшелігі болып саналады[2 б.3].
Ақпараттық-коммуникациялық технология – электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді[3 б.11].
Біз болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға тиіспіз. Биология сабақтарында интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, студенттердің шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шараларды қолданудың маңызының зор екендігі байқалады:
студенттің дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдам-дығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісіне интерактивті құрылғылардың мүмкін-діктерін пайдалану;
оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдас-тырушылық іс-әрекетін) сабақта жиі қолдану;
проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық тәсілдерді жетілдіру;
жаңа ақпараттық технология құралдарын (телекоммуникация, виртуальды орта, аудиодиск) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық техникалық базасын жетілдіру;
Интерактивті тақта – оқытушыға оқыту үрдісін оңтайландыруға, білім алушының танымдық белсенділігін дамытып, мазмұнды және көрнекті тапсырмалар құруға, сабақты құрылымдауға, сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар тақтадағы түстердің әртүрлілігі маңызды жерлерді бөліп көрсетеді және назарды аударуға, жалпы идеяны байланыстыруға көмектеседі[3 б.12]. (Мысалы: ДНК және РНК схемамен жұмыс істеген кезде, «Құстар» класы, «Сүтқоректілер» класы тақырыбында интернет технология көмегімен тірі табиғаттың дауысын естуге мүмкіндік аламыз).
В.П.Ляудис классификациясы бойынша белсенді оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін негізгі 3 топқа бөледі:
Оқытудың белсенді әдістері:
жоспарланған оқыту әдісі;
проблемалық оқыту әдісі;
интерактивті (коммуникативті) оқыту әдісі:
а) әңгімелесу – этикалық және эвристикалық;
б) сұхбаттасу;
с) ойын – рөлдік және дидактикалық;
д) тренинг;
е) белсенді талқыланған практикалық жұмыстар;
Ал осы әдістерді ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдану зор маңызға ие [2 б.3,4,5].
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – студенттің зерттеу жұмысына деген қызығушылығын арттыру арқылы әр түрлі мәселелерді өз беттерімне шешу, өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін жетілдіру болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері:
биология пәнінің бүгінгі таңдағы мәселелерін шешуде түрлі әдістерді қарастырып, нақты шешім шығару;
туған өлке материалдары негізінде экологиялық сауаттылығын арттыру;
өсімдік түрлерін анықтап, заманауи технология көмегімен топырақ қабаттарындағы өзгерістерге назар аудару;
белгісіз бірнәрсені ашу қабілетіне ие болу;
әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыстанып, ғылымға деген көзқарасын қалыптастыру[3б.13];
Қазіргі таңда биология мамандығының студенттері ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда университетіміздің жаратылыстану бөліміндегі экология және биогеохимия сынақ зертханасындағы «Сұйықтық талдағыш ФЛЮОРАТ – 02-3М», «ЭКОТЕСТ-ВА», Атомды – абсорбциялық спектро-метр «Квант – 2А» секілді жаңа құрылғыларды қолдануға мүмкіндіктері бар. Зертханадағы аталмыш қазіргі заманға сай жаңа технологиялар арқылы қоршаған орта нысандарының санитарлық және технологиялық үрдістерін, топырақтағы ауыр металдар мен мұнай өнімдерін, өсімдік мүшесіндегі күлді элементтерді, ауыз су және ағынды суқоймаларының токсиндік заттармен ластануын бақылауға болады[4 с.6,7].
Қоршаған ортаны ластауда ерекше орын алатын топтың бірі - поллютанттар, яғни жалпы атауы ауыр металдар болып табылады. Олар өзінің атомдық массасы, тығыздығы, токсиндігі, табиғи ортада таралуы, табиғи және техногенді тізбектегі әсер ету деңгейі жөнінен ерекшеленеді. Д.И.Менделеев кестесіндегі 40-тан астам химиялық элементтерді ауыр металдар қатарына жатқызамыз. Н.Реймерстың жүйелеуі бойынша ауыр металдардағы тығыздығы 8г∕ см3 ден жоғары металдарды есептеуге болады.
Қауіпсіздік деңгейіне қарай оларды 3класқа бөлеміз:
А) I класс (өте токсинді): Cd, As, Hg, Pb, Se, Zn.
Б) II (токсинді): Co, Cu, Mo, Ni, Se, Cr.
С) III (әлсіз токсинді): Ba, Va, W, Mn, Sn.
Ауыр металдардың токсиндік әсерінің салыстырмалы деңгейі әр түрлі ағзаларда «молярлы токсиндік» деген ұғыммен түсіндіріліп, оның негізінде бірқатар токсинділігі, металдың молярлы мөлшерінің артуы, минимальды молярлы көрсеткіш әсерін байқау үшін қажет (Кесте 1).
Кесте 1.