Даланың өсімдік жабынын зерттеу әдістері Даланың өсімдік жабынын зерттеу, байқау алаңқайларын салудан басталады. Байқау алаңқайы – зерттеуге алынған кез келген өсімдік қауымының әдейі бөлінген учаскесі (бөлімшесі). [2. б.29]
Мұндай байқау алаңқайлары ботаниктін маңызды ғылыми құжаты болып табылады, себебі осының негізінде жалпы қорытындылар мен шешімдер жасалынады.
Байқау алаңқайы табиғи өсімдіктің әртүрлі бұзылуларға ұшырамаған жерлеріне қарай, сол қауымдасқа ғана тән жерлерге салынады. Мұндай аланқайды саларда мынадай бағытта жұмыстар жүргізіледі:
1. Алаңқайдың көлемі -10x10 м; қолайлысы-квадрат немесе тікбұрыш; сызбанұсқасын арнайы қазықтар арқылы тағайындайды.
2. Байқау алаңқайын анықтап, бөліп алған соң, фитоценоздың деңгейін-дегі барлық негізгі мүшелер зерттелінеді. Мынадай белгілерді тағайындау керек: нөмір, сипаттаманың айы-күні, алаңқайдың көлемі, жағрафиялық орналасуы.
3. Зерттелініп жатқан қауымдастықтың құрамына енетін фитоценоздың аталуы.
4. Алаңқайдың маңайындағы заттарға сипаттама: қандай қауымдас-тықтармен көршілес орналасқан, жолдар, тұрғылықты үйлер, вагондар т.б.
5. Геоморфологиялық жағдайлар-жақын орналасқан тоғандарға, су айырмасына, жайылымға, жайылма үсті террасасына байланысты, алаңқай-дың орналасу ерекшелігі.
6. Түрлік құрамы – байқау алаңқайында тіркелген барлық түрлердің тізімін жасау.
7. Фенологиялық жағдай (фенофаза) зерттелген кездегі әрбір түрге беріледі. Фенофазаны белгілеу үшін В.В.Алехин ұсынған мынадай шартты таңбаларды білу қажет:
- - өсімдік тек вегетация кезінде;
˄ - бүршіктенуі;
) – гүлденудің басы;
0 – максималды гүлдену;
( - өсімдік гүлденуін аяқтауда;
+ - өсімдік гүлдеп болған, алайда тұқымдары пісіп-жетілмеген және төгілмеген;
# - тұқымдар пісіп жетілген және төгілген;
Х – өсімдік өлу үстінде.
8. Байлығы – байқау алаңқайындағы берілген түрдің дараларының саны.
9. Жобалы жабын – байқау алаңқайында кездесетін берілген түрдің барлық өсімдіктерінің жер үсті бөлімдерінің жазықтық жоба-нұсқасы. Жобалы жабын пайыз арқылы өрнектеледі.
10. Өсімдік қауымдастықтарының өнімділігін анықтау үшін көлемі 1м2алаңқай салып, ондағы өсімдіктерді шаруашылық топтарына қарай кесіп алу керек. Әр шаруашылық тобының өсімдіктері таразыға салынып бөлек өлшенеді. Нәтижесі кестеге жазылады. (кесте 1). [2. б.30]
Кесте 1. Өсімдік қауымдастықтарының өнімділігі