Басқа шок түрлері: кардиогендік шок – миокард инфарктісінің асқынуы болып табылады, обструктивтік шок – өкпе артериясының тромбоэмболиясында дамиды.
Кіші қанайналым шеңберінде қанның іркілу синдромы (өкпелік гипертензия)
Кіші қанайналым шеңберінде қанның іркілу синдромы – әртүрлі топтар ауруларында өкпе тамырларының күрделі бұзылыстарына, пролиферациясына және құрылымның өзгеруіне байланысты дамитын синдром.
Түрлері:
Біріншілік: барлық жағдайлардың 0,2% құрайды (себебі белгісіз);
Екіншілік: митралды ақаулар,солқарыншаралық жүрек жетіспеушілігі, сол жақтан оңға қарай қан төмен түсуімен кейбір туабіткен ақаулар, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, өкпенің жедел және созылмалы аурулары, гиповентиляция, тау гипоксиясы, Айэрз (A.Ayezza – өкпе артериясының склерозы).
Симптомдары:
Тұншығуға ауысатын демікпе (ТАЖ > 20’);
Цианоз (акроцианоз немесе жайылма);
Жөтел (құрғақ немесе қақырықпен);
Қан қақыру;
Бастың айналуы және естен тану;
Гипертрофияланған миокард гипоксиясынан жүректе ауырсынудың пайда болуы;
Ангиоспазмдар (мысалы, Рейно синдромы);
Тахикардия болуы мүмкін (ЖСЖ > 80’);
Оң қарыншаның гипертрофиясы (перкуссияда – оң жақ шегінің оңға ығысуы, ЭКГ-, ЭХОКГ-белгілері);
Өкпе артериясы үстінен ΙΙ тонның акценті;
Сырылдар (құрғақ жіне ылғалды), өкпеде крепитацияның естілуі;
ЭКГ да Р биік, ΙΙ және ΙΙΙ тіркемелерде кеңейген , оң қарынша жіне сол жүрекше гипертрофиясы;
ФКГ да өкпе артериясы үстінен ΙΙ тонның акценті және екіге бөлінуі.
Өкпе R-графиясы – өкпе түбірінің тығыздалуы, өкпе суретінің күшеюі, плевра қуысында шамалы сұйықтықтың болуы, оң қарыншаның ұлғаюы;
Өкпенің өмірлік сыйымдылығы төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |