Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Клинико - зертханалық зерттеу әдістері



бет22/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Клинико - зертханалық зерттеу әдістері
Қанның жалпы анализы
Эритроциттер - әйелдерде 3,9х4,7х1012 /л , ер адамдарда 4-5х1012/л.

Эритроциттің санының азаюын эритропения дейді, ал гемоглобинмен қатар азайса - анемия дейді. Эритроциттің диаметрімен формасы өзгерсе ол патологиялық процессті көрсетеді, эритроциттің өзгерген көлемі В12- жетіспеушілік анемияда, ішек рагында, лейкоздарда кездеседі.



Пойкилоцитоз - формасы әр түрлі, анизоцитоз - көлемі әр түрлі болып өзгереді.

Ретикулоциттер - жас эритроциттер. Қалыпты жағдайда - 0,2-1% құрайды, жедел постгеморрагиялық анемияда көбееді.

Гемоглобин - 132-160г/л, әйелдерде 120-140г/л.

Түс көрсеткіш- әр эритроциттің гемоглобинмен қанығу дәрежесін көрсететін белгі. Сау адамда 0,85-1,15 шамасында болады. Темір жетіспеушілік анемияда 0,4 ке дейін азаяды, В12 жетіспеушілік анемияда –1,3-1,5 дейін көтеріледі,

Эритроциттер тұну жылдамдығы (ЭТЖ) 4-10 мм/сағ, әйелдерде 4-15 мм/сағ тең болады. ЭТЖ септикалық қабыну, бауыр ауруларында, жүктілікте, қатерлі ісіктерде және т.б жағдайларда көбееді.

Лейкоциттер. 4-9х109/л болады.

Лейкоцитоз - лейкоцит санының көбеюі тамақтан кейін, бұлшық еттерінің жұмысынан кейін, жүктілік кезде, жедел қабыну процестерде, инфекционды ауруларда, миокард инфарктысында, күйктерде, лейкоздарда, қатерлі ісіктерде т.б

Лейкопения – лейкоцит санының азаюы. Иммунитеттің төмендегенін білдіреді.

Тромбоциттер: 180-320х109/л.

Тромбоцитоз - көбеюі, жедел постгеморрагиялық анемияларда, қатерлі ісіктерде, спленоэктомияда т.б жағдайларда кездеседі.

Тромбоцитопения - тромбоциттер санының азаюы. Верльгоф ауруында, гипопластикалық анемияда, жедел лейкоздарда т.б кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет