Тері қышымасы терідегі нерв талшықтарының қанда көбейген өт қышқылымен тітіркенуіне байланысты пайда болады. Қалыпты жағдайда өт қышқылы бауырдан өтке бөлініп шығады. Өт қышқылдарының қанға өтуі сарғаюдың механикалық, сирегірек паренхиматозды түрлерінде кездеседі, кейде сарғаю алдында басталады және қышу өте тұрақты болып түнге қарай күшейіп отырады.
Сарғаю - терінің және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сары түске айналуы, қанда жинақталған өт пигменттерімен боялғаннан дамиды. Сарғаю тез не баяу дамуы мүмкін.