Пайызы аркылы санды табу



Дата09.01.2022
өлшемі66,41 Kb.
#110670
түріСабақ
Байланысты:
Проценті бойынша санды табу

Проценті бойынша санды табу

5 – сынып, математика

Сабақтың мақсаты:

  • 1.Білімділік: Проценті бойынша санды табу, бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу жолдарын үйрену, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, оқушылардың алған біліміндерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
  • 2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, проценті бойынша санды табу бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу формуласын пайдаланып есеп құрастырып үйрену, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, арттыру.
  • 3.тәрбиелік: Алған біліміне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, жолдасын бағалай білуге тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтау , жүйелеу

  • Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтау , жүйелеу
  • Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, тізімдеу, оқу –құралдарын дайындау

Процент. Берілген санның процентін табу

Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін процент санын 100-ге бөлу керек

Бөлшекті немесе нату-рал санды процентпен жазу үшін, процент санын 100- ге көбейтіп, процент бел-гісін тіркеп жазу керек

Берілген санның процентін табу үшін :

1) Процентті бөлшекпен өрнектеу керек;

2) берілген санды осы бөлшекке көбейту керек


 Формуласы:

 

b= a*(P/100)



 

a - берілген сан

b - берілген санның процентке сәйкес мәні

Р - проценттер


Мысалы

1) 3%=3/100=0.03 10%=10/100=0.1 50%=50/100=1/2=0.5

 2) 0.4=(0.4*100)%=40% 3= (3*100)%=300%

5) Мысықтар көрмесіне әкелінген 60 мысықтың 20 %-і сиам мысықтары. Көрмеге неше сиам мысығы әкелінді?

Шешуі:

100% - 60 мысық

20%-?

Процентті жай бөлшекпен жазуды пайдалансақ:

20%=20/100=1/5

60*(1/5)=12

Процентті ондық бөлшекпен жазуды пайдалансақ:

20%=0.2

60*0.2=12 мысық Жауабы: 12 мысық


Проценті бойынша санды табу

Проценті бойынша санды табу үшін :

процентті бөлшекпен өрнектеу керек;

берілген санды осы бөлшекке бөлу керек


Формуласы:

 

b= a*(P/100)



 

a - берілген сан

b - берілген санның процентке сәйкес мәні

Р - проценттер



Бөлінді бойын-ша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу үшін:

Бірінші санды екінші санға бөлу керек;

Шыққан бөлін-діні процентпен өрнектеу керек


 Формуласы:

 

P% =(b/a)*100



а- берілген сан

b- берілген санның процентке сәйкес мәні



Р - проценттер

Мысалы

Есеп. Мысықтар көрмесіне әкелінген мысықтардың 20 %-і сиам мысықтары, олардын сыны - 12. Көрмеге барлыгы неше мысық әкелінді?

Шешуі:

20% - 12 мысық

100%-?

b= a*(P/100)

  • a – барлыгы, табатын сан
  • b - берілген санның процентке сәйкес мәні, ягни =12
  • Р - проценттер
  • 12 = a*20/100 = a*1/5

    a = 60

    a = 60 Жауабы: 60 мысық

Мысал №1: 


Бақтағы раушан гүлдердің  20% ақ түсті раушан, ол бар болғаны екі түп қана.         Бақта қанша түп раушан гүлі бар?  Шешуі:           1% раушан қаншаға тең екенін табамыз.      2 : 20 = 0,1.           Енді, 100% қаншаға тең екенін есептейміз.      0,1 • 100 = 10.  Жауабы:бақта 10 түп раушан гүлі бар .

Мысал №2: 

  • Саяжай учаскесінде  320 қызғалдақ өсіп тұр,оның          15% сары.          Қанша сары қызғалдақ бар?  Шешуі:           1% қанша қызғалдақ екенін табайық.     320 : 100 = 3,2.           Енді 15% неше қызғалдақ екенін анықтайық.      3,2 • 15 = 48.  Жауабы: саяжайда 48 сары қызғалдақ бар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет