1- деңгейлі
1.
Палеолит дәуіріне жататын Қаратау тауларынан табылған тұрақтар : Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ, Бөріқазған, Тәңірқазған 2.
Андрон мәдениетінің басты ерекшеліктерінің бірі :
жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнекті балшық қыш ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлерінің болуы. Жерлегенде өртеген немесе қабірге бір бүйірмен қойған. 3.
Алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі адамдардың шаруашылығы қандай болды :
Терімшілік, аң аулау, балық аулау 4.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі адамдардың алғашқы отаны Қазақстанның қай жері болып табылады :
Оңтүстік Қазақстан 5.
Неолиттик төнкеріс дегеніміз не: Неолитте қалыптасқан өндіруші шаруашылық :
мал шаруаш, егіншілік, қолөнер турлері неолиттік төңкеріс деп аталды. 6.
Қола дәуірі материалдық мәдениетіне тән әйелдердің спираль тәріздес білезіктері қай мәдениетте кездеседі :
Андрон 7.
Қола дәyipi кезіндегі қоғамдық құрылыс қалай болды : Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы ерлердің еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру келді. Андроновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды: ру басшыларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау және т.б. Жоғарыда айтқанымыздай андроновшылар үлкен үйде үлкен отбасылық қауым болып өмір сүрген және бірге тұрып, бәріне ортақ шаруаны ағайын-туыстардың бірнеше буыны бірлесіп атқарған. Қоныстар материалына қарағанда көзге түсерліктей ешбір елеулі әлеуметтік және