Парадигмалық мағына Лингвистикалық еңбектерде парадигма, синтагма терминдері бұрыннан қолданылып келе жатқандығы, оның лексиканы системалы құбылыс деп түсінумен байланысты қолданылатындығы анық. Сондықтан да тіл білімінде парадигма, синтагмалық мағына терминдерімен бірге парадигмалық байланыс, синтагмалық байланыс терминдері де қолданылады. Бұлардың арасында бай-ланыс болса да, екі түрлі түсінікпен байланысты ғылыми термин екендігін естен шығаруға болмайды. Сол үшін де парадигмалық, синтагмалық және иерархиялық байланыс тілдік системаға байланысты сөз болады да (Солнцев 77; Оразов 83) *, бұл тарауда біз парадигмалық, синтагмалық мағыналық элементтер туралы өз пікірімізді білдіреміз.
Сөздік құрамдағы сөздер сөздердің қалай болса солай жинақталына салынған жиынтығы емес. Объектив дүниедегі заттар өзара байланысып, сұрыпталынса, сөздік құрамдары сөздер де солай сараланып жатады. Әрине заттар арасындағы байланыс пен сөздер арасындағы байланыс тең түсетін байланыс деуге негіз жоқ. Мысалы, су ағып жататын жерде көп шеп есетіндігі, салқын болатындығы күнделікті өмірден анықталынған нәрсе. Бұлардың арасында табиғи байланыс бар, ал су сезінің мағынасы мен көк, шөп, салқын сөздерінің мағынасының арасында ондай байланыс жоқ. Қерісінше су сөзі лимонад, квас, сыра сияқты сөздермен мағына жағынан байланысты. Олардың басын біріктіріп, өзара байланыстырып тұратын мағыналық элемент — сұйықтық. Сұйықтық семасы тек су, квас, лимонад сөздерінде ғана емес басқа сөздерде де кездеседі. Мысалы, айран, сорпа, шай, сүт, қымыз, шалап, қымыран, көже, сок т. б. Бұлардың бәрін тіл білімінде бір тематикалық топқа біріктіріп, мағыналық байланысы бар сөздер деп көрсету бар. Сөздерді ортақ мағыналық элементтер (бұдан кейін семалар) арқылы өзара байланыстырып, белгілі бір топ ету тек зат есімдерде ғана емес, басқа сөз таптарынан да байқауға болады. Мысалы, кел, кет, жүр, жүгір, шап, зыт, жорғала, еңбекте, сырғы, зымыра т. б. етістіктерді қозғалу етістіктері; отыр, түр, жатыр, жүр, жанбаста, қисай, жүреле, етпетте, шынтақта, шалқала, тізеле, шөкеле сияқты етістіктерді қалып етістіктері; ал, бер, ат, лақтыр, шымшыла, сипа, түрт, теп, ұр, нұқы, істе, жаз, сыз сияқты етістіктерді амал-әрекет етістіктері; сөйле, айт, жеткіз, сыбырла, сыпсыңда, айқайла, күңкілде, мыңқылда, отта, былжыра сияқты етістіктер тобын сөйлеу етістіктері деп алғанда мағыналарына, олардың байланысқан семаларына негізделгенбіз (Оразов 83) *. Сын есімдерді де, үстеулерді де осындай топтарға бөлуге болады. Бұлар өзара топ жасағанымен оларды тек лингвистикалық мағыналарына қарай топтастырылған деуге болады ма?
Д. Н. Шмелев орыс тіліндегі дене мүше атаулары, аяқ киім атауларын мысал ретінде келтіре отырып, олар сөздердің семантикалық белгілеріне қарай топтастырылған дейді (Шмелев 73, 104) *. Егер тілдердегі сөздерді мағынасына қарай топтастыратын болсақ, қандай болар еді деген сұрау қойсақ, жауабы қалай болар еді? Біз бұл жерде бұрын ескертіп кеткен бір терминді қайталап айтып кеткіміз келеді. Н. А. Слюсарева ұсынған лингвистикалық мағына өздігінен өмір сүрмейді, бейнелік мағына негізінде, солармен байланысып қана өмір сүреді, қатынас құралы болатын тілдің бір элементі ретіаде бой көрсетеді. Тіл элементтері белгілі бір система құрамына еніп, өзара қатынасып екінші не үшінші мағына жасайды деу шындыққа жанаспайды. Бұл жерде К. Маркстің «Заттар арасындағы қатынас затты жасамайды, сол қатынастар арқылы заттың қасиеті анықталады» деген қағидасын (Маркс 23, 67) * ескерген жөн. Бірақ тіл білімінде ондай пікір айтушылардың бар екендігін жасыруға болмайды. Мысал ретінде А. А. Реформатскийдің сөз мағынасы туралы айтқан пікірін ескертсек те жетіп жатыр.
Парадигма деп тілдік бірліктің тілдік система элементі ретінде бір-біріне сыбайлас не қарсы келетін қасиеттерімен адам санасында жинақтаған, яғни тіл элементтерінің сол тілді пайдаланушы адамның санасында жинақталуын айтамыз (Ахманова 66, 310) *. Демек парадигма тек сөздер аралығында ғана болмай, тілдің барлық элементтері арасында болады. Сондықтан да дыбыстардың парадигмасы, морфемалардың парадигмасы, сөздердің парадигмасы, сөйлемнің парадигмасы деген түсініктер бар. Олардың әр қайсысының өз қызметі, өз қасиеттері бар. Лексикалық мағынамен байланысты парадигма семантикалық парадигма деп аталынады да сөздер аралығында болады.
Семантикалық парадигма дегенде біз белгілі бір топтағы сөздердің өзара мағыналық жақындығымен, сыбайластығымен (синонимдік, антонимдік, ұштас мәндес болуымен) байланысты топтастырылып, араларындағы семантикалық байланысты белгілеуді айтамыз. Мұны парадигмалық, синтагмалық оське салатын болсақ, семантикалық парадигмаға енетін сөздер осьтің тік сызығы бойына орналасады (ОД). Олар тең дәрежелі тіл элементтерінің іштей өзара байланысына негізделеді. Алғаш рет тіл элементтері аралығында бұндай байланыстардың бар екендігін көрсеткен Ф. де Соссюр болатын.
Ф. де Соссюр тілдің барлық элементтерін системалы құбылыс деп есептейді де, тіл элементтері аралығында екі түрлі байланыстың (синтагмалық, ассоциациялық) барлығын көрсетеді. Бірақ автор бұл екі байланыстың біреуі (ассоциациялық байланыс) тіл элементтеріне тиісті болса, синтагма сөйлеу (речь) элементтеріне тиісті деп есептейді (Соссюр 77, 155) *. Совет тіл білімінде Ф. де Соссюрдың ассоциациялық байланыс деген терминінің орнына парадигмалық байланыс термині қолданылып жүр де, синтагма де Соссюр қолданылған мағынада өзгертілмей қолданылып жүр. Автордың көрсетуінше адам ойында өзара белгілі бір байланысы бар сөздер топ-топ болып сақталынады. Сөйлеу кезінде адамдар осы мағына жағынан байланысты сездердің ішінен біреуін таңдап алып (айтушының мақсатына байланысты) қолданады. Осы әр адамның ойында сақталған, өзара ұштасып жатқан мағыналары бойынша топ-топ болып жатқан сөздердің өзара байланысын ассоциациялық байланыс (біздіңше парадигмалық байланыс) деп атайды. Ал осы байланыс негізінде анықталатын мағыналық элементті біз парадигмалық мағына (не мағыналық элемент) деп атаймыз. Ф. де Соссюр парадигмалық мағына терминін қолданбаған, мән (мұны кей авторларымыз значимость, кей біреулері ценность деп аударып жүр) терминін қолданған. Ол мәнді сөздердің қатынасынан шығарады. «Синтагма мүшелері не өздерінің алдындағы, не соңындағы, не екі жағындағы сөздермен қатынасы негізінде мәнге ие болады»,— деп жазады (Соссюр 77, 155).
Парадигмалық байланысты тең дәрежелі тіл элементтерінің арасындағы байланыс дедік. Бірақ тіл элементтерінің барлығы бірдей мағына білдіре бермейді. Сондықтан парадигмалық байланыс бар жердің барлығынан мән (значимость) іздей беру де дұрыс болмайды. Мысалы, тілдердегі дауысты дыбыстар өзара парадигмалық байланыс жасайды. Әрине дауысты дыбыстар түрлі белгілеріне қарай (ерін мен езудің қалпына қарай, ауыздың ашылу қалпына қарай, тілдің қалпына қарай) парадигмалық белгісін анықтауы мүмкін, бірақ олар тікелей мағына білдірмейді. Сондықтан олардың арасынан семантикалық парадигма іздеу бос әурешілік болар еді. Рас, семантикалық парадигма морфемалар, сөйлемдер аралығында бар. Бір ескертетін нәрсе сол — морфемалар арасындағы семантикалық парадигма, негізінен, грамматикалық мағыналармен не лексико-грамматикалық мағыналар арасында болса, сөйлемдер арасындағы парадигмалық байланыс күрделі оймен, пайымдаумен байланысты болады. Лексика элементтері арасындағы семантикалық парадигма сөздердің лексикалық мағынасымен байланысты болады, соған сүйенеді.
Сөздердің объектив дүниедегі заттардың, құбылыстардың не түрлі ұғымдардың атауы болатындығы, объектив дүниенің бір ұшпағын сәулелендіретіндігі туралы жоғарыда айттық. Бірақ олар тек объектив дүниемен не ұғыммен шектелініп қоймайды, оны тілдік ойлау (языковое мышление) негізінде қайта сұрыптау процесі де болады. Мысалы, бізден 10—15 шақырым жердегі заттарды тек алыстағы зат деп қана атаймыз, ұзақтағы, ит өлген жердегі, жырақтағы, т. б. деп атай аламыз. Бұлардың беретін ұғымы бір, бірақ мағыналары басқа-басқа. Әрине түрлі түсіндірме, аударма сөздіктерде бұл сөздерге берілген анықтамалар бір-біріне ете жақын болуы мүмкін. Салыстырыңыз: қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде алыс сөзіне шалғай, жақын емес деп анықтама берген (КТТС 1, 243) *. Қашық сөзіне алыс, жырақ, шалғай деп анықтама берсе (КТТС 6, 183) *, жырақ сөзіне шалғай, алыс, қашық деп (КТТС 4, 319) *, шалғай сезіне алыс, қашық, қиыр шет деп (ҚТТС 10, 109) * деп анықтама берген. Егер осы анықтамаларға сүйенетін болсақ, онда бұл сөздердің мағыналарында айырмашылық жоқ, бірінің орнына бірі үздіксіз қолданыла беретіндей көрінуі сөзсіз. Біздіңше ондай айырмашылық бар. Салыстырыңыз: егер бұл сөздерді ұзындық өлшеміне байланысты қолданатын болсақ, араларындағы айырмашылық онша анық байқалмайды. Ал, мезгілмен, уақыт өлшемі ретінде қолданылса, онда алшақтық анық байқалынады. Мысалы, Қітап оқып ұзақ отырып қалдым деудің орнына кітап оқып шалғай (немесе алыс, қашық т. б.) отырып қалдым деп айтпаймыз. Бұл жердегі мағына тіркеспен байланысты болып тұр.
Сөздердің арасындағы мағыналық байланыстарды анықтауда тематикалық топтар мен лексико-семаитикалық топтарға бөлу үлкен қызмет атқарады. Сөздерді тематикалық топқа бөлу мен лексико-семантикалық топқа бөлу арасында айырмашылық бар. Мысалы, жоғарыда біз тематикалық топқа семантикалық байланысы жоқ, тек объектив дүниедегі заттардың өзара қатынасы негізінде топтастырылған сөздер енеді деген болатынбыз. Мысалы, қол мен көз, құлақ пен аяқ, бас пен қабырға дегендер бір тематикалық топқа енеді де бір система жасайды. Әрине бұл жерде парадигмалық мағынаны табу қиындау, себебі олар экстролингвистикалық мағынаға негізделген. Осы экстролингвистикалық мағына негізінде ұштас мағына (коррелятив) анықталады да парадигмалық байланыс осы мағынаға негізделеді. Семантикалық системаның құрамына еніп, сөздер парадигмалық байланыстар арқылы өзара байланысқанда, оның өзіндік (экстролингвистикалық) бейнелік мағынасын осы байланыстан шығармаймыз. Бұл жерде тілдік системамен байланысып жатқан екінші мәселе — сөздердің дербестігі мәселесі бар.
Парадигмалық мағына лексикалық мағынадан басқа мағына ретінде жеке өмір сүрмейді. Олар, сонымен бірге, тілдің ішкі элементі ретінде қабылданады, себебі парадигмалық мағына белгілі бір топқа енген сөздердің лексикалық мағынасының барлығына бірдей ортақ мағына элементіне негізделінеді. Д. Н. Шмелев мұндай ортақ мағыналық элементті семантикалық тема деп атайды (Шмелев 73, 107) *. Осы семантикалық тема парадигмалық мағынаның қалыптасуына, өмір сүруіне жағдай жасайды. Лексико-семантикалық топтың құрамына енген сөздер өздерінің дербестігін жоғалтпайды десек, олар бірі екіншісімен тек жалпы жақтарымен ғана байланысып жатпастан, жеке ерекшеліктерімен өзара ажырасып та жатады. Сондықтан да Ф. де Соссюр тілде тек өзгешеліктер, айырмашылықтар ғана бар дегенде соңғы жағдайды есепке алған. Ал сөз мағыналарының жалпы, ортақ жақтары барлығын есепке алмаған.
Семантикалық тема бөлек-бөлек өмір сүрмейтіндіктен оны анықтау үшін лексико-семантикалық топқа енген сөздердің мағыналарын салыстыру, олардың ара қатынасын анықтау қажет болады. Сондықтан Ф. де Соссюр синтагмалық қатынас пен парадигмалық (авторша ассоциациялық) қатынасты салыстыра отырып: «Синтагмалық қатынас әрқашан да in prassentia (анық, нақты — О. М.). Ол бірінен кейін бірі келетін кемінде системаның екі мүшесінің қатынасы. Керісінше, ассоциациялық байланысқа түскен мүшелер ойдағы қабаттар: мүшелері әрқашан іn absentia (жасырын — О. М.) деген болатын (Соссюр 77, 156) *. Демек парадигмалық байланыс сөздерді ойда топтастыру, жинақтау, мағыналарын саралау арқылы жасалады. Осы қасиетін ескере отырып Л. А. Новиков мәнді (парадигмалық қатынас негізінде жасалынған) сөз мағынасындағы сигнификатпен салыстырады, сигнификаттың бір элементі ретінде көрсетеді (Новиков 82, 97) *. Әрине мәнді біз де сөздің лексикалық мағынасындағы экстролингвистикалық немесе бейнелік мағынадан бөліп алып, тілдің ішкі қасиеттерімен байланысты мағыналық компонент деп көрсеткенбіз. Сол үшін де мән сигнификаттық мағынаның бір элементі де, не нақ өзі де бола алмайды. Автор сөз мағынасын тек «қатынастардан шығару», пайда болады деу барып тұрған структурализмге алып келеді деп дұрыс қорытынды шығарған.
Біз де парадигмалық мағына тілдік система мүшелерінің өзара қатынасынан пайда болады, оның басқа негізі жоқ деген пікірден аулақпыз, тек мағына осы қатынастар негізінде анықталынады деген пікірді жақтаушылардың біреуіміз. Пікіріміздің дәлелі ретінде кез келген лексико-семантикалық тонтардың мүшелерінің мағынасын компоненттік талдау әдісі бойынша семаларға бөліп шығып, олардың арасындағы байланыстарды көрсетуге болады (Гак 72; Оразов 74) *. Мысал ретінде қозғалу етістіктерін талдап көрелік. Кел, кет, бар, жақында, алыста, жұр етістіктері — қозғалу етістіктері. Кел етістігінде 1) қозғалған заттың не адамның бір орыннан екінші орынға еткендігін білдіретін, 2) құрылықта болған Қозғалысты, 3) бағытты қозғалысты, 4) белгілі бір объектіге жақындауға бағытталған қозғалысты білдіретін сема бар. Кет етістігінде кел етістігінен бөлектеніп жататын бір ғана — қозғалысқа түскен заттың не адамның белгілі бір объектіден алыстауын білдіретін семасы бар. Демек кел, кет етістіктері қозғалысқа түскен заттардың орнын өзгертуін білдіретін семалары арқылы бір лексико-семантикалық топтың элементі (мүшесі) ретінде сыбайласып, бір парадигмалық байланысқа түссе, қарама-қарсы бағыттағы қозғалысты білдіретін семалары арқылы антонимдік мағыналық байланысқа түсіп, екінші семантикалық парадигмалық мүшесі ретінде бой көрсетеді. Ал бар етістігі болса, 1) қозғалған заттың не адамның орын өзгерткендігін, 2) құрылықта болатын қозғалысты білдіретін, 3) әйтеуір бір бағытқа бағытталған қозғалысты білдіретін, 4) бұрынғы тұрған орнынан ұзақтауды, алыстауды білдіретін семалары бар. Бұл етістіктің кел, кет етістіктерінен айырмашылықтары — бір бағытқа бағытталған қозғалысты білдірмейді. Мысалы, Бар деген соң бар, мазамды енді алма,— деді Белгібай Пахриддинге (М. Сүндетов) дегендегі бар етістігі кет етістігімен синоним болып, алыстау, ұзақтау мағынасын білдірсе, үйге бар, жолдасының қасына барды деген мысалдарда бір объектіге жақындау, келу мағынасын білдіреді. Рас, бар сөзі келу, жақындау, жуықтау мағынасында көбірек қолданылады. Кел мен бар етістіктерінің арасында да айырмашылықтар бар. Мысалы үшін мына сөйлемді салыстырып көрелік: Салған жерден алға түсіп, күміс шалулы қара таяғын шалт сермей, бұрынғыдан да гөрі қаттырақ ақсаңдап басып бара жатады (С. Мұқанов). Толық денелі болса да жас әйел Игіліктің күтіп тұрғанын көрсе де, асықпай баяу басып келеді (Ғ. Мүсірепов). Бұл мысалдарымызда кел мен бар антонимдес мағынада қолданылып тұр. Ал, Жартасқа бардым, Қүнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық (Абай), Келді де бір жартасқа түсе қалды, Азық артқан маяны жарып салды (Абай) деген мысалымыздағы бар мен кел етістіктері мағына жағынан жақындау, жуықтау сөздерімен байланысып жатады. Бұлардан соңғы мысалымызда да аздап мағыналық айырмашылығы барлығы анықталады. Жартасқа бардым дегенде, біріншіден, қозғалушы адам өзінен алыста тұрған объектіге жақындағандығын білдіреді, екіншіден, бір объектіден не орын, жайдан алыстап екінші бір объектіге жақындау мағынасы бар. Сондықтан да ауылға бардым дегенде мен ауылда тұрғанда айтпаймын, басқа бір жерде тұрғанда ғана ауылға бардым, қалаға бардым, үйге бардым деймін. Кел етістігін қолдағанда (ауылға келдім) менің ауылда болуым мүмкін. Ташкенттен Алматыға келдім дегенде мен Алматыда боламын. Ал, Алматыдан Москваға бардым десек, сөйлемнің мазмұнының көрсетуінше, айтушы сол кезде Москвада болуы шарт емес. Келтірілген мысалымыздағы бар, кел етістіктерінің екінші мағыналық айырмашылығы — бар етістігі кет етістігінің мағынасын өзіне теліп, қозғалған заттың ұзақтығы объектіге бағытталғандығын білдірсе, кел етістігі айтушыға жақын тұрған объектіге (не өзіне) бағытталғандығын білдіреді. Осы сияқты кет пен алцста, кел мен жақында етістіктерінің мағыналары арасында да байла-ныс бар.
Парадигмалық қатынас лексико-семантикалық топтың мүшелерінің арасында болады да, олар біздің топшылауымызша, үш түрлі байланыста болады. Олар синонимдес, антонимдес және үштас мәндес (коррелятив) мағыналық қатынастар болып саналады. Бұл үш қатынастың үшеуі де бір лексико-семантикалық топтың құрамында кездесіп, өзара байланысып та жатады. Алдын ала ескертетін нәрсе сол — бұл үш мағыналық байланыстың табиғатын, ішкі заңдылықтарын ашып беру біздің жұмысымыздың мақсатына енбейді, тек тіл элементтерінің ішкі — лингвистикалық мағынасын ашу мақсатымен байланысты сөз етеміз '.
Синонимдер тіл-тілдердің барлығында да кездесетін кең таралған және ең көп қолданылатын тілдік категория. Көпшілік ғылыми еңбектерде синонимдер туралы сөз болғанда олардың мағыналары өзара жуық болатындығын, бірінің орнына екіншісі қолданыла беретіндігін бірінші белгісі етіп көрсетеді. Мысалы, қазақ тіліндегі синонимдер туралы арнайы зерттеу жасад, күрделі еңбек жазған Ә. Болғанбаев «Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады. Яғни бір ғана ақиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен олар синоним болып табылады»,— деп анықтама берсе, одан сәл ғана бұрынырақ жарық керген М. Белбаеваның оқулығында: «Мағынасы жуық, өзара мәндес сөздер синоним деп аталынады»,— деп анықтама берген (Болғанбаев 79, 49; Белбаева 76, 30) *. Бұл екі оқулықтан да бұрынырақ жарық көрген жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықта да осыған жуық анықтама берілген. Салыстырыңыз: «Әр түрлі айтылса да, жалпы мағыналас болатын, бірақ сәл ғана ерекшелігі бар сөздер синоним деп аталынады». (Қазіргі 54, 27) *. «Синоним дегеніміз мағыналары жақын болғандықтан белгілі контексте бірін-бірі алмастыруға жарайтын сөздер» (Ке-ңесбаев 75, 66) *. Нақ осыған жуық анықтамалар басқа түркі тілдерінің материалдары негізінде жазылған оқулықтарда да кездеседі, олар орыс тіліне арналған оқулықтарда да бар. Салыстырыңыз: қарақалпақ тілшілері «Дыбысталуы әр түрлі, мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер синоним делінеді»,— десе (Бердимуратов 79, 202) *, өзбек тілшілері «Синоним денотаттық мағынасы бар, конататтық (қосымша мағыналық реңк, стильдік бояу) және басқа қасиеттерімен ажыратып жататын сөздер»,— деп анықтама берген (Хожиев 85, 75) *. Әр кездерде жарық көрген оқулықтардағы анықтамаларда айырмашылықтардың болатындығы анық. Сондықтан да оларды талдап, авторларының бағытын анықтау арнайы зерттеуді талап ететін, жұмыстың көлемін кебейтетін нәрсе. Синоним сөздердің денотаттық мағыналары тең түсіп жатады, не бір ұғымның атауы, не мағыналары жақын деген сияқты анықтамалардың (тіпті бірінің орнына бірі қолданылады деген де) негізінде шындық бар. Салыстырыңыз: Ә. Болғанбаев жауын, жаңбыр, нөсер сөздерін синоним деп берген. Егер талдап қарайтын болсақ, жауын сөзінің білдіретін мағынасына тек жаңбыр ғана емес, қар да, бұршақ та енеді. Ал нөсер тек жаңбыр ғана емес, қатты, шелектеп кұйған жаңбыр. Бірак бұлар мағынасы жақын, синонимдік парадигмаға (ұштас мағынасымен) енетін сөздер. Сондай-ақ үй мен там сөздерінің денотаттық мағыналары бір. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде үй сөзіне «адам тұратын, мекендейтін баспана» деп анықтама берсе (КТТС 9, 526), там сөзіне «шатырлы және тоқал үй» деп анықтама берген (КТТС 8, 574) *. Бірақ Ә. Болғанбаев бұларды синоним деп көрсетпеген. Өзбек тілінің лексикологиясын жазған авторлар синонимді ұғым бірлігі арқылы да анықтау барлық кезде дұрыс бола бермейді деген пікір айтады. Сондықтан да синонимнің басын біріктіріп тұрған қолданылудағы мағына жақындығы. Сөйлеуші не жазушы адам сөз қолданғанда өзінің мақсатына қарай парадигмалық топтағы (темадағы) сөздердің біреуін алып қолданады. Мысалы, сөйледі, сайрады, айтты, жеткізді, сыпсыңдады дегендердің барлығы да бір ортақ семаға ие сөздер. Айтушы тек баяндау мақсатын, хабарлау мағынасын білдіруді ойласа, онда айтты не сөйледі етістіктерінің біреуін қолдағаны; егер эмоциялық мән беріп, жақтырмауды қоса білдіргісі келсе сайрады, сыпсыңдады , жеткізді сөздерінің біреуін қолданады. Әрине бұл қолданудағы мағыналық реңктер, стилистикалық бояулар, тілдік нормаларды да есепке алады (Болғанбаев 70, 33—39)*. А. А. Брагина синоним сөздердің лексикалық мәнін негіз етіп алу керек дей отырып, нәзік мағына айырушылық қызметін бірінші орынға шығарады (Брагина 85, 8) *. Шындығында да мұндай салыстыру негізінде анықталынған мағына сөйлеу процесінде адам ойының нақтылы болуын, сөздердің тіркесу қабілетінің есуіне, сөздердің көп мағыналы қолданылуына жол салады. Жоғарыда мысалға келтірген сөйлеу етістіктерінің барлығы да бірінің орнына екіншісінің қолданылу мүмкіндігіне ие, бір дистрибуциялық позицияда (шенде) қолданыла алады.
Компонентті анализ қағидасы бойынша сөз мағыналарын кіші семаларға беліп, талдап көрсетуге болады. Көпшілік сөздердін мағыналарын семалар арқылы көрсетуге болатындығын мойындаған жөн, бірақ барлық сөздердің мағына бөлшектері семаларға сәйкес келе бермейді. Сөз мағынасының құрамындағы семаларды жалпылаушы (архисема), айырушы (дифференциалды) семалардың (кей ғалымдар үшінші семалардың түрінің — потенциалды семалардың барлығын да көрсетеді) жиындысына не қосындысына тең деген түсінікке келмеуіміз керек. Пікірімізге бар, кел сөздерінің мағына айырмашылығын көрсету үшін берген мысалдарымыз дәлел бола алады. Жалпы синонимдік қатарға (топқа) енген сөздер өзара, кемінде екі түрлі байланысқа түсуі керек. Бірінші байланыс — денотаттық, сигнификаттық мағыналарының арасында болса, екінші байланыс — тіркес аралығында болады. Бұл оның екі түрлі қызметіне (біріншісі — гнесиологиялық, екіншісі — коммуникативтік) байланысты.
Тілдердегі семантикалық парадигманың бір көрінісі — антонимдік қатарлар. Оқулықтарда болсын, күрделі монографиялық зерттеулерде болсын, шағын мақалаларда болсын антонимді синонимге қарама-қарсы қойып, қайшы мәндес сөздер деп анықтама береміз. Қарама-қарсы қою тек тілдік категория болып саналмайды, бұл гнесиологиялық категория да болып саналады. Дүниені танып-білуде, оның қасиеттерін анықтауда заттардың түрлі қасиеттерін салыстыру, қарама-қарсы қоюдың қызметі мол. Сондықтан да В. И. Ленин «Ойлаушы парасат (ақыл) әр түрлі нәрсенің мұқалған айырмашылығын, түсініктердің қарапайым айырмашылығын, түсініктердің қарапайым әр түрлілігін мәнді айырмашылыққа дейін, карама-қарсылыққа дейін анықтайды»,— деп, дүниені танып-білудің бір сатысы ретінде қарама-қарсы қоюды көрсеткен (Ленин 29, 133) *. Әрине дүниедегі заттардың түрлі белгісі, түсі мен қасиеттері арасындағы айырмашылықтар анық көрініп жатпайды, оны адамзат ойлау нәтижесінде, сол қасиеттерді ойша салыстыру нәтижесінде анықтайды. Семантикаалық элемент ретінде қарама-қарсылық сөз мағынасының бір компоненті болып оның құрамына енбейді. Мысалы, жас, қарт. Бұл екі сөздің антоним екендігінде дау жоқ. Егер қарама-қарсы қою олардың мағына компонентіне енген болса, онда олар барлық мағыналарында да өзара антоним болған болар еді. Шындығында, жағдай басқа-шалау. Салыстырыңыз: Жас баланың жаудыраған көздері қандай әдемі («Қаз. әдебиеті» газ.). Желк-желк еткен жас шалғын, Суық желмен майысып (I. Жансүгіров). Жақсылап пісірілген жас балыққа аңсары ауып кетті (Ә. Нұрпейісов). Келтірілген мысалдарымыздың үшеуінде де жас сөзі қолданылып тұр, бірақ мағынасы бірдей емес. Бірінші мысалымыздағы жас (жас бала) жаңа туған, сәби мағынасында, екінші мысалымыздағы жас (жас шалғын) жаңа шыққан, буыны қатпаған, қурамаған сөздерімен мағыналас болса, үшінші мысалымызда жаңа, қатпаған сөздерімен мағыналас болып тұр. Осы үш мағынаның екеуінде ол кәрі сөзімен антонимдес болмастан, тек бірінші мысалымызда ғана антонимдік қатар жасай алады.
Семантикалық парадигма мүшелерінің мағынасы ретінде антонимдік мағынаны мойындағанымызда, біріншіден, антонимдер сөздердің системадағы орнын белгілеуде, екіншіден, экстролингвистикалық мағынаның семантикалық категория ретінде қалыптасуына, үшіншіден, тілдің негізгі қызметі — коммуникацияның тиімді болуына жағдай жасайды. Сондықтан да антоним болатын сөздер бірін — екіншісі мүлде жокқа (мағына жағынан) шығармауы керек, немесе антонимдік қатынас бірі болымды, екінші сыңарының болымсыз мағынада болуымен тынады деу дұрыс емес. Тіпті тілшілер арасында бар — барма, кел — келме сияқты түбірлес сөздер (болымсыз қосымшалар арқылы) арқылы берілгеи қарама-қарсы мағынаны антоним деп атау, атамау мәселесі де даулы екендігін ескерту керек.
А. Н. Новиков К Маркстің «Север и юг — противоположное определение той же сущности, различия одной сущности на высшей ступени ее развития... Истинными, действительными крайностямн были бы плюс и не — плюс, человечной и не — человеческий род. данном случае различие есть различие существования, в другом — различие между сущностями, различие двух сущности»,— деген (Маркс 1, 321) * пікіріне сүйене отырып қарама-қарсы қоюдың екі түрі барлығын (1) бір құбылыстың ішінде болатын, 2) екі не бірнеше құбылыстардың арасында болатын) көрсетеді. Автор антонимді бірінші топтағы қарама-қарсылықтардың қатарына жатқызады (Новиков 82, 234) *. Сондықтан да қарама-қарсы қою бір заттың не құбылыстың түрлі қасиеттері аралығында болатын құбылыс. Осы қасиеттер өмірде жеке-жеке бой көрсетсе де оны ойлау негізінде адамдар теңестіріп бірін екіншісіне қарсы қояды. Антонимдер осы қарама-қарсы қоюдың тілдегі көрінісі ретінде қальштасады да тілдік система ғана анықталады.
Тіл материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, сөздердің антонимдік мағынада қолданылуында бір ізділіктің болмайтындығына көз жеткізуге болады. Мысалы, жақсы мен жаман, өлі мен тірі сөздерінің арасындағы антонимдік қатынастар тең емес. Жақсы мен жаман бір қасиеттің екі шеті, оның орталық (центральный) өлшемі де бар. Бұл сын есімдерді қарама-қарсы қойып тұрған, антоним етіп тұрған салыстыру процесі емес, бағалау. Ал өлі мен тірі бір заттың екі түрлі қалпы ғана. Онда орталық шек те, бағалау да жоқ, тек салыстыру ғана бар. Осы біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатындығы қалай (Абай)? Мен — өлі жан, ешкімді талғамаймын, Рахымсыз билеріңді қорғамаймын (Абай). Ал, от пен мұз сөздерінің арасындағы антонимдік қатынас мүлде басқа қатынасқа негізделген. Бұл екі зат есім тура мағынада қолданылып өзара антоним бола алмайды, бірақ ауыспалы мағынада қолданылып от — ыстық, жалын; мұз — салқын, суықтық мағынасын білдіріп, бірі екіншісіне антоним бола алады. Салыстырыңыз: Мұз жүрегім май секілді, Еріп от боп күйді жан (Абай).
Қазіргі кезде антонимдерді мағыналық байланыстарына қарай топтастыруға әрекет етушілер де бар. Мысалы, А. А. Новиков сөздердің мағынасының антонимдік байланыстарының түрлеріне қарай оларды үшке бөледі. 1. Контрарлық (лат: сопігагіиз противоположный, противный) қарама-қарсылық. Бұл топқа қосылатын антонимдердің бірі — екіншісіне мүлде қарама-қарсы болса да, олардың орталық деңгейін белгілейтін сөздер болады. Мысалы, жасқарт емес, жас емес, орта жасар қарт; суық .жылы, салқын, ыстық т. б. Бұл типтегі антонимдер қазақ тілінде де бар, бірақ олар сындық мағынаны білдіретін сөздер (сын есімдер) мен үстеулерден болған антонимдер арасында ғана байқалады. 2. Комплементарлық (лат.complementum — средство пополнение) қарама-қарсылық. Бұл топтағы антонимдердің бірінші топтағы антонимдерден айырмашылығы — орталық мағыналық өлшемнің болмауында. Мысалы, тірі мен өлі, шын мен өтірік, бірге мен бөлек, т. б. 3. Векторлық қарама-қарсылық (лат. vector везущий, несущий). Бұл топтағы антонимдер белгілі бір бағытқа байланысты бірі екіншісімен антонимдік парадигмалық қатынасқа түседі. Мысалы, төмен мен жоғары, кіру мен шығу, т. б. (Новиков 82, 245— 246). Бұл типте антонимдерді топтастыру барлық кезде де сәтті
шыға бермесі анық. Сондықтан да біздіңше, антонимдерді семантикалық топтармен байланыстыра қараған жөн сияқты. Егер тіл материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, антонимдік қатынаста қолданылатын сөздердің ең кебі — сын есімдер де, басқа сөз таптары сирегірек қолданылады. Сондай-ақ антонимдес сын есімдер мен антонимдес етістіктердің өзара байланыстары тақ емес. Тіпті бір сөз табынан жасалған антонимдердің қатынастары да бір өлшемге сыймайды. Мысалы, батыр мен қорқақ, өтірік пен шын — антонимдес сын есімдер. Бұлардың мағыналарында орта меже жоқ. Ал жақсы — орта — жаман, алыс — орта — жақын деп жақсы мен жаманның, алыс пен жақынның аралығына орта меже қойып айтуға болады. Кейбір сөздер бір ғана сөзбен антонимдік қатар жасап қана қоймастан, екі не үш, төрт, т. б. сөздермен де антонимдік қатынаста бола алады. Салыстырыңыз: оң — сол, оң — теріс; ұзын — қысқа, ұзын — шолақ; ұзақ — жақын, ұзақ — тез, ұзақ — қысқа, т. б. Бір ағашқа қонды да, Асықпай жемек болды да, Мазатсып қарады, Оңына, солына (Абай). Ақыл жоқ, қайғы жоқ онда, Ісі жоқ теріс пе, оң ба (Абай). Роза үстіне алабажақ, әлеміш, шолақ ақ көйлек киген (Т. Ахтанов). ұзын қара бешпетті, ұзын шашты, Жамағатты итеріп бір жол ашты (Абай). Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік. Екі алма кеудесінде қисаймайды. Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай), т. б.
Сөздерді антонимдік қатарына қарай тек белгілі бір семантикалық топтың аясында бөліп, сол топпен байланыстыра қараған жөн. А. А. Новиков көрсеткен үш түрлі парадигмалық байланыс осы топ элементтерінің арасында ғана анықталады. Оның көрсеткен антонимдерінің түрлері бір өлшемге негізделінбегендіктен (бірінші мен екінші топ қатарға байланысты элемент санымен байланысты болса, үшіншісі семаларының қатынасына қарай) көпшілік лексикологтар оны қабылдамай да жүр. Түн мен күн, бәрі мен ешкім, бас пен аяқ, айқайла мен сыбырла, күлкі мен қайғы сияқты антонимдердегі мағыналық байланысты семантикалық топтың баска мүшелерімен байланыстырып қана анықтауға болады. Егер семантикалық топтағы басқа мүшелермен байланысын үзсе, онда олар басқа мағынада қолданылып, басқа бір лексико-семантикалық топтың мүшесі болып саналады. Салыстырыңыз: түсі суық, түсі жылы, тілі жүйрік, көзі өткір, қоңыр күз, қоңыр салқын, ащы дауыс, қып-қызыл жанжал, қара дауыл сияқты тіркестердің құрамында қолданылып тұрған сын есімдер өз мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Сондықтан да түсі суық, түсі жылы тіркестерінде қолданылып температураны көрсетпестен жағымды, жағымсыз мағынасында қолданылып тұр. Жүйрік сөзі өзінің тура мағынасында тұрып қозғалыстың темпіне, қарқынына байланысты мағына білдіреді. — Ей, орыс тіліне менен гөрі сен жүйрік шығармасың (Ғ. Мүсірепов) дегендегі жүйрік; Бізге қарағанда көзі ашық, көкірегі жүйрік (Б. Тілегенов) деген мысалымыздағы жүйрік сөзі Қолданылу қарқынымен байланысты сынды көрсетіп тұрған жок, Козғалу етістігі деп есептейміз.
Антонимдерді мағынасына қарай топтастырғанда, ең кемінде, мына үш нәрсеге аса көңіл аудару шарт. Біріншіден, сөздер антонимдік қатардың сыңар ретінде қолданылған кезде тура (номинативтік) мағынасында тұр ма, ауыспалы (келтірінді, контексті) мағынада қолданылып тұр ма деген сұраудың басын ашып алу керек. Бұл — антонимдер туралы жазылған еңбектерде біраз пікір таласына себепші болып жүрген мәселелердің бірі. Мысалы, туысқандық терминдерін алып қарайық. Бір топ ғалымдар ата-ана, ұл-қыз, еркек-қатын (сондай-ақ қабан-мегежін, әтеш-тауық, төбет-қаншық, еркек-ұрғашы, бұқа-сиыр, қошқар-саулық т. б.) сияқты зат есімдерді антоним деп есептесе, екінші бір топ ғалымдар оларды антоним деп санамайды. (Клюева 56; Колесников 72; Мирзаев 66; Гельбу 69; Введенская 71; Шукуров 77; Новиков 73) *. Қазірше сонғы пікірді қолдаушылардың саны көп. Осы жолдың авторы да ата-ана антоним болмайды деген пікірді қолдайды, бірақ күнделікті өмірде олар бірі екіншісіне қарама-қарсы қойылып айтылатындығын да жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, Қылайын көп ұзатпай сөзді қысқа, Өлеңге жан көрмедім мұнан ұста. Аты ұрғашы демесең қарындастың, Адамның артығы екен осы тұста (Айтыстар) деген мысалымыздағы ұрғашы сөзі еркек сөзіне қарсы мағынада қолданылып тұрғандығы анық. Ал, Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға, Сөйлейтін сені қазақ балап ұлға (Айтыстар) деген мысалымызда ұл сөзін қыз сөзіне қарсы қойып ақын Сараны айтып отыр. Мұндай шендестіре қарсы қою тек жыныстық белгісімен ажыратылып жататын туысқандық атауларын ғана емес, басқа тематикалық, лексико-семантикалық топтың мүшелері арасында да қолдануға болады. Мысалы, бас пен аяқ, есік пен төр, гүл мен тікен, май мен мұз, т. б. Сонымен бірге көп мағыналы сөздердің бір мағынасы (барлығы емес) басқа сөздің мағынасымен (не көп мағыналы басқа сөздің бір мағынасымен) антонимдік қатынаста болуы мүмкін. Бұны да есепке алу керек.
Екіншіден, антоним болатын сөздердің тұлғалық құрамына да көңіл аудару керек. Көпшілік антоним туралы жазылған еңбектерде тек түбір сөздер туралы сөз болады да, туынды түбірлер туралы аз сөз болады. Тіпті кейде бір түбірден жасалынған туынды түбір сөздер де антоним болмайды деген пікір де айтылып жүр (Новнков 73, Шукуров 77). Шындығында бұл нәрселер ойлануды қажет етеді. Мысалы, қазақ тілінің антонимдерін арнайы зерттеген Ж. Мусин бақытты, бақытсыз сөздерін антоним деп санамайды (Мусин 70, 21—22) *. 1. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаевтардың оқулықтарында да (тарауды жазған Ғ. Мұсабаев) келді—келмеді, ақылды—ақылсыз сияқты сөздерді антоним деп санамау керек деген сөйлем бар (Кеңесбаев 75, 65) *. Бірақ соңғы кезде жарық көрген Ә. Болғанбаевтің оқулығында сын есімдердің сөз тудырушы өнімді жұрнағы -лы, -лі, -ты, -ті, -ды, -ді және -сыз, -сіз қосымшалары арқылы жасалынған түбірлес туынды сөздерді антоним деп қарайды. Мысалы, Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз; Арғымақ кейде жалды, кейде жалсыз, т. б. (Болғанбаев 79, 66—67) *. Орыс тілшілерінің көпшілігі надежда—безнадежность, счастье—несчастье, вредный—невредный, безвредный сияқты сөздерді антоним деп санайды (Новиков 73; Введенская 71; Львов 80) *. Орыс тілінің антонпмдерін талдауға арналған еңбектерде ходить—не ходит, читать—не читать сияқты сөздердің ара қатынасы туралы да сөз қозғалған, сөздіктерде антоним деп көрсетпейді. Сонда олар антонимді ажыратқанда нені басшылыққа алған деген сұраудың тууы заңды. Бұл сұрауға өте көлемді (290 беттік) антонимдер туралы еңбек жазған А. А. Новиков та жауап бермеген. Біздіңше бақытты—бақытсыз сөздерін антоним деп қараған дұрыс, себебі сөз тудырушы жұрнақ жаңа сөз жасайды да лексико-грамматикалық категорияның құрамына енеді. Келді—келмеді, барды—бармады дегендеріміз антоним бола алмайды, себебі -ма, -ме сөз түрлендіруші. Бар—барма дегендер екі сөз емес, бір сөздің екі түрлі тұлғасы.
Р. Шукуров антонимге байланысты жазған еңбегінде антонимдердің үстіртін талданылған, толық зерттелінбеген мәселесі осы туынды түбірлердің, етістіктің болымды, болымсыз түрлерінің мағыналары арасындағы байланыс екендігін біліп, өзінше анықтамақшы болған. Ол мұны мағынаның тұтастығы негізінде анықтайды, ал мағына тұтастығын анықтау үшін оның басқа тілдердегі аудармасын алуды ұсынады. Мысалы, бақытты-бақытсыз сөздері басқа тілдерге (орыс тіліне) бір сөздің мағынасы ретінде берілгендігі (счастливый, удачлнвый—несчастливый, неудачливый) үшін антоннм болса (Шукуров 70, 9), дәптерлі-дәптерсіз, радиолы—радиосыз сөздерінің мағынасы баска тілге сөз тіркестері арқылы (имеющий тетрадь, с тетрадью, не имеющий тетради, без тетради; имеющий радио, не имеющий радио, без.радио) берілгендіктен мағына бүтіндігіне ие болмайды, сондықтан ол сөздер антоним болып саналмайды деп қорытынды жасайды (Шукуров 77, 11) *. Мысалға келтірген сөздердің мағына тұтастығы Р. Шукуров айтқандай ма? Неге бақытты сөзін орыс тіліне имеющий счастье, бақытсыз сөзін не имеющий счастье деп аударуға болмайды? Егер бақытты, бақытсыз сөздерін орыс тіліне соңғы жолмен аударатын болсақ, мағына тұтастығы болмағаны ма? Егер бақытты—бақытсыз сөздеріи антоним деп алатын болсақ, онда радиолы—радиосыз, балалы—баласыз, атты-атсыз, малды—малсыз деген сөздерді де антоним деп алуымыз керек, болмаса барлығы да өзара антонимдік сыңар бола алмайтын сөздер деп мойындауымыз керек. Бір тілдің заңдылықтарын екінші бір тілдің заңдылықтары, керіністері арқылы анықтау дұрыс қорытындыға алып келмейді.
Туынды түбір сөздерді антонимдік катарларға жатқызу, жатқызбау мәселесін анықтаудың негізі ұғым мен сөз мағынасында, Қарама-қарсы қоюдың сипатында жатыр. Қарама-қарсы қою тек тілдік категория болып саналмастан гнесиологиялық та, психологиялық та категория. Қарама-қарсылық категориясының (категория противоречие) табиғаты философияда антикалық дәуірден бастап сөз болып келе жатыр, қазір де бұл сөз болып келеді (Горбач2). Қарама-қарсылық категориясы туралы айтылған пікірлерді жинақтайтын болсақ, біріншіден, ол бір құбылыстың (заттың) ішінде не екі заттың, құбылыстың аралығында болады, екіншіден, қарама-қарсылық бір жақты болмайды, екі жақты болады да бірі екіншісін шақырып отырады,
үшіншіден, қарама-қарсылық категориясы өзгермелі, салыстырмалы қасиетке ие болады, төртіншіден, қарама-қарсылық тек ұғымда ғана болмайтын құбылыс, ол табиғатта да, қоғамда да болатын, объективтік сипаты бар, бесіншіден, қарама-қарсылық өсіп, сандық қарама-қарсылықтан сапалық қарама-қарсылыққа өтуі мүмкін. Тіл элементтері арасындағы қарама-қарсылық сәл басқашалау сипатқа ие, ол ұғыммен, оймен байланысып жатады.
Логикадағы қарсы қою объектив дүниедегі құбылыстарды жете тануға, оның құпия сырын терең үйренуге, адамға тікелей түйсік туғызбайтын түрлі қасиеттері мен сол қасиеттер арасындағы байланысты анықтауға жағдай жасайды. Әрине ұғымда карама-қарсы коюдың өз заңдылықтары, қалыптасу жолдары бар (Кондаков 75, 486—495) *. Сөз мағынасындағы қарама-қарсылык (антонимдік қасиет) формаль логикадағы екі ұғымға: 1) қарама-қарсылыққа (противоположность), 2) қайшылыққа немесе үйлеспеушілікке сәйкес келеді. А. А. Новиков антонимдерді мағынасына қарай топтастырғанда осы логикадағы қарама-қарсы қоюдың бірінші және екінші топтарын тілге көшіріп қоя салған болатын. Салыстырыңыз: А. А. Новиков антонимдердің бірінші тобына антоним сөздердің сындық қарама-қарсылықты (антонимы выражающие качественную противоположность) білдіретін антонимдер деп атайды да, оған легкий, трудный, красивый, безобразный сөздерін мысал ретінде келтірген. Бұл топқа енетін антонимдер өздерінің тобындағы сөздермен сатылай байланысады да соңғы сатыдағы сөз бен жоғарғы сатыдағы сөз антонпм болады. Мысалы, легкий (простой, пустяковый) нетрудный, средней трудности, нелегкий, трудный; красивый (изящный, очаровательный, восхитительный), симпатичный (привлекательный, миловидный), невзрачный (непривлекательный, неприглядный, несимпатичный...), безобразный (уродливый) (Новиков 82, 251—252) *. Бұл топтағы антонимдердің екінші бір ерекшелігі ретінде не приставкасын (сөз алды қосымшасын) қабылдауымен байланыстырады. Яғни молодой — не молодой — старик. Егерде не қосылған сөз антонимдік қатардың соңғы нүктесі болса, онда ол антонимдік қатар жасайды. Мысалы, удачный — неудачный. Егер ол орта басқыштағы антонимдік сыңардың бір басқышы болса (молодой—немолодой—старик) антонимдік қатар жасай алмайды деген қорытынды шығарады. Н. И. Кондаковтың сөздігінде нақ осыған жақын ұғымды противоположные (контрарные) понятие (қарама-қарсы ұғым) деген терминмен берген. Қарама-қарсы ұғымдар (контрарлық) деп сыйыспайтын ұғымдарды, олардың ортасында бірін-бірі тек жоққа шығарып қана қоймастан қайта толықтырып тұратын орта, үшінші буын да болады»,— дей отырып мынадай схема берген (Кондаков 75, 486)*. А. А. Новиков антонимдік байланыстың екінші түрін компрементарлық байланыс деп көрсетеді. Бұл антонимдердің арасындағы байланыс сатылай байланыс болмайды. Яғни аралық, үшінші саты болмайды. Олар арасындағы мағына біреуіндегі мағынаны жоққа шығарса, екіншісі ұғынылады. Мысалы, үйленген— бойдақ, көретін — соқыр т. б. Н. И. Кондаков сөздігінде ұғымның бұған сәйкес келетін түрін «противоречащие (контрадикторные) понятне» деген терминмен берген де «бірін-бірі жоққа шығаратын, аралықтарында орталык, үшінші саты жоқ, сыйыспайтын ұғымдар деп анықтама береді. Мысал ретінде белый — не белый сөздерін береді де мына схеманы көрсеткен (Кондаков 75, 487). Бұл ұғымның екеуі де сөз мағыналары арасындағы антонимдік байланыстар арқылы берілетіндігін және сөз мағынасындағы антонимдердің басқаша қатынас- тары да болатындықтарын жоғарыда ескерткенбіз.
Сөздерді антонимдік қатарға енгізгенде еске алатын нәрсе — сөздердің лексико-семантикалық сипаты. Екінші сөзбен айтқанда, кез келген сөз табына енетін сөздер антонимдік топ жасай бермейді, сондай-ақ синонимдік те топ жасамайды, Антонимдер бір сөз табына енетін сөздер аралығында болады да, бір лексико-семантпкалық топтың құрамында ғана өмір сүреді. Демек, кез келген сөздердің арасынан антонимдік сыңар іздеу — бос әурешілік. Сондай-ақ бір сөз табына кіретін сөздердің барлығы да өзара антопимдік топ жасап, антонимдік қатар элементі бола бермейді. Қолда бар материалдардың көрсетуінше, антонимдік қатарға көбінше қолданылатын сын есімдер, одан соң үстеулер, кейінгі орындарда етістіктер мен зат есімдер. Көп қолданылатын сын есімдердің өздері де тек бір лексико-семантикалық топтың көлемінде ғана антонимдік қатар жасайды. Мысалы, заттың түсін білдіретін сын есімдер: ақ — қара; заттың көлемін білдіретін сын есімдер: тар — кең, үлкен — кіші, жуан — жіңішке; заттың салмағын білдіретін сын есімдер: ауыр — жеңіл, заттың ішкі сипатын түрлі қасиеттерін білдіретін сын есімдер: жақсы — жаман, сараң — мырза, қу — ақымақ, жуас — асау, қорқақ — батыр; заттардың дәмін, иісін білдіретін сын есімдер: дәмді — татымсыз, тәтті — ащы; адамның көңіл-күйіне байланысты қолданылатын сын есімдер: қуанышты — қайғылы, т. б. Біз сын есімнің тематикалық топтарын санап етуді мақсат етпедік, бірақ келтірілген мысалдарымыздың өзінен-ақ антонимдік қатар әр семантикалық топтың өз мүшелерінен ғана жасалатындығына көз жеткізуге болады. Ешқашан да салмақты білдіретін сын есімдер түсті білдіретін сын есімдермен бірге антонимдік қатардың сыңары ретінде қолданылмайды. Рас, сын есімдер кейде ауыспалы мағынада қолданылып, басқа лексико-семантикалық топтың мүшесі ретінде қолданылуы мүмкін. Сонғы жағдайда олар қай семантикалық топтың мүшесі ретінде қолданылса, сол сөздердің тобымен бір антонимдік топтын сыңары болуы мүмкін. Мысалы, қатты сөзі заттардың табнғи Қасиеттерін білдіріп жұмсақ сын есімімен антонимдік қатар ретінде қолданылады. Бірақ үстеудін мағынасына сәйкес мағынада қолданғанда жұмсақ сөзіне
антонимдік сыңар ретінде қолданыла алмайды. Салыстырыңыз: Қартаң бай қатты сақ бол тілге көнсең, Мүйіз шығар қатынның сөзіне ерсең (Абай). Қайта келер есікті, Қатты серппе жарқынымау, Жетіссең де, жетсең де Керек күні бір барау (Абай). Нақ осындай қасиетті басқа сөз таптарынап болған антонимдік қатарлардан да байқауға болады.
Тіл элементтерінің синонимдік, антонимдік байланысының анық көрінетінін, сыртқа шығатын кезі — оның қолданылуы. Сондықтан да синонимдер де, антонимдер де белгілі бір текспен байланысты анықталып, оларға критерий белгілейміз. Кейбір сөздердің тіл элементі ретінде өзара антонимдік, синонимдік қатарлардың сыңары ретінде қолданылулары даусыз болғанмен, сөйлеу кезінде ондай байланысқа түспеуі, бұл семантикалық парадигманың аясына түспеуі таң қаларлық құбылыс емес. Сөздердің бұл сырының құпиясы сөздердің қолданылуында, ауыс (келтірінді, контекстік) мағыналарында жатыр. Бірақ контекстерге де артықша баға беріп жіберуге де болмайды.
Тілдік мағынаны анықтайтын парадигмалық байланыстың бір түрі — ұштас мағыналы сөздер аралығында болады. Бұл синонимдік, антонимдік байланыстарға қарағанда кең таралған, көп сөздердің ара қатынасын қамтитын семантикалық құбылыс. Бірақ түркі тілдерінің материалы негізінде күні бүгінге дейін ұштас мәндес сөздерге семантнкалық талдау жасалынған жоқ, олардың өзіндік ерекшеліктерін белгілейтін принциптері анықталынған емес. Қазірше бір нәрсе анық — ұштас мағыналы сөздер синонимдермен, антонимдермен бірге бір лексико-семантикалық, сондай-ақ тематикалық топтардың мүшелері арасында ғана емір сүреді. Соңғы екеуінен ұштас мағыналы сөздердің айырмашылығы — олар өзара тек бір не екі мағыналық элементтері (семалары) арқылы байланысып жатады. Ұштас мағыналы сөздердің құрамында бір тектес (кейде тең дәрежелі) сөздердің тіркесін (синтаксистік валенттілік) талап еткенімен, синоним сөздердей бірінің орныпа екіншісі қолданылып, мағынасы жағынан тең түсіп жатпайды. Сондай-ақ бір дистрибуциялық жағдайда қолданылып, бірі екіншісінің мағынасын жоққа шығармайды. Олар бір тектес зат не ұғым арасында ғана өмір сүреді. Сондықтан да Ф. П. Филин антонимдерге «бір құбылыстың қарама-қарсы қасиетін білдіретін, қарама-қарсы мағынаға ие болған сөздер» деп анықтама берсе, синонимдерге «бір ұғымды түрлі жақтан ажыратып көрсететін мағынасы жақын сөздер» деп анықтама берген (Филин 82, 222) *. Ал ұштас мағынада сөздер аралығында мұндай мағыналық сәйкес келу де, жоққа шығару да болмайды, тек олар бірін-бірі мағына жағынан толықтырып қолданылатын екі түрлі мағыналы сөздер. Салыстырыңыз: қызыл, сары, көк, қара, қоңыр т. б. сөздер өзара синоним де, антоним де емес. Олардың бастарын қосып, мағыналарын байланыстырып тұрған заттың түсін білдіретін сема ғана.
Жалпы ұштас мағыналық байланыс тематикалық топтардың мүшелері арасында кең таралған құбылыс. Тіл білімінде тематикалық топ және лексико-семантикалық топ деген екі термин қатар қолданылады. Бір топ ғалымдар бұл екі терминнің арасында онша көп алшақтық жоқ, сондықтан синоним ретінде қолданыла берсе болады десе, екінші бір топ ғалымдар екі терминнің арасына мағыналық айырмашылықтар беріп, тематикалық топ сөздердің тек денотаттық мағыналарына (кейде объектив дүниедегі заттардың өздеріне) негізделсе, лексико-семантикалық топ сөздердің лексикалық (әрі денотаттық, әрі сигнификаттық, әрі ішкі лингвистикалық) мағынасына негізделген деп бөліп қолданады (Оразов 80, 8—15). Ұштас мағына жоғарыда аты аталынған екі топтың мүшелері арасында да қолданылады. Егер лексико-семантикалық топтың өздері де белгілі бір тематикалық топтың аясына енетіндігін ескерсек (айырмашылықтары бола тұрса да), онда ұштас мағыналық байланыс үшін олардың белініп жатуының қажеттілігі шамалы. Бірақ тематикалық топтың кейде шекарасы жайылыңқы болып кетеді де, мүшелері арасындағы байланыстар үзіліп те қалуы мүмкін. Мысалы, А. Н. Тихонов орысша-өзбекше тематикалық сөздігінде орыс тіліндегі сөздерді бары-жоғы 16 тематикалық топқа бөлген де, бір топқа зат есімдерді де, сын есімдерді де, етістіктерді де ендіре берген (Тихонов 75) *. Ал, зат есімдер мен етістіктер, сын есімдер мен зат есімдер тікелей семантикалық байланысқа ие болмайды, олар арасындағы байланыс деривациялық (сөз тудырушы жұрнақтар мен негіз арқылы) ішкі формалар арқылы болады, не тарихиэтимологиялық байланысқа ие болады. Сондықтан да ұштас мағыналық байланысты кіші тематикалық топтардың, лексико-семантикалық топтардың мүшелері арасынан іздеген дұрыстау болады. Ф. П. Филин көпшілік. ғалымдардың тематикалық топ деп жүрген сөздерін (мал шаруашылығына байланысты терминдер, басшылыкқа (пчеловодство) байланысты сөздер, аңшылыққа байланысты сөздер, т. б.) лексико-семантикалық топ деп те атайды (Филин 82, 231). Бірақ автор лексико-семантикалық топ тематикалық топтан көлемі жағынан кішкентай болатындығын, олардың мүшелері арасындағы байланыс лексикалық мағынаға негізделінетіндігін ескертеді. Лексико-семантикалық топқа анықтама бергенде де осы лексикалық мағынаға негіздей отырып: «Лексико-семантикалық топ дегеніміз екі не одан көп сөздердің мағынасына қарай топтастырылған тобын айтамыз»,— дейді (Филин 82, 230).
Кіші тематикалық топтардың да, лексико-семантикалық топтардың мүшелері арасында ортақ семалары болады да, мағыналық сыбайластыққа негізделеді. Мысалы, туысқандық атаулары мен Қозғалу етістіктерінің құрамындағы сөздердің мағыналарын салыстырып көрелік. Туысқандық атауларына мына сөздер енеді: ата, ана, бала, әже, баба, перзент, қыз, аға, іні, қарындас, әпке, Жезде, немере, шөбере, шөпшек, жиен, бөле, жиеншар, бай, қатын, Қалыңдық, күйеу, қайын, балдыз, т. б. Бұл сөздердің барлығы да өзара бірдей семантикалық байланысқа ие, оларды байланыстырып тұрған семалары тең деп айта алмаймыз, бірақ олардың барлығына ортақ бір мағыналық элемент — сема бар, ол туысқандық атауы болуымен байланысты. Бұл сөздерді ары қарай мағына сыбайластығына қарай бөле беруге болады, кіші топқа бөлінген сайын мүшелері арасындағы байланыс күшейе түседі. Мысалы, туысқандық атауларын қандық туысқандық және некемен байланысты туысқандық. атаулары деп екіге бөлуге болады. Қандық туысқандыққа: ата, ана, әже, баба, перзент, бала, ұл, қыз, іні, аға, сіңлі, қарындас, немере, шөбере, шөпшек, жиен,