Cол кездегi ресми үгiт-насихаттық материалдарда жағдай үлкен өрлеу
мен рухани қанағаттанарлық дәрежеде сипатталды. Сырттай қарағанда жап-
жақсы көрiнген соғыстан кейiнгi бесжылдықтың көрсеткiштерi, ауыл
тұрғындарының азапты еңбегiнiң, жоқшылығы мен аштығының, өмiр
дәрежесiнің төмендiгiнiң, балалар мен әйел еңбегiн қанаудың, халықты
шаршатып-шалдықтыруды ең жоғарғы шегiне жеткiзудiң нәтижесi едi. Яғни,
соғыстан кейiнгi ауыл шаруашылығын қалпына келтiрiп, дамытудың
нәтижелерi бұқараның бойындағы күш-жiгерiн, халықтың табиғатына тән аса-
зор еңбек ынтасын, тапқырлығын тұншықтырып келген жүйенiң арқасында
емес, халықтың өзiнiң жанқиярлық еңбегi арқылы жүрiп жатты.
Билеушi партияның Орталық Комитетiнiң қыркүйек (1953 ж.)
пленумында ауыл ұжымдарына мемлекеттiк салықты азайту, аграрлық секторға
инвестицияны көбейту туралы мәселелер көтерiлдi және ауқымды бағдарлама
қабылданды. Ол құжат бойынша бұдан былай салық саясатын өзгерту, ауыл
шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және оны дайындау бағаларын көтеру
көзделдi.
Сол ғасырдың 30-40-шы жылдарында қалыптасқан колхоз-совхоз жүйесi
өзiнiң бүкiл тарихында дағдарыстан шыққан емес. Өзiн-өзi ұйымдастырудан
және дамуының iшкi серпiнен айрылған мұндай экономика тек тоталитарлық-
жазалау жүйесiнiң шеңберiнде ғана табанды жұмыс iстей алды. Билеушi
орындардың бақылауы сәл босаңсыса, бүкiл аграрлық сала дағдарысқа ұшырап
отырды. Сондықтан елеусiз реформаның өзi ауыл шаруашылығында әлде
қашан және көрiнбей сіңіп келген мерездермен терең қарама-қайшылықтарды
көзге көрсетiп бердi.
Дағдарыстан шығу үшiн түбегейлi шешiм қабылдау, сала iшiндегi
қатынастарға терең реформалар жасау, яғни нарықтық қатынасқа өту, сондай-ақ
жеке меншiктi шаруашылыққа жол ашу қажет едi. Бұл жағдайда да жүйе өзiн-
өзi сақтап қалу мақсатымен проблемаларды шешудiң бұрынғы қалыптасқан
әдiс-жолдарын, экстенсивтi сұлбасын таңдап алды. Азық-түлiк тапшылығынан
шығудың бiр амалы ретiнде дәндi дақылдар өндiрiсiнiң көлемiн ұлғайту
бағдарламасы ұсынылды. Ол үшiн Қазақстанның әр аймағында дәндi дақылдар
өсiруге ыңғайлы, игерiлмей жатқан, яғни тың жерлердi iске қосу бағдарламасы
ұсынылды. Билеушi партия Орталық Комитетiнiң ақпан-наурыз (1954 ж.)
Пленумы ұсынған
Достарыңызбен бөлісу: