Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


Қазақ  КСР-iнiң  мемлекеттiк  егемендiгi  туралы  Декларация



Pdf көрінісі
бет26/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

Қазақ  КСР-iнiң  мемлекеттiк  егемендiгi  туралы  Декларация 
қабылдап 
жатқан кезде, қоғамдық қозғалыстар айрықша белсендiлiк көрсеттi. Республика 
Жоғарғы  Кеңесi  үйiнiң  алдындағы  алаңда  күн  сайын  көптеген  адамдар 
жиналып,  таңертеңнен  кешке  дейiн  шерулер  өтiп  жатты.  Әлеуметтiк 
мәселелердi шұғыл шешудi, Кеңес Армиясын қайта құруды талап еткен жастар 
ұйымдастырған пикет, аштық жариялау көрiнiстерi жиiлей түстi.
 


Осы  кезде  Республикада  тағы  бiр  қозғалыс  - 
казактар
  бой  көрсете 
бастады.  Олар  Алтын  Орданың  ыдырауы  заманынан  кейiн  Ресейде  пайда 
болған әскери-саяси әлеуметтiк топ (сословие). Көптеген жылдар бойы казактар 
патшаның  империялық  басқыншылық  саясатының  сенімді  қорғаны  болып, 
қазақ  өңірін  отарлаудың  түгел  тарихында  басқыншылық,  жазалаушы  күш 
ретiнде  пайдаланылды.  Орал  казактары  басшыларының  1991  жылғы 
қыркүйектiң  15  жұлдызында  өздерiнiң  патша  мен  Отанға  қызмет  етуiнiң  400 
жылдығын  мерекелеуге  шешiм  қабылдауы  елде  болып  жатқан  саяси 
өзгерiстерге  мүлдем  қайшы  болды.  Облыс  басшыларының  мұндай  айқын, 
сыңаржақты  мерекелеуге  кедергi  жасап,  ақылға  шақыруы  ешқандай  нәтиже 
бермедi. 
 
“Азат”,  ”Желтоқсан”,  “Парасат”  қозғалыстарының  басшылары  бұл  қазақ 
халқының  намысына  тию  деп  бағалады.  Мерекеге  бiрнеше  күн  қалғанда  осы 
қоғам өкiлдерi Орал қаласының орталық алаңына жиналып халық алдында ұран 
көтердi,  ереуiл  және  шерулер  ұйымдастырды.  Осымен  бiр  уақытта  қалаға 
Краснодардан,  Доннан,  Челябiден,  Самарадан  казак  әскерлерiнiң  өкiлдерi  де 
келдi.  Тартыс  қыза  түсiп,  жаппай  қақтығысуға  өте  жақын  тұрды.  Тек  қана 
құқық  қорғау  органдары  мен  “Азат”  қозғалысы  басшыларының  жұмыстары 
нәтижесінде ғана қақтығысқа жол берiлмедi.
 
Жаңа  Өзендегi  оқиғалар.  Алматыдағы  желтоқсан  оқиғалары,  Кеңес 
Одағының әр түрлi аймақтарында болып жатқан жанжалдар билік органдарын 
ойлантуға,  жылдар  бойы  жинақталған  проблемаларды  шешудiң  тәсiлдерi  мен 
жолдарын  iздестiруге  мәжбүр  етуге  тиiстi  едi.  Осындай  шешiмiн  таппаған 
түйiннiң бiрi Маңғыстау облысының Жаңа Өзен қаласындағы iрi толқуға әкелiп 
соқтырды. Мұнда тұрғын үй алу кезегi, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне 
деген кезек өте баяу жылжуы, жастар арасында жұмыссыздық өстi. Аймақтың 
мұнайы  мен  газын  сорып  жатқан  орталық  ведомстволар  жергiлiктi  жерде 
кадрлар даярлаудың орнына, өндiрiс орындарында Солтүстiк Кавказдықтар мен 
өзге ұлт өкiлдерiнiң және вахталық әдiспен қызмет етуi халық наразылығының 
түрткiсi болды. 
 
Сауда,  қоғамдық  тамақтандыру,  тұрмыстық  қызмет  көрсетудi 
ұйымдастыруда  iрi  кемшiлiктер  болды.  Үй  бөлуде,  азық-түлiк  және  өнеркәсiп 
тауарларын  бөлуде  әдiлеттiлiк  бұзылып  отырды.  Басқа  жақтан  келген 
жұмысшылар  жергiлiктi  халықтың  дәстүрлерiмен  санаспай,  оларды 
дөрекiлiкпен  кемсiттi.  Әлеуметтiк  жағдайлардың  шиеленiсуi  ұлтаралық 
қатынастардағы,  әсiресе  байырғы  тұрғындар  мен  Кавказ  ұлт  өкiлдерiнiң 
арасындағы  қақтығыстармен  астыртын  ұштаса  бастады.  1989  жылдың 
маусымында  қалада  екi  жақтан  да  қан  төгiлген  жаппай  тәртiпсiздiктер 
басталды.  Бұл  жанжал  құқық  қорғау  органдары  мен  арнайы  мақсаттағы 
әскерлердiң  араласуымен  ғана  басылды.  Басқа  да  қалалар  мен  жұмысшы 
қалашықтарында жекелеген жанжалдар орын алған.
 
Қарағанды кеншiлерiнiң ереуiлдерi. 1989 жылы шiлдеде Қарағанды көмiр 
алыбының  10-15  мың  кеншiлерi  күн  сайын  ереуiлге  шықты.  Кеншiлердiң 
талаптары  алғашқыда  экономикалық  сипатта  болса,  әсiресе  еңбек  ақыны 
көбейту,  шахталардағы  еңбек  жағдайын  жақсарту,  азық-түлiк  тауарларының 


түрлерiн  көбейту  мәселелерi  алға  тартылды.  Кейiннен  әлеуметтiк  талаптарға, 
Семей  ядролық  полигонын  жабу,  одақтық  ведомстволардың  монополиясын 
тоқтату мәселесi қосылды. Кеншiлер құрған комитеттердiң басында Д.Тегiсов, 
П.Шлегель,  М.Рамазанов,  П.Перебойнос  және  басқалар  тұрды.  Кеншiлермен 
билеушi  орындардың  басшыларының  бiрнеше  кездесу-сұхбатынан  кейiн, 
олардың  көптеген,  әрi  әдiлеттi  талаптарын  орындауға  уәде  берiлген  соң  ғана 
ереуiлдер тоқтатылды.   
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет