Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет41/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

6.3. КСРО тоқырауы тұсындағы  
Қазақстанның әлеуметтік экономикалық тынысы. 
 
1970-1985  жж.  республиканың  индустриялық  мүмкiндiктерi  белгiлi 
дәрежеде  өсе  түстi.  Өнеркәсiптi  өркендетуге  40,8  млрд.  сом,  яғни  халық 
экономикасында  игерiлген  қаржының  32  процентi  жұмсалды.  Қазақстандағы 
негiзгi  өндiрiстiк  қорлар  3,1  есе  артты,  оның  iшiнде  химия  және  мұнай 
химиясында  6,5  есе,  машина  жасауда  4  есе  дерлiк,  отын өнеркәсiбiнде 3,8 есе 
өстi. 15 жыл iшiнде өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемi екi есе, ал машина жасау 
химия  өнеркәсiбi  сияқты  салаларда  үш  еседен  астам  өстi.  1000-дай  өнеркәсiп 
орындары мен цехтар жаңадан өндеріске қосылған. 
КСРО-дағы  саяси  ахуалдың  өзгеруi  экономиканың  өрлеп  даму 
мүмкiндiгiн  айтарлықтай  тарылтты,  ал  кейiннен  олардың  мүлдем  тежелуiне 
әкеп  тiредi.  Оның  үстiне  шаруашылық  жүргiзу  тәжiрибесi  бiрте-бiрте 
социализм  туралы  қасарыспа  қасаң  түсiнiктер  салдарынан  туындаған,  күнi 
бiткен  шептерге  сырғи  бердi.  Осының  нәтижесiнде  республика  тарихи 
прогрестен  бiртiндеп  шетқақпайлана  бердi.  Реформалардың  шектелуi  70-шы 
жылдардың басында кейiнгi кезеңдердегiдей айқын сезiле қойған жоқ.  
Ведомстволық  шашыраңқылық  пен  төрешiлдiк  тосқауылдар  жағдайды 
қиындата  бердi.  80-шы  жылдардың  басында  КСРО  бойынша  өндiрiске 
өткiзiлетiн ғылыми-техникалық жаңалықтардың болғаны 3-ақ пайызды құрады. 
Сонымен  қатар  олардың  экономикалық  тиiмдiлiгi  небәрi  2,3  пайызға  жетті. 
Экономиканы  бiр  орталықтан  басқару  әдiсi  инженерлік  жаңашылдық  
жетістіктері мен оны өндіріс процесіне енгізу арасындағы жолды шамадан тыс 
ұзартып жiбердi. 
Республика  өнеркәсібінің  қызметі  сол  бұрынғы  шикiзаттық  бiржақты 
бағдарды ұстанды. Пайдалы қазбалар мен қуат көздерiн өндiрудегi шикiзат пен 
қуатты  пайдалану  тиiмдiлiгi  ғылыми  техникалық  прогресс  қарқынынан 
әлдеқайда  баяу  болып  қала  берді.  Мәселен,  80-шы  жылдардың  орта  шенiнде 
КСРО  Батыс  Еуропа  елдерiндегі  және  АҚШ-тағы  көрсеткіштермен 
салыстырғанда әр өнiм басына қуат пен шикiзатты 2-3 есе көп жұмсап отырды. 
Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясының  республикада  өндiргiш  күштерiн  зерттеу 
жөнiндегi  Кеңесiнiң  есебi  бойынша,  көмiр  өндiрiсiнде  оның  50-60  пайызын, 
мұнайдың 70 пайызын, темiр кенiнiң 11,5 пайызы рәсуа етiлдi. 
Өндiрiстiң  материалдық  байлықтарын  қолдану  тиiмдiлiгiнiң  төмендiгiне 
әртүрлi  себептермен  жұмысқа  шықпай  қалушылық  салдарынан,  жұмыс 
уақытының  зая  болуы  келiп  қосылды.  Өнiмдi  қандай  да  бiр  шек  қойылмастан 
жалпы  көлемi  бойынша  жоспарлау  сақталды.  Билеушi  партияның  съездерiнде 
жұмыс  қорытындылары  көтерiңкi  рухта  айтылып  жатты,  яғни  құрылыс 
жұмыстарының  қарышты  қадамы,  машина  жасау,  химия  мен  мұнай  химиясы, 
электр  қуатын  өндiру,  т.б.  салалардағы  табыстар  туралы  материалдар  ең 
алдымен  ауызға  алынды.  Мәселеге  осындай  көзқараспен  келу  сансыз  жеңiс 


рапорттарын,  жаңа  “көтерiңкi  мiндеттемелер”  қабылдау  мен  кезектi  ұран 
көтеру  тасқынын  туындатты.  Қағаз  бетiндегi  ұраншыл  жарыс  етек  алды. 
Өнеркәсiптiк  құрылыс  саласында  республика  басшылығы  алып  аумаққа 
әуестенушiлiктi  кеңiнен  қолдап  отырды.  Мифологиялық  пайым  социалистiк 
мемлекеттiң зор қуатын бейнелейтiн жаңа рәсімдердің (символдардың) күннен-
күнге  көбейе  түсуiн  талап  еттi.  Жоғарыда  аталған  iрi  аймақтық-өндiрiстiк 
кешендер  дәл  осы  кезеңде  қалыптаса  бастады.  Жылдық,  тоқсандық,  айлық 
тапсырмаларға  түзетулер  енгiзу  бұрынғысынша  үйреншiктi  iс  күйiнде  қала 
бердi.  1981-1985  жылдарда  салалық  министрлiктер  мен  ведомстволардың 
жоспарлары 300 реттен астам түзетiлдi.    
Бұл  жылдары  жалпы  өнiм  көрсеткiшiн  қуалай  өсiру  ауыр  өнеркәсiпте 
негiзгi мақсатқа айналды. Күрделi құрылыста да солай болды, мұнда жұмысты 
атқарудың ұзақ мерзiмге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуiр бөлiгi 
iстен  шығып  қалып  жатты.  Бағасы  қымбат,  нақтылы  тиiмдiлiкке  арнасындағы 
өндіріс  объектiлер  салынды.  Еңбектi,  материал  мен  ақшаны  шамадан  артық 
берекетсіз  жұмсайтын  қызметкер  және  өндіріс  жетекшісі  мен  ұжымның  өнім 
көрсеткiшi  айрықша  бағаланды.  Республика  сапалы  өнім  өндіру  iлгерiлеу 
қарқынынан  айрыла  бастады,  шаруашылықтың  және  мәдениеттiң  барлық 
саласында  iркiлiс  көбейiп,  қиыншылықтар  үстi-үстiне  жинақталып,  шиеленiсе 
түстi,  шешiлуiн  күткен  мәселелер  көбейе  бастады.  Мысалы,  IX  бесжылдықта 
жоспарды  күрт  төмендетiп  отырса  да  өнеркәсiп  өнiмiнiң  көлемi  12,6  пайызға 
орындалмаған  болса,  оныншы  бесжылдық  -  25  пайызға,  ал  он  бiрiншi  –  3,6 
пайызға  төмен  болған.  Соның  салдарынан  ұлттық  табыстың  өсу  қарқыны 
баяулап,  80-шi  жылдардың  бас  кезiнде  ол  республиканы  экономикалық 
тоқырауға алып келдi.  
Дүниежүзiлiк экономикалық заңдылық бойынша өндiрушi тұтынушының 
“көңiлiн  тапқанда”  ғана  тұрғындардың  әлеуметтiк  жағдайы  сұранысы 
қанағаттандырылатын  еді.  Ал  осы  жылдары  шынтуайтта  тұтынушы 
өндiрушiнiң  ырқында  болып  шықты,  өндiрушi  не  берсе  тұтынушы  соны 
пайдалануға  мәжбүр  болды.  Мұның  бәрi  сол  баяғы  “жалпы  өнiмге”  бола 
жасалды.  Әлемнің  дамыған  басқа  елдерге  қарағанда  өнiмнiң  бiр  өлшемiне 
шикiзаттың, энергияны, басқа да қорларды едәуiр көп жұмсалды. Ал АҚШ пен 
Жапонияны  мемлекеттерінде,  өнiмнiң  бiр  өлшемiне  КСРО  экономикалық 
нәтижелерәне  қарағанда  шикiзат  пен  энергияны  30-40  пайыз  кем  жұмсайды 
екен.  Елiмiздiң  табиғи  кендері  мол  және  еңбек  қорларын  қалай  болса  солай 
пайдаланып,  оның  экономикасын  ондаған  жылдар  бойы  экстенсивтi  әдіспен 
дамыту  басым  болған  екен.  Мысалы,  Маңғыстауда  өндiретiн  мұнай  мен 
серiктес  газдың  тек  қана  8-10  пайызы  іске  асқан.  Бiрақ  осыған  қарамай,  өте 
қымбат,  шығыны  көп  Ақтау  қаласындағы  атом  реакторы  1973  жылы  iске 
қосылған. 
Елді  билеген  тұлғалардың  бiлiктілігі  мен  империялық  пайымның  без 
бүйректегi  салдарынан,  еселене  түскен  тек  Кремльден  жоспарлау  республика 
экономикасы дамуына елеулі кедергі болған. Бұл орайда Арал теңiзi атрабына 
өндiргiш  күштердi  орналастыруда  жiберiлген  стратегиялық  қателiктер,  жер 
және  су  қорын  есепсiз  пайдалану,  мақта  мен  күрiш  дақылдарын  өсiруге  дара 


үстемдiк  беру  салдарынан  теңiз  түбi  27  мың  шаршы  шақырымға  дейiнгi 
аумақта  құрғап,  жалаңаш  қалды.  Ал  бұл  болса  сол  маңайдағы  тұрғындардың 
денсаулығына әсер еттi. 
Адамзат  қоғамындағы  қандай  мемлекет  немесе  одақ-бірлестік  болмасын 
оның  өмірлік  тынысында  айрықша  рөл  атқаратын  азық  түлік  өндіруші  сала 
екендігі тарихи тәжірибеде әбден анықталған. Осы орайда өркениетінің барша 
кезеңдерінде тіршіліктің басты тірегі болған  қазақтар үшін мал шаруашылығы 
мен  жер  өңдеушілік  екені  айдан  анық.  Тәуелсіздік  алар  алдындағы  жылдарда 
ауыл  шаруашылық  саласы  КОКП  ОК  наурыз  (1965  ж.)  және  т.б.  жылдарда 
билік  орындарында  талқыланып  қабылданған  бағдарламасы  аясында  дамыды. 
Сол  бағдарлама  аясында  әлемдік  теория  мен  өмір  тәжірибесінен  алынған 
межелерге  қол  жеткізу  міндеті  қарастырылған  еді.  Олардың  ішінде:  ұлттық 
табысты  аграрлық  саланың  пайдасына  қарай  қайта  бөлу,  ауылдықтардың 
әлеуметтiк  өзекті  сұраныстарын  қанағаттандыру,  экономика  жүйесіне  оған 
табиғи тән шаруашылық есептi енгiзу, еңбек ұжымдары өнiмдерiн мемлекетке 
өткізу  бағасын  еңбек  шығыны  мен  тұрғын  сұраныстарын  қанағаттандыру 
жолдары  мен  амалдарын  табу.  Бұл  жағдайда  да  өндiрiс  қатынастары  және  
шаруашылықты  ұйымдастыру  мен  басқару  жүйесi  аса  елеулі  айтарлықтай 
тасбыстарға  қол  жеткізе  алмады.  Сонымен  қатар  тәуелсіздік  табалдырығында 
республиканың ауыл щаруашылығына көп мөлшерде қаражаттар бөлiндi.  
Ал  осындай  көлемдi  және  күрделi  шаралардың  нәтижесi  қандай  деген 
заңды сауалға келетiн болсақ, көптеген түсiнiксiз жәйттерге кезiгемiз. Бiрiншiсі, 
ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiру қарқыны мен өнім көлемі, сапасы жылдан 
жылға  құлдырай  берген.  Мысалы,  IX-шы  бесжылдықта  13  пайызға,  XI-шi 
бесжылдықта  -  0,4  пайызға  төмендеген.  Екiншiсі,  қазақ  халқының  ата-тегiнен 
келе  жатқан  мал  өсiру  кәсiбi  терең  дағдарысқа  ұшырады.  Осы  жылдары  4,2 
млн.  iрi  қара,  55  млн.  қой-ешкi  т.б.  өлiм-жiтiмге  ұшырап,  бұлардың  әр  жүз 
аналығына шаққанда алынған төл саны азайып кеттi. 
Бұл  халық  үшiн  аса  маңызды  сала  тиiмдiлiгi  төмендеуiнiң  негізгі  сыры 
шаруалардың  өз  еңбегiнiң  жемiсiн  көре  алмайтындығынан  болды.  Ауыл 
шаруашылығын басқарудың 20-30-шы жылдар арасында қалыптасып нығайған 
әкiмшiл-әмiршiл  жүйесi  құбыла,  түрлене  келiп,  ХХ  ғасырдың  аяғына  қарай  
солбір сарында жалғаса берді. Шаруалардың экономикалық мүдделерiне нұқсан 
келуімен қатар өнім көлемі де күрт құлдырап жатты. 
Ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу бағаларын көтеруге ұмтылыс та 
айтарлықтай  тиiмдiлiк  берген  жоқ,  өйткенi  өнеркәсiптiк  кәсiпорындардың  өз 
өнiмдерiне  өздерi  баға  белгiлеу  құқылығы  тыңайтқыштардың,  техниканың, 
құрама  жем  мен  басқа  өнiм  түрлерi  құнының  ретсіз  өсуiне  әкеп  тiредi.  Егер 
ауыл  шаруашылығы  өнiмдерiнiң  бағасы  2  есеге  артса,  оларға  арналған 
өнеркәсiптiк өнiмдерiнiң бағасы 2-5 есе көбейдi. 70-шi жылдары мұның үстiне 
өндiрiстiк  құрылыс  та  қымбаттай  түстi.  Ұжымшар  мен  кеңшарлар  “Ауыл 
шаруашылық  техника”,  “Ауыл  шаруашылық  химия”  тәрiздi  қызмет  көрсетушi 
мекемелер  тарапынан  да  “талауға”  түстi.  Ұжымшар  және  кеңшар  т.б 
ұжымдардың  өнiмдерiн  жоспарлы  түрде  сатып  алу,  интенсивтендіру 


жолындағы тосқауылға айналды. Шын мәнiнде, бұл түрлi әдiс-тәсiлдер арқылы 
сығып алынатын азық-түлiк салғырты едi.                  
Тәуелсіздік тұсқа дейін Республика одақ қорына жыл сайын бір килосы 2 
сомнан  аспайтын  300  мың  тонна  ет  жөнелтiп  отырды.  Мұнан  түскен  пайда  9 
миллиард сомға теңелсе, ет өндiруге кеткен шығын 18-27 миллиард сомға тең 
болды. Осының бәрiнiң  салдарынан 1986 жылы Қазақстандағы  ауылдағы өнім 
шығарушы  ұжымдар  көпшiлiгi  өздерiнiң  айналымға  қажет  қаржысынан 
толықтай айрылып, өндiрiстiк қызметiн несие есебiнен жүргiзе бастады.  
80-шi жылдары таңдаулы (болашағы мол) пәндер тереңдетiп оқытылатын 
мектептер  қатары  пайда  болған.  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясының 
қолдауымен  республикалық  тұңғыш  физика-математика  мектебi  ашылды. 
Билеушi орындардың 1986 жылғы қарашаның 10-ындағы “Жалпы бiлiм беретiн 
орта мектеп жұмысын одан әрi жақсарту шаралары туралы” қаулысы аясында 
республикада 
мектеп 
реформасы 
қолға 
алынған. 
Пәндердің 
оқу 
бағдарламаларына көптеген өзгерiстер енгiзiлiп, арнаулы кабинеттер ашылды. 
Бiрақ  әлемдік  ғылыми-техникалық  прогресс  қарқыны  мектептiң  үздiксiз 
дамуын  ұдайы  талап  етiп  отырды.  Бұл  міндетке  сай  өндiрiс  пен  ауыл 
шаруашылығына  т.б.  салаға  жаңа  маманданған  кадрлар  қажет  болды. 
Республика үкiметiнiң “Жалпыға бiрдей орта бiлiм беруге көшудi аяқтау және 
жалпы  бiлiм  беретiн  мектептi  одан  әрi  дамыту  туралы”,  “Кәсiптiк-техникалық 
бiлiм  беру  жүйесiн  одан  әрi  жетiлдiру  туралы”,  “Елдегi  жоғары  бiлiм  берудi 
одан  әрi  жетiлдiру  туралы”  ж.б.  билеуші  партия  мен  Үкімет  тарапынан 
қабылданған  маңызды  қаулылары  педагогикалық  ұжымдарын  жастарға  бiлiм 
беру iсiн жетiлдiрудiң жолдарын iздеуге душар еттi. 1972 жылы республикада 
жалпы  бiрдей  орта  бiлiм  беруге  көшудiң  соңғы  кезеңi  басталды.  Мектептерде 
оқушыларды еңбекке баулу және кәсіпті таңдау ісін тереңдете жүргiзу міндетін 
қойды. Орта мектептердiң барлығы дерлігі, сегiзжылдық мектептердiң жартысы 
оқытудың кабинеттiк жүйесiне көштi. 
Тәуелсіздік  алар  алдындағы  жылдарда  жоғары  бiлiм  беру  жүйесi  де 
бiршама  құнды  өзгерiстерге  бет  алды.  Жоғары  оқу  орындары  55  жетіп,  ал 
ондағы  студенттер  саны  273,3  мың  болды.  Орта  арнаулы  оқу  орындарының 
саны 246-ға жетiп, оларда 272,6 мың жастар бiлiм алды. Республика жоғары оқу 
орындарында көптеген бiлiктi мамандар, әлемге танымал ғалымдар еңбек еттi. 
Cтуденттер  арасында  ғылыми  iзденiстер  серпiндi  дамыды.  Бұл  кезеңде 
студенттiк  құрылыс  отрядтары  қозғалысы  кең  қанат  жайды.  Өндiрiстiк 
бағдарламаларды  орындаумен  қатар  студенттер  кәмелетке  толмағандар  iсi 
жөнiндегi  бақылау  орындарымен  бiрлесiп,  тәртiбi  тұрақсыз  жасөспiрiмдермен 
санатты жұмыс жүргiздi.  
Өнеркәсiптiң  жедел  қарқынмен  дамуы,  алуыл  шаруашылығында  бой 
көрсеткен  интенсивтендiру  бағыты  ғылымның  серпін  дамуына  негіз  болды. 
Осы  жылдары  Қазақстан  КСРО-ның  iрi  ғылыми  орталықтарының  бiрiне 
айналды.  1985  жылы  республикада  40377  ғылыми  қызметкер  жұмыс  iстедi. 
Олардың 864-i ғылым докторы, ал 650-i Ғылым Академиясының академиктерi, 
корреспондент-мүшелерi, профессорлар еді.  


Қазақтың  Мұхтар  Әуезов  атындағы  академиялық  драма  театры  iрi 
шығармашылық  табыстарға  жеттi.  “Қан  мен  тер”  драмасын  қойғаны  үшiн 
режиссер мен басты рөлдердi орындаушылар КСРО Мемлекеттiк сыйлығына ие 
болды.  М.Ю.Лермонтов  атындағы  республикалық  орыс  драма  театры,  ұйғыр 
музыкалық-драмалық  және  корей  драмалық  театрлары  өз  қойылымдарымен 
және жеке актерлер өнерiмен көрермендерді зор рухани қанағатқа бөледi. 
Осы  кезеңде  қазақ  циркi  алғашқы  шығармаларымен  көпшiлiкке  таныла 
бастады.  Сазгерлер  Е.Рахмадиев,  Ғ.Жұбанова,  Н.Тлендиев,  Ш.Қалдаяқов, 
Ә.Еспаев,  К.Күмiсбеков,  Е.Хасанғалиев,  Ә.Бейсеуов  т.б.  қазақ  музыкасын  тың 
шығармаларымен  байытты.  Бұл  жылдар  ұйғыр  сазгерi  Қ.Қожамияров  үшiн  де 
жемiстi  болды.  Әншiлер  Е.Серкебаев  пен  Б.Төлегенова  өнер  сүйер  қауымның 
ықыласына бөлендi. Осы кезеңде жас әншiлер Әлiбек Дiнiшев, Роза Рымбаева, 
Нағима  Есқалиеваның,  суретшiлер  Үкi  Әжиевтiң,  Сахи  Романовтың,  Ерболат 
Төлепбаевтiң өнерлерi өнерсүйгіштер ықыласына бөлендi. 
Қазақ  киносының  Ш.Айманов,  М.Бегалин,  С.Қожықов  сияқты  iрi 
майталмндарының  тікелей  қатысуымен  қойылған  “Атаманның  ақыры”, 
“Трансібір”  магистралы,  ”Қыз  Жiбек”,  ”Мәншүк  туралы  ән”  атты  тұлғалы 
көркем  фильмдері  және  қуыршақ  театры  көпшілік  таразысына  ұсынылды. 
Қазақ мультипликациясы да өзiнiң табыстарымен таныла бастады.   
Алматыда  Мемлекеттiк  өнер,  Қазақ  КСР,  қазақ  ұлт-аспаптары 
мұражайлары ашылды.  Алматы, Ақмола, Ақтау қалаларының орталықтарында 
тамаша сәулеткерлiк ансамбльдер бой көтердi. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет